Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.2. 24—28 бет.
  • Ең жақсы өмір жолын таңдаңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ең жақсы өмір жолын таңдаңдар!
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге шомылдыру рәсімінен өту керек?
  • Керемет бауырластық
  • Құдайдың панасында болу
  • Рухани жұмақты бағалаңдар
  • Исадан үйрене берейік
  • Ең жақсы өмір жолынан таймаңдар
  • Шомылдыру рәсімінен өтуге дайынсыз ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Құдайға мәңгілік қызмет етуді мақсат ет
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Шомылдыру рәсімі және сенің Құдаймен қарым-қатынасың
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Шомылдыру рәсімінен өтушілерге қойылатын талаптарға сай келу
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.2. 24—28 бет.

Ең жақсы өмір жолын таңдаңдар!

“Өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз” (РИМ. 14:8).

1. Ең жақсы өмір жолына қатысты Иса қандай басшылық берді?

ЕХОБА біздің ең жақсы өмір жолымен жүргенімізді қалайды. Адамдар әртүрлі жол таңдауы мүмкін, бірақ ең жақсы жол біреу-ақ. Ол — Құдайдың сөзіне сай өмір сүріп, оның ұлы Иса Мәсіхтен үйрену. Иса ізбасарларына Құдайдың рухына кенеліп, шындықпен сиынуды үйреткен және шәкірт дайындау ісін тапсырған (Мат. 28:19, 20; Жох. 4:24). Исаның басшылығымен өмір сүрсек, Ехобаға ұнамды болып, баталарына кенелеміз.

2. І ғасырда көп адам ізгі хабарды қалай қабылдады және “Иеміздің жолына” түсу деген нені білдірді?

2 Кішіпейіл адамдар шындықты қабылдап, шомылдыру рәсімінен өткенде, “ең жақсы өмір жолына қош келдіңдер” деп айтуға бізде барлық негіз бар. Біздің заманымыздың І ғасырында әртүрлі ұлттан шыққан мыңдаған адам шындықты қабылдап, өмірлерін Құдайға бағыштағандарының белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтті (Ел. іс. 13:48; 2:41). Бұл адамдар “Иеміздің жолына” түсті (Ел. іс. 9:2; 19:23). Олардың өмір жолынан Иеміз Иса Мәсіхке сеніп, оның үлгісіне еліктейтіндері көрініп тұрды (Пет. 1-х. 2:21).

3. Құдай халқы неге шомылдыру рәсімінен өтеді және соңғы он жылда қанша адам осындай қадам жасады?

3 Осы соңғы күндері ерекше қарқын алған шәкірт дайындау ісі 230-дан аса елде жүргізілуде. Соңғы он жыл ішінде 2 700 000-нан астам адам, яғни аптасына шамамен 5 000 адам, Ехобаға қызмет етуді шешіп, өмірін оған бағыштағандарының белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтті! Әркім Құдайды сүйгендіктен және Жазбаларды түсініп, одан үйренгендеріне сенгендіктен шомылдыру рәсімінен өтуді шешеді. Бұл аса маңызды қадам, өйткені Ехобамен тығыз қарым-қатынасымыз осыдан басталады. Сондай-ақ бұл қадам Ехоба ертедегі қызметшілеріне көмектескеніндей, бізге де адал қызмет етуге көмектесетініне сенетінімізді көрсетеді (Ишая 30:21).

Неге шомылдыру рәсімінен өту керек?

4, 5. Шомылдыру рәсімінен өтудің кейбір баталары қандай?

4 Бәлкім сен Құдай туралы білім алып, өміріңде өзгерістер жасап, шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болған шығарсың. Олай болса, біз сені мақтағымыз келеді. Алайда дұғада өзіңді Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтуге дайындалып жүрсің бе? Дүние қуып, өз жағдайыңды жасау үшін емес, Ехобаны даңқтау үшін өмір сүруің керектігін Киелі кітапты зерттеу барысында білген боларсың (Забур 148:11—13; Лұқа 12:15 оқы). Ал шомылдыру рәсімінен өту қандай баталар әкеледі?

5 Құдайға бағышталсаң, өмірің әлдеқайда мағыналы болады. Ехобаның еркін орындаудан бақытқа кенелесің (Рим. 12:1, 2). Киелі рухтың арқасында тыныштық пен сенім сияқты Құдайға ұнамды қасиеттер дамытасың (Ғал. 5:22, 23). Құдай дұғаларыңа жауап беріп, Жазбалардағы принциптерге сай өмір сүруіңе көмектеседі. Қызметтен қуаныш аласың, ал Құдайға ұнамды өмір сүргендіктен мәңгі өмірге деген үмітің нығаяды. Сонымен қатар бағышталғаның және шомылдыру рәсімінен өткенің Ехобаның куәгері болуды шынымен қалайтыныңды көрсетеді (Ишая 43:10—12).

6. Шомылдыру рәсімінен өту ненің белгісі болып табылады?

6 Өзімізді Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өту арқылы Ехобаның меншігі екенімізді паш етеміз. “Ешқайсымыз тек өзіміз үшін ғана өмір сүрмейміз де, өлмейміз де,— деді Пауыл,— себебі өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз” (Рим. 14:7, 8). Ерік бостандығын беруімен Құдай бізге құрмет көрсетті. Ал сүйіспеншілігіміз бізді оған ұнамды өмір сүруге талпындырса, Құдайдың жүрегін қуантамыз (Нақ. с. 27:11). Шомылдыру рәсімінен өту Құдайға бағышталғанымыздың және оған бой ұсынатынымыздың белгісі болып табылады. Сондай-ақ бүкіләлемдік билікке қатысты даулы мәселеде Ехобаның жағында екенімізді көрсетеміз (Ел. іс. 5:29, 32). Сонда ол да біздің жағымызда болады (Забур 117:6 оқы). Шомылдыру рәсімінен өту қазір де, болашақта да мол рухани баталар әкеледі.

Керемет бауырластық

7—9. а) Барлығын тастап, өзінің соңынан еріп жүргендерге Иса қандай уәде берді? ә) Исаның Марқа 10:29, 30-да жазылған уәдесі қалай орындалып жатыр?

7 Алғашқы шәкірттер өздерін Патшалық ісіне толықтай арнап, көп құрбандықтарға барған еді (Мат. 4:18—22). Елші Петір Исадан: “Міне, біз барлығын тастап, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз. Сол үшін бізді не күтіп тұр?”— деп сұрады (Мат. 19:27). Сонда Иса не деп жауап берді екен?

8 Марқа жазған ізгі хабарға сәйкес, Иса олардың рухани бауырластықтың мүшелері болатынына меңзеді. Ол былай деді: “Маған және Ізгі хабарға бола үй-жайын, туған бауырларын, әке-шешесін, әйелін, бала-шағасын не жер-суын тастап шыққан әркімге сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас, әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады” (Мар. 10:29, 30). І ғасырда бауырластарына “үй-жай” ұсынған және “аға-іні, апа-қарындас, әке-шеше” бола білген мәсіхшілердің қатарында Лүдия, Ақила мен Прискила және Гай бар еді (Ел. іс. 16:14, 15; 18:2—4; Жох. 3-х. 1, 5—8).

9 Исаның сөздері бүгінде әлдеқайда кең көлемде орындалуда. Оның ізбасарлары, мысалы арнайы ізашарлар, бетелдіктер, халықаралық бағдарлама қызметшілері дүниежүзі бойынша Патшалық ісін атқару үшін ‘жер-суларын’ қалдырған. Тағы басқа бауырластар өмірлерін қарапайым ету үшін үйлерін қалдырған. Біз Ехобаның оларға қамқорлық көрсеткені және қызметтен қуаныш алып жатқандары туралы естіп, шаттыққа бөленеміз (Ел. іс. 20:35). Шомылдыру рәсімінен өткен қызметшілердің барлығы дүниежүзілік бауырластықтың мүшесі ретінде Патшалықты өмірлерінде басты орынға қойып, зор батаға кенеле алады (Мат. 6:33).

Құдайдың панасында болу

10, 11. Құдайдың панасы дегеніміз не және онда тұру үшін не қажет?

10 Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өткендер тағы бір керемет батаға кенеледі. Олар Құдайдың панасында тұрады (Забур 90:1 оқы). Бұл — рухани қауіпсіздікті білдіретін бейнелі орын. Құдайға сенім артпайтындар бұл орынды білмейді. Бағышталуымызға сай өмір сүру және Ехобаға толық сенім арту арқылы біз оған, былайша айтқанда, “Бас сауғалайтын панам мен қорғаным, Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!” дейміз (Заб. 90:2). Сонда Ехоба бізге пана болады (Заб. 90:9). Бұдан артық қорғаныш болуы мүмкін бе?

11 Ехобаның панасында тұру онымен ерекше тығыз қарым-қатынас дамытуды да білдіреді. Бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту Құдайдың панасында тұруға жол ашады. Ал Киелі кітапты зерттеу, шын жүректен дұға ету және толық мойынсұну арқылы осы қарым-қатынасымызды нығайтамыз (Жақ. 4:8). Иса Ехобаға өте жақын болған әрі оған әрқашан сенім артқан (Жох. 8:29). Ендеше біз де Ехобаның бағышталуымызға сай өмір сүруімізге көмектесуді қалайтынына және көмектесе алатынына еш күмәнданбайық (Екк. 5:4). Алып жатқан рухани игіліктеріміз Құдайдың бізді сүйетінін және оған адал қызмет еткенімізді қалайтынын көрсетеді.

Рухани жұмақты бағалаңдар

12, 13. а) Рухани жұмақ дегеніміз не? ә) Жаңа келгендерге қалай көмектесе аламыз?

12 Өзімізді Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өту керемет рухани жұмаққа жол ашады. Ехобамен және өзара тату бауырластардан тұратын теңдесі жоқ рухани ортада боламыз (Заб. 28:11; Ишая 54:13). Мысалы, халықаралық конгрестер кезінде әр ұлттан, тілден, нәсілден шыққан бауырластардың арасындағы татулықты, бірлікті және сүйіспеншілікті байқауға болады. Ал мына дүниеде рухани жұмақпен салыстыруға тұрарлық ештеңе жоқ.

13 Біз өмір сүріп жатқан рухани жұмақ пен қайғы-қасіретке толы осы дүниенің айырмашылығы жер мен көктей (Ишая 65:13, 14 оқы). Біз Патшалық хабарын уағыздау арқылы басқаларды да осы рухани жұмаққа шақыру мәртебесіне иеміз. Сондай-ақ қауымға енді келе бастаған адамдарға көмектесіп, оларды уағыздауға үйрету қандай керемет бата десеңдерші! Қауым ақсақалдары бізге осындай тапсырма берсе, Аполлосқа ‘Тәңір жолын толығырақ түсіндірген’ Ақила мен Прискила сияқты құрметке ие болғанымыз (Ел. іс. 18:24—26).

Исадан үйрене берейік

14, 15. Исадан үйренуге қандай келелі себептер бар?

14 Исадан үйренуге бізде келелі себептер бар. Ол көкте сансыз көп жылдар бойы Әкесімен қызметтес болды (Нақ. с. 8:22, 30). Құдайға деген қызметті басты орынға қойып, шындық жайлы куәлік ету ең жақсы өмір жолы екенін ол білген (Жох. 18:37). Бұдан басқа өмір жолы Иса үшін өзімшілдік пен көзқарастың таяздығын көрсететіні анық еді. Иса қатты сыналып, ақыры өлімге кесілетінін білді (Мат. 20:18, 19; Евр. 4:15). Ол бізге мінсіздік сақтаудың керемет үлгісін қалдырды.

15 Иса шомылдыру рәсімінен өткен соң, Шайтан оны ең жақсы өмір жолынан таюға азғырды. Бірақ ол дегеніне жете алмады (Мат. 4:1—11). Бұдан Шайтан не істемесін, мінсіз болып қала алатынымызды білеміз. Ол назарын, әсіресе, шомылдыру рәсімінен жақында өткен бауырластарға не өтуді қалайтындарға аударады (Пет. 1-х. 5:8). Мәселен, қамымызды ойлайтын туыстарымыз Ехоба куәгерлері туралы жаңсақ ойда болғандықтан қарсылық білдіруі мүмкін. Алайда мұндай сынақтар мәсіхшілерге тән жақсы қасиеттерді танытуға мүмкіндік береді. Сөйтіп сеніміміз жайлы сұраған адамдарға құрмет көрсетіп, ілтипатпен куәлік бере аламыз (Пет. 1-х. 3:15). Сонда тыңдаушыларымызға жақсы әсер қалдырамыз (Тім. 1-х. 4:16).

Ең жақсы өмір жолынан таймаңдар

16, 17. а) Заңды қайталау 30:19, 20-да қандай үш талап жазылған? ә) Мұсаның жазғанын Иса, Жохан және Пауыл қалай қоштады?

16 Иса жерге келерден 1 500 жыл бұрын Мұса исраилдіктерді ең жақсы өмір жолын таңдауға шақырып, былай деді: “Бүгін сендердің алдыңа аспан мен жерді куәлікке шақырамын: мен саған өмір мен өлімді, ақ бата мен қарғысты ұсынған болатынмын. Өзің және сенің үрім-бұтағың өлмеуі үшін өмірді таңдап ал, Жаратушы Иені, өз Құдайыңды сүй, Соның айтқандарын тыңда және Соған етене жабысып ал” (Заң. қ. 30:19, 20). Исраилдіктер Құдайға деген адалдықтарын сақтамады, бірақ Мұса айтқан үш негізгі талап өзгерген жоқ. Оларды Иса мен тағы басқалар қайталаған.

17 Біріншіден, Ехобаны сүюіміз керек. Құдайды сүйетінімізді оның әділ жолына сай әрекет ету арқылы көрсетеміз (Мат. 22:37). Екіншіден, Құдай Сөзін зерттеу және өсиеттерін орындау арқылы Ехобаның ‘айтқандарын тыңдауымыз’ қажет (Жох. 1-х. 5:3). Ол үшін Киелі кітап талқыланатын қауым кездесулерін қалдырмағанымыз жөн (Евр. 10:23—25). Үшіншіден, Ехобаға ‘етене жабысып алуымыз’ керек. Басымызға қандай күн тумасын, Құдайға сенім артайық, әрі Ұлының ізімен жүрейік (Қор. 2-х. 4:16—18).

18. а) 1914 жылы “Күзет мұнарасы” журналында шындық туралы не жазылды? ә) Шындық нұры төгілгеніне қалай қарауымыз керек?

18 Киелі кітаптағы шындыққа сай өмір сүру неткен бата! 1914 жылы “Күзет мұнарасы” журналында (15 желтоқсан, 377, 378-беттер) былай жазылды: “Біз батаға кенелген, бақытты халық емеспіз бе? Біздің Құдайымыз адал ғой! Әлдекім бұдан жақсы нәрсе білсе, соны ұстансын. Ал қай-қайсың бұдан артық нәрсе тапсаң, бізбен де бөліседі деп үміттенеміз. Алайда біз Құдай Сөзінен тапқандарымыздан артық ештеңе жоқ екеніне сенімдіміз... Шынайы Құдай туралы білімнің қандай қуаныш, бата әкелгенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Құдайдың даналығы, әділдігі, күші және сүйіспеншілігі туралы білім біздің санамызға жетіп, жүрекке жылы тиеді. Біз іздегенімізді таптық. Құдайымыз туралы осы білімімізді тереңдете бергіміз келеді”. Бүгінде біз де шындықтың нұры үшін өте ризамыз. Тәңірдің нұрында жүргенімізге қуануға бізде әлдеқайда көп себеп бар (Ишая 2:5; Заб. 42:3; Нақ. с. 4:18).

19. Неліктен шомылдыру рәсімінен өтуге дайын адам бұл қадамды кейінге қалдырмауы керек?

19 Егер Ехобаның нұрында жүргің келсе, бірақ әлі шомылдыру рәсімінен өтпеген болсаң, саған әрекет ету керек. Киелі кітаптағы шомылдыру рәсімінен өткісі келетіндерге қойылатын талаптарға сай болуға барынша тырыс. Өйткені бұл — Құдай мен Мәсіх жасаған игіліктер үшін ризашылық білдірудің бірден-бір жолы. Ехобаға ең құнды нәрсеңді, яғни өміріңді, бағышта. Ұлының ізімен жүру арқылы Құдайдың еркін орындауды қалайтыныңды көрсет (Қор. 2-х. 5:14, 15). Мұның ең жақсы өмір жолы екенінде еш күмәнің болмасын!

Қалай жауап берер едіңдер?

• Шомылдыру рәсімі ненің белгісі болып табылады?

• Құдайға бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту қандай баталар әкеледі?

• Неліктен Исадан үйренгеніміз маңызды?

• Ең жақсы өмір жолынан таймауға бізге не көмектеседі?

[25-беттегі сурет]

Шомылдыру рәсімінен өту арқылысен ең жақсы өмір жолын таңдағаныңды көрсетесің

[26-беттегі суреттер]

Сен Құдайдың панасындасың ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу