Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 15.6. 32-б.
  • Есіңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Есіңде ме?
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапты ырымшылдықпен қолданудан сақ бол
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Оқырман сауалдары
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса пайғамбар — мағыналы өмірдің кілті
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Еш нәрсенің сені Ехобадан алыстатуына жол берме!
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 15.6. 32-б.

ЕСІҢДЕ МЕ?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандары саған ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:

Библиомансия деген не және мәсіхшілер оған қалай қарау керек?

Библиомансия деген — Киелі кітаптың кез келген бетін ашып, көзге түскен бірінші тармақтағы ой қажетті басшылық болып табылады дегенге сенуді білдіреді. Шынайы мәсіхшілер мұндай жолмен басшылық іздемейді. Қайта, олар тура білім мен басшылық алу үшін Киелі кітапты зерттейді (15.12. 3-бет).

Өтетін де кететін “осы дүние” деген нені білдіреді?

Бұл Құдайдың еркіне сай өмір сүрмейтін барлық адамдарды білдіреді (Жох. 1-х. 2:17). Жер мен әділ адамдар болса жойылмай, аман қалады (1.1. 5—7 беттер).

Қалайша Әбіл өлгенмен, әлі де сөйлеуде? (Евр. 11:4)

Әбіл сенімінің арқасында сөйлейді. Біз оның сеніміне еліктей аламыз. Ол бізге өшпес үлгі қалдырды (1.1. 12-бет).

Құдайдан алыстатып жіберуі мүмкін өмірдің қай салаларында аса мұқият болуымыз қажет?

Оларға жұмыс пен мансап, демалу не көңіл көтеру түрлері, қауымнан шығарылған отбасы мүшесімен қарым-қатынас, ақшаға деген бұрыс көзқарас, электронды құрылғыларды бұрыс қолданғанымыз және денсаулығымызды шектен тыс уайымдағанымыз жатады. Сондай-ақ өзімізді өзгелерден жоғары қойғанымыз не көп білеміз деп кеуде қаққанымыз бізді Құдайдан алыстатуы мүмкін (15.1. 12—21 беттер).

Мұсаның танытқан кішіпейілділігінен не нәрсеге үйрене аламыз?

Билікке ие болған кезде, Мұса менмен болып кеткен жоқ. Ол өзіне емес, Құдайға арқа сүйеді. Бізде қандай да бір биліктің, дәреженің не туа біткен қабілеттің болуы өркөкіректік танытуға түрткі болмауы керек. Қайта, біз Ехобаға арқа сүйеуіміз қажет (Нақ. с. 3:5, 6) (1.2. 5-бет).

Қайта тірілгендер қайда өмір сүреді?

144 000 адам ғана көкте өмір сүреді. Алайда қайта тірілгендердің басым бөлігі жерде мәңгі өмір сүретін болады (1.3. 6-бет).

Қай мағынада исраилдіктердің “жүректері сүндеттелмеген” еді? (Еремия 9:26)

Олардың жүректері қасарысқан әрі бүлікшіл еді, сондықтан олар Құдайға ұнамайтын ой-ниеттері мен іс-әрекеттерін “кесіп” тастаулары керек болатын (Ерм. 5:23, 24) (15.3. 9, 10-беттер).

Қалай Иса мағыналы өмір сүрудің үлгісін қалдырды?

Иса Құдайдың еркін орындауды мақсат еткен. Оның Әкесіне деген ыстық сүйіспеншілігі болған және ол адамдарды да жақсы көрген. Демек, Иса Әкесінің оны сүйетінін әрі мақұлдайтынын білген. Бұл — мағыналы өмірдің кілті (1.4. 4, 5-беттер).

Құдайдың ұйымының жердегі бөлігіне не кіреді?

Оған Басқарушы кеңес, филиал комитеттері, аралаушы бақылаушылар, ақсақалдар кеңестері, қауымдар және жеке жариялаушылар кіреді (15.4. 29-бет).

Неліктен Құдайдың үкімдері оны қатыгез етіп көрсетпейді?

Зұлым адамдардың өлімі Ехобаға рақат әкелмейді (Езек. 33:11). Құдайдың бұрынғы әрекеттерінен адамға үкім шығармас бұрын сүйіспеншілікпен ескертетінін білеміз. Бұл бізге Құдайдың болашақта жүзеге асыратын үкімдерінен аман қалуға үміт береді (1.5. 5, 6-беттер).

Исраилдіктер қылмыскерлерді жазалау үшін оларды бөренеге іліп қоятын болған ба?

Жоқ. Бірақ басқа халықтар осылай ететін болған. Ежелде исраилдіктер қылмыскерлерді алдымен тас лақтырып өлтіретін (Леу. 20:2, 27). Сосын кей жағдайларда мәйітті басқаларға ескерту болу үшін жұрттың көзінше бағанаға іліп қоятын (15.5. 13-бет).

Неліктен адамдар дүниежүзілік бейбітшілікке қол жеткізе алмай отыр?

Бүгінде адамдар көп нәрсеге қол жеткізгенімен, өз қадамдарына бағыт бере алмайды (Ерм. 10:23). Оның үстіне, Шайтан дүниеге билігін жүргізуде, сол себепті де адамзат бейбітшілік орната алмайды (Жох. 1-х. 5:19) (1.6. 16-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу