Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.6. 19-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба “жуырда болатын жайттарды” ашады
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітапта алдын ала айтылған саяси толқулар
    Сан түрлі тақырыптар
  • Пайғамбарлықтарға ден қойыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Құдай Патшалығы билік етуде!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.6. 19-б.

Оқырман сауалдары

Англо-америкалық держава Киелі кітап пайғамбарлығындағы жетінші дүниежүзілік патшалыққа қашан айналды?

▪ Набуходоносор патша түсінде көрген дәу мүсін тарихтағы барлық державаларды бейнелемейді (Дан. 2:31—45). Ол Даниял пайғамбардың заманынан бері билік еткен әрі Құдай халқына айтарлықтай әсер еткен бес ірі мемлекетті бейнелейді.

Даниялдың дәу мүсінге берген сипаттамасынан көрінетіндей, Англо-америкалық держава Рим империясын басып алмайды, қайта, содан пайда болады. Даниял көрген мүсіннің екі балтыры темірден болатын. Аяғының қалған бөлігі мен башпайлары да темірден еді. (Аяғының қалған бөлігі мен башпайларында темір қышпен араласқан)a. Бұдан шығатын қорытынды — Англо-америкалық дүниежүзілік империя екі темір балтырдан шығады. Мұны тарихтың өзі де растайды. 1700-жылдардың соңында бір кездері Рим империясының құрамында болған Британия мемлекетінің беделі өсе бастады. Кейіннен Америка Құрама Штаттары басқа елдер санасатындай мемлекетке айналды. Алайда ол кезде Киелі кітапта алдын ала айтылған жетінші дүниежүзілік патшалық әлі құрылмаған болатын. Неге олай дейміз? Ол кезде Британия мен Құрама Штаттар айтарлықтай бір істі бірігіп атқарған жоқ. Олар Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде ғана қоян-қолтық әрекет етті.

Ол уақытқа таман “патшалықтың ұлдары” көбінесе Құрама Штаттарда белсенді болатын. Ал олардың дүниежүзілік бас басқармасы Бруклинде (Нью-Йорк) орналасты (Мат. 13:36—43). Майланғандар табы Британия империясының қол астындағы мемлекеттерде уағыз ісін белсенді атқарып жатты. Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Британия мен АҚШ әскери күштерін біріктіріп, ортақ саяси жауларына қарсы күресті. Сондай-ақ олар соғыстың арқасында туындаған ұлтшылдық сезімін өршітті және де Құдай “әйелінің” ұрпағына жататындармен жауласып, олардың әдебиеттеріне тыйым салды және уағыз ісінде басшылық еткендерін түрмеге жапты (Аян 12:17).

Киелі кітап пайғамбарлығының тұрғысынан қараса, жетінші дүниежүзілік патшалық 1700-жылдары Британияның беделі өсе бастағанда пайда болған жоқ. Жетінші дүниежүзілік патшалық Иеміздің күні басталғанда пайда болдыb.

[Сілтемелер]

a Темірмен араласқан қыш Англо-америкалық державаның ішіндегі адамдар мен ұйымдарды білдіреді. Бұл қыш Англо-америкалық державаның қалағанындай мықты болуына кедергі болып келді.

b Бұл “Даниялдың пайғамбарлығы” (ор.) кітабының 57-бетінің 24-абзацындағы және 56, 139-беттерде көрсетілген кестедегі мәліметтің жаңа түсіндірмесі.

[19-беттегі сурет]

Күзет мұнарасының бас басқармасындағы сегіз бауырлас 1918 жылдың маусымында түрмеге жабылды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу