Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.10. 8—10 бет.
  • Жақында болатын кереметтер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақында болатын кереметтер
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ауру-сырқаудан айығатын күн бола ма?
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Исаның кереметтері не туралы айтады?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Иса жасаған кереметтердің қандай өнегелік мәні бар?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Исаның ғажайып кереметтер жасауы
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.10. 8—10 бет.

Жақында болатын кереметтер

МЫНАДАЙ жағдайды елестетіп көріңізші: сізге хирург күрделі ота жасауды жоспарлады делік. Бірақ сіз оның мұндай отаны ешқашан жасамағанын естисіз. Сонда не сезінер едіңіз? Мұндайда уайымдайтыныңыз анық. Ал оның сол саладағы ең тәжірибелі маман екенін және сізге жоспарлаған отаны жүздеген рет сәтті жасағанын білсеңіз ше? Мұндай жағдайда оның сізге көмектесе алатынына әлдеқайда сенімді болатыныңыз шүбәсіз.

Ехоба Құдай сол тәжірибелі хирург, ал осы дүние күрделі ота жасауды қажет ететін ауру адам сияқты. Құдай өзінің Сөзі Киелі кітапта жер бетін қайтадан жұмаққа айналдыратынын уәде етеді (Петірдің 2-хаты 3:13). Алайда осы уәделер орындалу үшін алдымен зұлымдық түп-тамырымен жойылу қажет (Забур 36:9—11; Нақыл сөздер 2:21, 22). Сондай-ақ жұмақ орнамас бұрын айналамыздағы барлық қайғы-қасірет мәңгіге ғайып болу керек. Осының бәрі нағыз кереметтің болуын қажет етеді емес пе?! (Аян 21:4, 5).

Ехоба куәгерлері осы ғаламат өзгерістердің жақында орын алатынына сенеді. Бұған қандай негіз бар? Ехоба Құдайдың бұрын жасаған кереметтері оның өз уәделерін орындауға құдіреті жететінін дәлелдейді. Киелі кітаптағы кереметтердің алтауын болашаққа қатысты уәделермен салыстырып көріңізші.

Ехоба Құдайдың Киелі кітаптағы болашаққа қатысты уәделері жайлы әрі қарай да біле беріңіз. Соларға деген сеніміңіз артқан сайын, бұл кереметтердің игілігін көруге деген үмітіңіз де нығая түседі.

[9, 10-беттердегі қоршау/суреттер]

КЕРЕМЕТ:

ИСА АЗҒАНА НАН ЖӘНЕ БАЛЫҚПЕН МЫҢДАҒАН АДАМДЫ ТАМАҚТАНДЫРҒАН (МАТАЙ 14:13—21; МАРҚА 8:1—9; ЖОХАН 6:1—14).

УӘДЕ:

“Сонда жердің топырағы бізге өнімін сыйлар,.. сиынған Құдайымыз бізді жарылқар” (ЗАБУР 66:7).

БІЗ ҮШІН МӘНІ:

ЖЕР БЕТІНДЕ ЕНДІ ЕШҚАШАН АШТЫҚ БОЛМАЙДЫ.

КЕРЕМЕТ:

ИСА ЗАҒИПТАРДЫ САУЫҚТЫРҒАН (МАТАЙ 9:27—31; МАРҚА 8:22—26).

УӘДЕ:

“Сонда соқырдың көзі ашылып, көре алады” (ИШАЯ 35:5).

БІЗ ҮШІН МӘНІ:

ЗАҒИПТАРДЫҢ БӘРІ КӨРЕТІН БОЛАДЫ.

КЕРЕМЕТ:

ИСА МҮГЕДЕКТЕРДІ САУЫҚТЫРҒАН (МАТАЙ 11:5, 6; ЖОХАН 5:3—9).

УӘДЕ:

“Ақсақ адам енді бұғыдай секіреді” (ИШАЯ 35:6).

БІЗ ҮШІН МӘНІ:

МҮГЕДЕК АДАМДАРДЫҢ БӘРІ САУЫҒАДЫ.

КЕРЕМЕТ:

ИСА ӘРТҮРЛІ НАУҚАСТАРДЫ САУЫҚТЫРҒАН (МАРҚА 1:32—34; ЛҰҚА 4:40).

УӘДЕ:

“Елімізде тұратын бірде-бір жан енді қайтып: “Әлсізбіз” деп түңілмейді” (ИШАЯ 33:24).

БІЗ ҮШІН МӘНІ:

ЖАҚЫНДА БАРЛЫҚ АУРУ ЖОЙЫЛАДЫ. АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ БОЛАДЫ.

КЕРЕМЕТ:

ИСА ТАБИҒАТ КҮШТЕРІНЕ ӘСЕР ЕТКЕН (МАТАЙ 8:23—27; ЛҰҚА 8:22—25).

УӘДЕ:

“Халқым үй салса, сонда өзі тұратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады. Олар бекерге еңбек етпейді” (ИШАЯ 65:21, 23).

“Сонда Менің халқым тыныш мекендерде тұрып, үйлері қауіпсіз әрі жанға жайлы болады” (ИШАЯ 32:18).

БІЗ ҮШІН МӘНІ:

ТАБИҒИ АПАТТАР ЕНДІ ҚАЙТЫП БОЛМАЙДЫ.

КЕРЕМЕТ:

ИСА ӨЛГЕНДЕРДІ ТІРІЛТКЕН (МАТАЙ 9:18—26; ЛҰҚА 7:11—17).

УӘДЕ:

“Қабірдегілердің бәрі... шығады” (ЖОХАН 5:28, 29).

“Теңіз өзіндегі өлілерді берді, өлім мен мола да өздеріндегі өлілерді берді” (АЯН 20:13).

БІЗ ҮШІН МӘНІ:

ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАҚЫНДАРЫМЫЗ ҚАЙТА ТІРІЛЕДІ.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу