Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.7. 3—6 бет.
  • Олар дайындық рухын танытты. Эквадор

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Олар дайындық рухын танытты. Эквадор
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕХОБАНЫ “СЫНАП КӨРГЕН” ЖАСТАР
  • БЕЙНЕТСІЗ ЗЕЙНЕТ ЖОҚ
  • КӨЛ-КӨСІР БАТАЛАР
  • АЛ СЕН ТУРАЛЫ НЕ ДЕУГЕ БОЛАДЫ?
  • Олар дайындық рухын танытты. Бразилия
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Македонияға бара аласыңдар ма?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Зор өсімге куә болу — неткен қуаныш!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Македонияға” көшіп бара аласың ба?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.7. 3—6 бет.

Олар дайындық рухын танытты. Эквадор

ЖАС бауырласымыз Бруноға маңызды шешім қабылдау қажет болды. Ол туған жері Италияда мектепті үздік бітіргендіктен, туыстары мен мұғалімдері оны университетке түсуге талпындырды. Алайда бірнеше жыл бұрын ол Ехобаға бағышталып, оның еркін өмірінде бірінші орынға қоюды уәде еткен болатын. Ол қандай шешім қабылдады? Бруно былай дейді: “Мен Ехобаға берген уәдемді орындап, оны өмірімде басты орынға қоятынымды айттым. Алайда қызметімнің бір сарынды емес, қайта, қызықты болғанын қалайтынымды да ашық білдірдім”.

Бірнеше жылдан кейін Бруно Оңтүстік Америкадағы Эквадор еліне көшіп барды. Ол былай дейді: “Ехобаның дұғама берген жауабы өзім ойлағаннан да асып түсті”. Эквадорға келгенде, Бруно бұл жерге Ехобаға көбірек қызмет ету үшін көшіп келген өзі сияқты көптеген жас бауырластарды кездестіргеніне таңғалды.

ЕХОБАНЫ “СЫНАП КӨРГЕН” ЖАСТАР

Ехоба өзіне жан-тәнімізбен қызмет етсек, батаға кенелетінімізге сендіріп былай дейді: “Менің не істейтінімді... сынап көріңдер! Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауым ағыл-тегіл болады” (Малх. 3:10). Бруно және дүниежүзіндегі мыңдаған жастар Ехобаның осы шақыруына құлақ асты. Құдайды жақсы көргендіктен олар Патшалықты жариялаушылар аса қажет елге көшіп, уақыттарын, күшін және қаржы-қаражатын аямастан жұмсап қызмет етуде.

Басқа елге көшіп барған жастар “жинайтын егін көп, бірақ жұмысшылар аз” екенін өз көздерімен көріп жатыр (Мат. 9:37). Мысалы, Германиядан келген Жаклин Эквадордағы филиалға былай деп хат жазды: “Эквадорда қызмет етіп жатқаныма екі-ақ жыл болса да, мен 13 адаммен зерттеу сабағын өткіземін, ал олардың төртеуі жүйелі түрде қауым кездесулеріне келеді. Бұл керемет емес пе?!” Канадалық Шантель былай дейді: “2008 жылы мен Эквадордың жағалауындағы аймаққа көшіп бардым. Ол жерде бір ғана қауым болатын, ал қазір болса үш қауым және 30-дан аса ізашар бар. Көп адамның рухани өсіп жатқанын көргеннен артық қуаныш жоқ!” Сөзін жалғап ол былай деді: “Жақында мен теңіз деңгейінен 2743 метр жоғары орналасқан Анд тауларындағы бір қалаға көшіп бардым. Бұл қалада 75 000-нан астам халық тұрады, бірақ бір ғана қауым бар. Бұл рухани мағынада өте құнарлы жер. Осы жерде мен қызметтен нағыз рақат табамын!”

БЕЙНЕТСІЗ ЗЕЙНЕТ ЖОҚ

Әрине, шет елде қызмет етудің қиын жақтары да бар. Кейбір жастар тіпті көшпей жатып-ақ кедергілермен кездесіп жатады. Құрама Штаттарда тұрған Кайла өз сезімдерімен былай деп бөлісті: “Өз қауымымдағы кейбір бауырластардың шетелге көшуге қатысты ойымды мақұл көрмегені ұнжырғамды түсірді. Олар мені игі ниетпен ізашар болып қызмет ету үшін шетелге көшудің қажеті жоқ дегенге сендіргісі келді. Сондықтан мен кейде: “Мен дұрыс істеп жатырмын ба өзі?”— деп ойлайтынмын”. Десе де Кайла көшуді шешті. Ол мұны былай деп түсіндіреді: “Қайта-қайта дұға етіп, рухани толысқан бауырластармен көп әңгімелескеннің арқасында мен дайындық рухын танытқан қызметшілерін Ехоба батасыз қалдырмайтынын түсіндім”.

Көбісі үшін жаңа тілді үйрену қиынға соғып жатады. Ирландиялық Шэйбон былай деп еске алады: “Ойымды жеткізе алмау мен үшін қиынның қиыны болатын. Маған шыдамды болуды, мұқият отырып тіл үйренуді және қателіктеріме күле қарауды үйрену керек болды”. Эстондық Анна болса былай дейді: “Тропикалық жердің ыстығы, шаң-тозаң және жуынатын ыстық судың болмауы испан тілін үйренумен салыстырғанда түк те емес еді. Кей кездері салым суға кететін. Маған қателіктеріме емес, жетістіктеріме баса назар аударуды үйрену қажет болды”.

Шетелге көшіп кеткендердің сезінетін сағыныштарын да айта кеткен жөн. Құрама Штаттардан келген Джонатан былай дейді: “Осында келгенде, отбасым мен достарым алыста екенін ойлап, көңілім түсті. Алайда көбірек жеке зерттеу жүргізіп, қызметке білек сыбана кіріскенім маған бұл сезімдермен күресуге көмектесті. Көп ұзамай қызметте қызықты жайттарды бастан кешіп, қауымнан жаңа достар тапқанның арқасында көңілім орнығып, қуаныш сезіне бастадым”.

Басқа елдің тұрмыс жағдайы бізге үйреншікті болмағандықтан, бұл да бір қиындық туғызуы мүмкін. Канадалық Боу былай деп әңгімелейді: “Өз еліңде жүргенде электр қуаты мен ағын су сияқты нәрселерді ойламайсың. Бірақ мұнда олар бірде бар, бірде жоқ”. Көптеген дамушы елдерде кедейшілік етек алған, көліктері ыңғайсыз және адамдардың көбісі сауатсыз. Австриядан келген Инесса қуанышын жоғалтпау үшін мұндағы адамдардың жақсы қасиеттеріне көбірек көңіл қоюға тырысады. “Олар сондай қонақжай, мейірімді, кішіпейіл әрі көмектесуге дайын”,— дейді ол. “Ал ең бастысы — олар Құдай жайлы білім алуға құштар”.

КӨЛ-КӨСІР БАТАЛАР

Эквадорда қызмет ететін осы жастардың бәрі қандай да бір құрбандықтарға барған, сөйтсе де Ехоба оларды өздері күткеннен “әлдеқайда көп нәрсемен” қамтамасыз етуде (Ефес. 3:20). Расында да, олар Құдайдан “ағыл-тегіл” бата алып жатыр (Малх. 3:10). Бұл туралы өздері не дейтінін көрейік.

Бруно: “Мен Эквадордағы қызметімді Амазон аймағынан бастадым. Кейін Эквадор филиалын кеңейту жұмыстарына қатыстым. Қазір мен Бетелде қызмет етемін. Италияда Ехобаны бірінші орынға қоюға шешім қабылдаған едім, ал қазір Ехоба өзіне қызмет етіп, қызықты да қанағаттандырарлық өмір сүруге қатысты қалауымды орындап жатыр”.

Боу: “Эквадорда бар уақытымды рухани істерге арнағандықтан, Ехобамен қарым-қатынасым нығайды. Оның үстіне, қызықты жерлерге саяхаттау арманым болатын, оған да жеттім”.

Анна: “Салтбасты қыз бауырлас бола тұра, миссионер сияқты қызмет ете алатыным бұрын ойыма да кіріп-шықпайтын. Бірақ қазір бұл мүмкін екенін көріп отырмын. Ехобаның батасының арқасында мен шәкірттер дайындап, Патшалық сарайларын соғуға қатысып, жаңа достар тауып жатырмын. Мен сондай бақыттымын!”

Элке: “Өз елім Австрияда Ехобадан бір зерттеу сабағым болса екен деп сұрайтынмын. Ал мұнда 15 зерттеу сабағым бар! Рухани алға басып жатқан шәкірттердің қуанышты жүздерін көру маған зор қанағат әкеледі”.

Джоил: “Ехобаға басқа жерде жүріп қызмет еткен керемет екен. Оған көбірек арқа сүйеуді үйренесің. Ал талпынысыңа батасын беріп жатқанын көргенге не жетсін! Мен Құрама Штаттардан келген жылы мұндағы жариялаушылардың саны 6-дан 21-ге дейін өсті. Ал Еске алу кешіне 110 адам келді”.

АЛ СЕН ТУРАЛЫ НЕ ДЕУГЕ БОЛАДЫ?

Жастар, сендер Патшалықты жариялаушыларға қажеттілік көп жерде қызмет ете аласыңдар ма? Әрине, мұндай маңызды шешім қабылдау үшін жақсы жоспар құру қажет. Ал ең бастысы, Ехоба мен адамдарға деген зор сүйіспеншілігің болу керек. Егер осындай сүйіспеншілігің және басқа жерге көшуге мүмкіндігің болса, бұл туралы Ехобаға жалбарына дұға ет. Сондай-ақ мәсіхші ата-анаңмен және қауым ақсақалдарымен сөйлес. Бәлкім, сен де осы бір қызықты да қанағаттандырарлық қызметтің түріне қатыса аламын деп шешерсің.

[3-беттегі сөздер]

“Қайта-қайта дұға етіп, рухани толысқан бауырластармен көп әңгімелескеннің арқасында мен дайындық рухын танытқан қызметшілерін Ехоба батасыз қалдырмайтынын түсіндім”. Кайла Құрама Штаттардан

[6-беттегі қоршау/сурет]

Басқа жерде қызмет етуге былай дайындалуға болады:

• Жеке зерттеу бойға сіңген әдетің болсын

• 2011 жылғы тамыз айының “Біздің патшалық қызметіміздің” 4—6 беттерін қарастыр

• Шетелде қызмет еткендермен әңгімелес

• Шетелдің мәдениеті мен тарихынан хабардар бол

• Тілді бастапқы деңгейде меңгер

[6-беттегі қоршау/сурет]

Шетелде қызмет ететіндердің кейбірі өздерін былай асырайды:

• Өз елінде жылына бірнеше ай жұмыс істейді

• Үйін, пәтерін не бизнесін жалға береді

• Интернет арқылы жұмыс істейді

[4, 5-беттердегі суреттер]

1 Жаклин Германиядан

2 Бруно Италиядан

3 Боу Канададан

4 Шэйбон Ирландиядан

5 Джоил Құрама Штаттардан

6 Джонатан Құрама Штаттардан

7 Анна Эстониядан

8 Элке Австриядан

9 Шантель Канададан

10 Инесса Австриядан

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу