Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.10. 5—7 бет.
  • Бірге қуанып шаттанайық!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бірге қуанып шаттанайық!
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бауырластармен бірге қуанайық
  • Сынақтарға кезігіп жүргендермен бірге қуанайық
  • Ехобаға қызмет етуде қуаныштарыңнан айырылмаңдар!
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бақытты Құдаймен бірге қуаныңдар
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.10. 5—7 бет.

Бірге қуанып шаттанайық!

БАҚЫТТЫ әрі қуанышты болу күннен-күнге қиындап барады. Көп адам өзгелерге жылы сөз айтып, жігерлендіруден қалғанға ұқсайды. Ал баз біреулері, әсіресе үлкен қалаларда тұратын адамдар, өзгелерден оқшауланып, өздерімен-өздері өмір сүреді.

“Бүгінде өздерін жалғыз сезінетін адамдар көбейіп барады,— дейді психобиология профессоры Алберто Олеварио.— Ал үлкен қалада тұратын адамдар болса бір-бірінен одан бетер оқшауланады. Сол себепті біз әріптесіміздің, көрші-қолаңның не жақын маңдағы дүкен сатушысының өмірімен еш жұмысымыз болмайды және оларға немкетті қараймыз”. Олай болса, адамдардың жиі жан күйзелісіне ұшырайтыны таңғалдырмайды.

Алайда Исаның ізбасарларының жағдайы мен танытып жүрген рухтары мүлдем басқа. Елші Пауыл: “Әрдайым қуаныңдар”,— деп жазған (Сал. 1-х. 5:16). Бізде бақытты болуға және басқалармен қуанышымызды бөлісуге себептер жетіп артылады: біз Әлемнің Әміршісі Ехоба Құдайға ғибадат етеміз, Киелі кітап шындығын терең түсінеміз, құтқарылуға және мәңгі өмір сүруге үмітіміз бар, әрі өзгелерге де осындай баталарға қол жеткізуге көмектесіп жүрміз (Заб. 105:4, 5; Ерм. 15:16; Рим. 12:12).

Қуану және өзгелерге қуаныш сыйлау — шынайы мәсіхшілерге тән нәрсе. Сондықтан елші Пауылдың філіпіліктерге “бәріңмен бірге қуанып шаттанамын. Сендер де менімен бірге қуанып шаттаныңдар” деген сөздері орынды-ақ (Філіп. 2:17, 18). Пауылдың осы бір-екі ауыз сөзінде “бірге қуанып шаттану” деген тіркес екі рет кездеседі.

Әрине, мәсіхшілер оқшауланудан сақ болу керек. Өзгелерден бөлектенетін бауырлас бір сенімдегілермен бірге қуана алмайды. Олай болса, қалай біз Пауылдың “Иемізге шаттанып қуана беріңдер” деген кеңесіне құлақ аса аламыз? (Філіп. 3:1).

Бауырластармен бірге қуанайық

Пауыл філіпіліктерге хат жазғанда, ізгі хабарды уағыздағаны үшін Рим қаласында түрмеде отырған болса керек (Філіп. 1:7; 4:22). Бірақ басына түскен жағдайы қызметке деген құлшынысын бәсеңдеткен жоқ. Қайта, ол Ехобаға қызметте қолынан келгеннің бәрін істеп, “құрбандықтың үстіне құйылатын тарту сияқты” болғанына қуанды (Філіп. 2:17). Пауылдың танытқан көзқарасынан адамның қуанышты болуы оның жағдайына байланысты емес екені көрінеді. Қамауда отырғанына қарамастан ол: “Бұдан былай да қуана беремін”,— деді (Філіп. 1:18).

Пауыл Філіпідегі қауымның іргетасын қалаған және сондағы бауырластарды ерекше жақсы көрген. Сондай-ақ ол Ехобаға қызмет етуден алған қуанышымен бөліскені бауырластарына пайдалы болатынын білген. Сондықтан Пауыл оларға былай деп жазды: “Бауырластар, басыма түскен жағдайдың ізгі хабарға бөгет жасамай, қайта, кең таралуына септігін тигізіп жатқанын білсеңдер екен деймін. Мұнда патшаның бүкіл күзетші жасағына және басқаларға да менің Мәсіхке қызмет еткенім үшін бұғауда отырғаным мәлім болды” (Філіп. 1:12, 13). Бауырластар өзімен бірге қуанып шаттану үшін Пауыл оларға осы жігерлендірерлік хабарды жазып жіберді. Філіпіліктер Пауылдан хат алғанда оның жағдайын уайымдап, мұңаймаулары, қайта, оған еліктеп, қуанулары қажет еді (Філіп. 1:14; 3:17). Сондай-ақ олардың Пауыл үшін дұға етіп, қолдарынан келгенше оған көмек көрсете берудің мүмкіндігі болды (Філіп. 1:19; 4:14—16).

Ал біз Пауыл сияқты қуаныш рухын танытып жүрміз бе? Жағдайымыздың не қызметіміздің жақсы жақтарын көруге тырысамыз ба? Бауырластармен араласқанда, қызмет жайлы сөйлесіп, бірге қуанғанға не жетсін! Бұл үшін қандай да бір ерекше оқиғаны күтудің қажеті жоқ. Бәлкім, айтқан ұсынысымыз не келтірген дәлелдеріміз тиімді болып, адамның Патшалық туралы хабарға деген қызығушылығын оятқан шығар. Үй иесімен жазба орны турасында мазмұнды әңгіме құрған болармыз. Я болмаса аумағымыздағы адамдар бізді Ехоба куәгері ретінде танып, бұл оларға жақсы куәлік болған шығар. Мұндай оқиғалармен өзара бөліскеніміз бірге қуануға септігін тигізеді.

Ехобаның көптеген қызметшілері уағыз ісі алға басу үшін құрбандықтарға барған және әлі де барып жүр. Ізашарлар, аралаушы бақылаушылар, бетелдіктер, миссионерлер және халықаралық қызметшілер толық уақытты қызметтерін жан-тәндерімен және қуанышпен атқаруда. Біз олармен бірге қуанып шаттанамыз ба? Олай болса, “Құдай патшалығы үшін” қызмет етіп жүрген сол қымбатты бауырластарымызды бағалайтынымызды көрсетейік (Қол. 4:11). Қауым кездесулерінде немесе конгрестерде бас қосқанда, оларды жылы лебіздерімізбен жігерлендірейік. Олардың жанып тұрған құлшыныстарына еліктейік. Сондай-ақ қызметте болған оқиғалары мен жігерлендірерлік әңгімелерін тыңдау үшін, бәлкім, дастарқан жайып қонақжайлылық танытудың мүмкіндігін іздерміз (Філіп. 4:10).

Сынақтарға кезігіп жүргендермен бірге қуанайық

Қуғын-сүргінге төзгені және сынақтарға төтеп бергені Пауылдың Ехобаға адал болып қалуға деген шешімін нығайта түсті (Қол. 1:24; Жақ. 1:2, 3). Філіпідегі бауырластары да осындай сынақтарға кезігуі мүмкін екенін Пауыл білген. Сондықтан ол өзінің табандылығы арқылы бауырластарын жігерлендіре алатынына қуанды. Ол былай деп жазды: “Сендерге Мәсіхке сену мәртебесі ғана емес, ол үшін азап шегу мәртебесі де берілген. Себебі бұрын менің күрескенімді көрдіңдер, әлі де күресіп жүргенім жайында естудесіңдер, әрі өздерің де мен сияқты күресіп жүрсіңдер” (Філіп. 1:29, 30).

Бүгінде де мәсіхшілер ізгі хабарды уағыздағандары үшін қуғындалуда. Кейде қатты қарсылықтарға кезігуіміз мүмкін, бірақ жиі олай бола бермейді. Мысалы, жолдан тайғандар біз туралы лақап сөз таратуы, туыстарымыз қысым жасауы, ал әріптестеріміз не сыныптастарымыз келеке-мазақ етуі мүмкін. Исаның айтуынша, мұндай сынақтар бізді таңғалдырмауы да, еңсемізді түсірмеуі де керек. Қайта, бұған кезіккенде қуанып шаттанғанымыз жөн. Ол былай деді: “Маған бола жұрт сендерді қорлап, қудалап не түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар. Қуанып, шаттаныңдар, өйткені көкте сендерді зор сый күтіп тұр. Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған” (Мат. 5:11, 12).

Белгілі бір елдерде тұратын бауырластарымыздың қатты қарсылық көріп жатқанын естігенде, үрейленбеуіміз керек. Қайта, олардың танытып жүрген табандылықтарына қуанғанымыз жөн. Сол бауырластарға әрі қарай да зор сенім мен табандылық танытуларына көмектесуін сұрап Ехобаға дұға етейік (Філіп. 1:3, 4). Басқа елде тұратын бауырластарға аз ғана көмегіміз тиер, алайда қауымымыздағы қиыншылық көріп жүрген бауырластарға іс-жүзінде жәрдемдесе аламыз. Олардың хал-жағдайын сұрап, қол ұшын берейік. Отбасылық ғибадатымызға, уағызға және бірге демалуға шақырайық. Бұлай еткеніміз бірге қуанып шаттануға мүмкіндік береді.

Иә, бізде бірге қуанып шаттануға себеп көп. Осы дүниенің оқшаулану рухына қарсы тұрып, бауырластарымызбен бірге қуануды доғармайық. Осылай ете жүріп, біз қауымда сүйіспеншілік пен бірліктің болуына септігімізді тигізіп қана қоймай, дүниежүзілік бауырластықтың рақатын толықтай көреміз (Філіп. 2:1, 2). “Әрдайым Иемізге қуаныңдар! Тағы да айтамын, қуаныңдар!”— деді Пауыл (Філіп. 4:4).

[6-беттегі түпдерек]

Globe: Courtesy of Replogle Globes

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу