Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.12. 11—15 бет.
  • Қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез”
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Ерекше ықыласқа ие болатын кез”
  • “Қандай мақсатпен көрсетілгенін елеусіз қалдырмаңдар”
  • “Рухтың әсерімен жалындай беріңдер!”
  • Құдайдың рақымы туралы ізгі хабарды жариялайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ізгі хабарды бар ынталарыңмен жариялаңдар
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Рухтарың жалындай берсін!”
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • “Рухтарың жалындай берсін!”
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.12. 11—15 бет.

Қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез”

“Міне, қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез. Міне, қазір құтқарылатын күн” (ҚОР. 2-Х. 6:2 ЖД).

1. Неге еншіміздегі уақытта қай істің ең маңызды екенін анықтай білуіміз қажет?

“БӘРІНІҢ өз уақыты бар және қай оқиғаның да аспан астындағы өзіндік мезгілі болады” (Екк. 3:1). Сүлеймен кез келген қажетті істің — мысалы, егін шаруашылығымен айналысудың, жол жүрудің, сауда-саттық жасаудың немесе адамдармен араласудың — ең қолайлы уақытын анықтай білудің маңыздылығы туралы жазған болатын. Алайда еншіміздегі уақытта қай істің ең маңызды екенін де анықтай білуіміз қажет. Басқа сөзбен айтқанда, басты орынға дұрыс нәрселерді қоюымыз керек.

2. Иса өзінің қай уақытта өмір сүріп жатқанын жете түсінгенін қайдан білеміз?

2 Жерде болған кезінде Иса қай уақытта өмір сүріп жатқанын және не істеу керектігін жете түсінген. Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтардың орындалуының көптен бері күткен уақыты таяп қалғанын білген ол өмірінде ненің басты орында тұрғанын есте ұстаған (Пет. 1-х. 1:11; Аян 19:10). Ол адамдарға өзінің уәде етілген Мәсіх екенін анық көрсетіп, Патшалық туралы түбегейлі куәлік беруі және болашақта өзімен бірге билік ететіндерді жинауы керек еді. Сондай-ақ уағыздау мен шәкірт дайындау ісін жердің шетіне дейін жеткізетін мәсіхшілер қауымының негізін қалауы қажет еді (Мар. 1:15).

3. Исаның уақыт күттірмейтінін түсінгені іс-әрекеттеріне қалай әсер етті?

3 Уақыт күттірмейтінін түсінгендіктен, Иса Әкесінің еркін құлшыныспен орындады. Ол шәкірттеріне: “Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер!”— деді (Лұқа 10:2; Малх. 4:5, 6). Иса шәкірттерінің арасынан алдымен 12-сін содан кейін 70-ін таңдап алып, оларға нақты нұсқаулар берді де, “Құдай Патшалығының жер бетінде орнайтын кезі таяп қалды!” деген жан тебірентерлік хабарды жариялауға жіберді. Ал Исаның өзі туралы былай деп оқимыз: “Он екі шәкіртіне нұсқау беріп болғаннан кейін, Иса сол жерден кетіп, тәлім беріп, уағыздау үшін Ғалилея қалаларын аралады” (Мат. 10:5—7; 11:1; Лұқа 10:1).

4. Пауыл қай жағынан Мәсіхтен үлгі алды?

4 Иса барлық ізбасарлары үшін құлшыныс пен берілгендік танытудың кемелді үлгісі болып табылады. Пауыл бауырластарын: “Менің Мәсіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар!”— деп шақырғанда, осы ойға меңзеді (Қор. 1-х. 11:1). Пауыл қай жағынан Мәсіхтен үлгі алды? Ең алдымен, ол ізгі хабарды уағыздауға бар күшін салды. Қауымдарға жазған хаттарынан Пауылдың “жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін”, “Ехобаға құл іспетті қызмет етіңдер” (ЖД), “Иеміздің ісін әрдайым молынан істейтін болыңдар” және “Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар” деген сөздерін көруге болады (Рим. 12:11; Қор. 1-х. 15:58; Қол. 3:23). Пауыл Дамаскіге барар жолда Иеміз Иса Мәсіхпен қалай кездескенін және шәкірт Ананиден естіген Исаның: “Ол — Менің атымды басқа ұлттарға, патшаларға және Исраил халқына жариялау үшін таңдап алған қызметшім”,— деген сөздерін ешқашан ұмытқан емес (Ел. іс. 9:15; Рим. 1:1, 5; Ғал. 1:16).

“Ерекше ықыласқа ие болатын кез”

5. Пауылды қызметте құлшыныс танытуға не талпындырды?

5 Елшілердің істері кітабын оқу барысында Пауылдың қызметте танытқан батылдығы мен құлшынысын байқамай кету мүмкін емес (Ел. іс. 13:9, 10; 17:16, 17; 18:5). Пауыл маңызды кезеңде өмір сүріп жатқанын түсінген. Ол: “Міне, қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез. Міне, қазір құтқарылатын күн”,— деп жазды (Қор. 2-х. 6:2 ЖД). Б. з.б. 537 жылы Бабылдағы тұтқындар үшін Құдайдың ықыласына ие болатын кез келді де, олар өз елдеріне қайтты (Ишая 49:8, 9). Сонда Пауыл не нәрсеге нұсқаған болатын? Оның не айтпақ болғанын мәнмәтіннен көре аламыз.

6, 7. Қазіргі кездегі майланған мәсіхшілерге қандай зор мәртебе берілді және олармен бірге кім еңбек етуде?

6 Осы сөздердің алдында Пауыл өзіне және өзге де майланған мәсіхшілерге зор мәртебе берілгені жайында айтқан болатын (Қорынттықтарға 2-хат 5:18—20 оқы). Пауылдың түсіндіруінше, Құдай оларды ерекше мақсат үшін, атап айтқанда, “татуластыру қызметін” атқарулары, яғни адамдардан “Құдаймен татуласыңдар!” деп өтінулері үшін шақырды. Бұл Құдаймен достық қарым-қатынасты қайта орнатуды немесе татуласуды білдірді.

7 Едем бағында көтерілген бүліктен кейін адамдардың барлығы Ехобадан алыстады (Рим. 3:10, 23). Мұның нәтижесінде адамдардың бәрі рухани түнекке түсіп, қайғы-қасірет пен өлімге душар болды. Пауыл былай деп жазды: “Қазірге дейін бүкіл жаратылыстың толғақ азабы секілді бейнет шегіп, ыңқылдай күрсініп жатқанын білеміз” (Рим. 8:22). Алайда Құдай адамдарды өзіне қайта оралып, татуласуға талпындыру үшін, былайша айтқанда “өтіну” үшін, қажетті қадамдар жасады. Бұл қадамдар Пауыл мен сол кездегі басқа да майланған мәсіхшілерге тапсырылған қызмет еді. Осы “ықыласқа ие болатын кез” Исаға сенім білдіргендер үшін “құтқарылатын күн” болды. Қазір де майланған мәсіхшілердің барлығы және олардың серіктестері, “басқа қойлар”, адамдарды “ықыласқа ие болатын кездің” игілігін көруге шақыруда (Жох. 10:16).

8. Татуласуға шақыруды ерекше ететін не?

8 Татуласуға шақыруды ерекше ететін жайт — Құдаймен қарым-қатынастың бұзылғанына адамдар өздері кінәлі болса да, Құдайдың бірінші болып өз тарапынан қадам жасағаны (Жох. 1-х. 4:10, 19). Ол не істеді? Бұл сұрақтың жауабын Пауылдың келесі сөздерінен көреміз: “Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды” (Қор. 2-х. 5:19; Ишая 55:6).

9. Пауыл Құдайдың рақымына деген ризашылығын қалай көрсетті?

9 Ехоба төлем құрбандығын беріп, соған сенім артатын адамдардың күнәларын кешірді, осылайша оларға өзімен қайта қарым-қатынас дамытуға немесе татуласуға жол ашты. Бұған қоса ол өкілдерін жіберіп, оларға барлық адамды мүмкіндік барда Құдаймен татуласуға шақыруды тапсырды (Тімотеге 1-хат 2:3—6 оқы). Құдайдың еркін және қандай уақытта өмір сүріп жатқанын түсінген Пауыл өзін “татуластыру қызметіне” арнап, тынбай еңбектенді. Ехобаның еркі әлі де өзгерген жоқ. Өзімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін, ол бізге дос білегін ұсынуда. Демек, Пауылдың “қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез” және “қазір құтқарылатын күн” деген сөздері бүгінгі күнге де қатысты. Ехоба қандай рақымды әрі жанашыр Құдай десеңші! (Мыс. ш. 34:6, 7).

“Қандай мақсатпен көрсетілгенін елеусіз қалдырмаңдар”

10. І ғасырдағы және қазіргі кездегі майланған мәсіхшілер үшін “құтқарылу күні” нені білдіреді?

10 Құдай рақымының игілігін ең алдымен “Мәсіхпен тығыз байланыстағылар” көрді (Қор. 2-х. 5:17, 18). Олар үшін “құтқарылатын күн” б. з. 33 жылы Алғашқы өнім мейрамында басталды. Сол кезден бастап оларға “татуласу туралы Ізгі хабарды” жариялау тапсырылды. Майланған мәсіхшілер тамтығы “татуластыру қызметін” әлі де атқаруда. Олар елші Жохан көрген пайғамбарлық аяндағы төрт періште “дүниенің төрт бұрышында тұрып, жер бетіне, ешқандай жел соға алмастай етіп жердің төрт желін ұстап” тұрғанын түсінеді. Демек, бүгін әлі де “құтқарылатын күн” және “ерекше ықыласқа ие болатын кез” (Аян 7:1—3). Сол себептен ХХ ғасыр басталғаннан бері майланған тамтық “татуластыру қызметінде” құлшыныс танытып, жердің шетіне дейін куәлік етуде.

11, 12. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген майланған мәсіхшілер ерекше уақытта өмір сүріп жатқандарын түсінгенін қалай көрсетті? (15-беттегі суретті қара).

11 Мысалы, “Ехоба куәгерлері Құдай Патшалығын жариялайды” кітабында жазылғандай, ХІХ ғасырдың соңына таман “Ч. Т. Расселл мен оның әріптестері орақ кезінде өмір сүріп жатқандарына және адамдарға азат ететін шындықты айту керектігіне кәміл сенген”. Сонда олар не істеді? Өздерінің орақ кезінде немесе “ерекше ықыласқа ие болатын кезде” өмір сүріп жатқанын түсінген бұл бауырластар адамдарды жай ғана діни жиналысқа шақыруды жеткіліксіз деп санады. Мәсіхшілер әлемінің дінбасылары болса ұзақ уақыт бойы осылай ғана істеп келді. Ал майланған мәсіхшілер ізгі хабарды таратудың басқа тиімді жолдарын іздестірді. Бұл іс алға басу үшін олар түрлі тәсілдермен қоса, техника саласындағы соңғы жетістіктерді даналықпен қолданды.

12 Құлшынысты жариялаушылардың бұл шағын тобы Патшалық туралы ізгі хабарды тарату үшін трактаттар, кітапшалар, журналдар мен кітаптар қолданды. Сондай-ақ мыңдаған газет беттерінде баяндамалар мен мақалалар жарық көрді. Олардың жазбаларға негізделген бағдарламаларын адамдар ұлттық және халықаралық әуе толқындарынан тыңдады. Кино өндірісі дыбысы бар фильмдерді әлі шығармай тұрғанда, бауырластар дыбыспен көркемделген жылжымалы бейнелерді қолданды. Мұндай жалындаған құлшыныс қандай нәтиже әкелді? Бүгінде шамамен жеті миллион адам “Құдаймен татуласыңдар!” деген шақыруды қабыл алып, оны жариялауда. Шынында да, Ехобаның сол кездегі қызметшілері саны мен тәжірибелерінің аз болғанына қарамастан, құлшыныстың керемет үлгісін көрсетті.

13. Біз Құдайдың қандай мақсатын елеусіз қалдырмауымыз керек?

13 Пауылдың “қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез” деген сөздері әлі де өз күшінде. Біз Ехобаның рақымының арқасында татуласу туралы хабарды естігенімізге және оны қабыл алғанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Бірақ мұны қанағат тұтып қоймай, Пауылдың: “Құдайдың рақымын қабылдағанда, оның қандай мақсатпен көрсетілгенін елеусіз қалдырмаңдар”,— деген сөздеріне құлақ асамыз (Қор. 2-х. 6:1 ЖД). Құдай рақымының мақсаты — “адамзатты Мәсіхтің арқасында өзімен татуластыру” (Қор. 2-х. 5:19).

14. Көптеген елдерде қандай өзгерістер болып жатыр?

14 Шайтан адамдардың басым көпшілігінің санасын соқыр қылғандықтан, олар Құдайдан алыстап, оның рақымының мақсатын білмейді (Қор. 2-х. 4:3, 4; Жох. 1-х. 5:19). Дүниедегі жағдайдың нашарлап бара жатқанын көрген көп адамға қайғы-қасіреттің түпкі себебі адамзаттың Құдайдан ажырағанында екенін түсіндіргенде, олар ізгі хабарды қабылдады. Тіпті уағыз ісіне немкетті қараған елдердегі адамдардың өздері ізгі хабарды қабылдап, Құдаймен татуласу үшін әрекеттер жасауда. Олай болса, қазір “Құдаймен татуласыңдар!” деген шақыруды әлдеқайда зор құлшыныспен жариялайтын уақыт емес пе?

15. Біз адамдарға құлақтарына жағымды естілетінді емес, қандай хабарды айтуымыз керек?

15 Біздің тапсырмамыз — адамдар Құдайға бет бұрса, проблемалары шешіліп, өмірлері жақсаратынын айту ғана емес. Көп адам осыны есту үшін шіркеуге барады. Ал дінбасылары олардың құлақтарына жағатын нәрсені айтады (Тім. 2-х. 4:3, 4). Біздің мақсатымыз — Ехоба сүйіспеншілік танытып, Мәсіх арқылы біздің қателіктерімізді кешіруге дайын екені туралы уағыздау. Осылайша кез келген адам Құдайға жақындап, онымен татуласа алады (Рим. 5:10; 8:32). Ал “ерекше ықыласқа ие болатын кез” жылдам қарқынмен өз мәресіне жақындауда.

“Рухтың әсерімен жалындай беріңдер!”

16. Пауылға батыл әрі құлшынысты болуға не көмектесті?

16 Олай болса, шынайы ғибадатқа деген құлшынысты бойымызда дамытып, қалай сақтай аламыз? Кейбіреулер табиғатынан ұялшақ не тұйық болғандықтан, өз ойларын ашық білдіре алмайтын шығар. Алайда құлшынысты болу эмоцияларды сыртқа шығаруды не шабыттануды ғана білдірмейді, сондай-ақ ол адамның мінезіне де байланысты емес. Пауылдың: “Рухтың әсерімен жалындай беріңдер”,— деп бауырластарына айтқан сөздерінен құлшынысты бойымызда қалай дамытып, сақтай алатынымызды көруге болады (Рим. 12:11 ЖД). Пауыл Ехобаның рухының арқасында уағыз ісінде батыл әрі төзімді болған. Иса оны өзінің шәкірті болуға шақырғаннан бастап, Римде өлім жазасына кесілгенге дейін, 30 жылдан астам уақыт бойы, Пауылдың құлшынысы еш бәсеңдемеді. Ол әрқашан Құдайдан киелі рухымен нығайтуын сұраған. Пауыл былай деді: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын” (Філіп. 4:13 ЖД). Иә, Пауылдың үлгісіне еліктесек, зор пайдасын көреміз!

17. “Рухтың әсерімен жалындай беруіміз” үшін не істеуіміз керек?

17 “Жалындау” деп аударылған сөздің тура мағынасы “қайнау” дегенді білдіреді (“Патшалықтың жолма-жол аудармасы”). Шәугімдегі су қайнап тұру үшін астынан үздіксіз от жағу керек. Сол сияқты “рухтың әсерімен жалындай беруіміз” үшін, үнемі киелі рухтың өзімізге ықпал етуіне жол беруіміз қажет. Бұған қол жеткізудің жолы — бізді рухани нығайту үшін Ехобаның жасаған барлық шараларын қолдану. Бұл отбасымен және қауыммен ғибадат етуді, яғни үзбей жеке зерттеу жүргізу, отбасымен зерттеу өткізу, дұға ету әрі қауым кездесулерінде бауырластармен араласуды білдіреді. Осылайша рухани жағынан “қайнауға” көмектесетін “отқа” ие болып, рухымыз жалындай береді (Елшілердің істері 4:20; 18:25 оқы).

18. Бағышталған мәсіхшілер ретінде біздің мақсатымыз қандай?

18 Өзін бір нәрсеге бағыштаған адам қандай да бір мақсатты көздеп, оған жету үшін ештеңенің кедергі жасауына не құлшынысының бәсеңдеуіне жол бермейді. Бағышталған мәсіхшілер ретіндегі мақсатымыз — Құдайдың бізден талап еткеннің бәрін Иса сияқты орындау (Евр. 10:7). Бүгінгі күні Ехоба мүмкіндігінше көп адамның өзімен татуласқанын қалайды. Сондықтан Иса мен Пауылға еліктей отырып, осы бір маңызды әрі шұғыл тапсырманы жалындаған құлшыныспен атқарайық.

Естеріңде ме?

• Пауыл мен өзге майланған мәсіхшілерге қандай іс тапсырылған болатын?

• Майланған тамтық “ерекше ықыласқа ие болатын кезді” қалай тиімді пайдаланды?

• Мәсіхшілер қалай “рухтың әсерімен жалындай” алады?

[12-беттегі сурет]

Пауыл Иеміз Иса Мәсіхпен қалай кездескенін ешқашан ұмытқан емес

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу