Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.9. 16—20 бет.
  • Мәсіхтің сүйіспеншілігін танытуға талпынамыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мәсіхтің сүйіспеншілігін танытуға талпынамыз
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Күнә жасаған адамға Мәсіх сияқты қараңдар
  • Ақырғы заманда Мәсіхтікіндей сүйіспеншілік танытыңдар
  • Ауруға шалдыққандарға Исаның ой қалпын танытыңдар
  • Мәсіхтікіндей ой қалып сақтаңдар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхтің ой қалпын танытыңдар
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сүйіспеншілікке бөленіп нығайыңдар
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер!”
    Ехобаға жақында
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.9. 16—20 бет.

Мәсіхтің сүйіспеншілігін танытуға талпынамыз

“Иса [өз адамдарына] деген сүйіспеншілігін ақырына дейін ісімен де толық көрсетті” (ЖОХ. 13:1).

1, 2. а) Исаның сүйіспеншілігі несімен ерекше? ә) Осы мақалада сүйіспеншіліктің қандай қырларын талқылаймыз?

ИСА сүйіспеншілік танытудың кемелді үлгісін қалдырды. Оның іс-әрекеттерінен, сөйлеген сөзі мен берген тәлімінен, сондай-ақ құрбандық өлімінен сүйіспеншілігі анық көрінді. Өмірінің соңына дейін ол айналасындағы адамдарға, әсіресе өз шәкірттеріне, сүйіспеншілік танытты.

2 Иса көрсеткен сүйіспеншіліктің үздік үлгісі оның ізбасарлары үшін ұстану керек жоғары норма болып табылады. Әрі бұл бізді бауырластарымыз бен басқа адамдарға сондай сүйіспеншілік танытуға талпындырады. Осы мақалада қауым ақсақалдарының күнә жасаған, тіпті ауыр күнә жасаған адамға сүйіспеншілік танытуға қатысты Исадан не үйрене алатынын қарастырамыз. Сонымен қатар Исаның сүйіспеншілігі мәсіхшілерді таршылық көргендерге, табиғи апатқа ұшырағандарға және ауруға шалдыққандарға көмек беруге қалай талпындыратынын талқылаймыз.

3. Үлкен қателік жасаған Петірге Иса қалай қарады?

3 Өлер алдындағы түні Исадан шәкірті Петір үш рет танды (Мар. 14:66—72). Алайда, Иса бұдан бұрын айтқандай, Петір ісіне өкінді. Сонда Иса оны кешірді, әрі оған жауапты міндет тапсыруымен сенім артты (Лұқа 22:32; Ел. іс. 2:14; 8:14—17; 10:44, 45). Үлкен қателік жасаған адамдарға Исаның танытқан көзқарасынан біз қандай сабақ аламыз?

Күнә жасаған адамға Мәсіх сияқты қараңдар

4. Мәсіхтікіндей ой қалып таныту әсіресе қандай жағдайда қажет?

4 Мәсіхтікіндей сүйіспеншілік таныту қажет жағдай көп. Солардың әсіресе қиынға соғатыны — отбасы не қауым мүшесінің ауыр күнә жасағаны. Өкінішке қарай, зұлым дүние жойылатын күн жақындаған сайын, Шайтанның рухы моральдық құндылықтарды бұрын соңды болмағандай құлдыратуда. Дүниенің моральдық мәселелерде зұлым пиғылы мен немқұрайды көзқарасы жастарға да, үлкендерге кері әсер етіп, тар жолмен жүру ниеттерін бұзуда. Бірінші ғасырда кейбір адамдарды мәсіхшілер қауымынан шығаруға немесе оларға сөгіс беруге тура келген. Бұл шара қазіргі кезде де қолданылады (Қор. 1-х. 5:11—13; Тім. 1-х. 5:20). Сондай кезде ақсақалдар Мәсіхтікіндей сүйіспеншілік танытқаны күнә жасаған адамға қатты әсер ете алады.

5. Ақсақалдар күнә жасаған адамға қалай Мәсіхтікіндей көзқарасты танытулары керек?

5 Ақсақалдар Мәсіх сияқты Ехобаның әділдік нормаларын барлық уақытта ұстанулары керек. Сонда олар Ехобаның ілтипаттылығын, мейірімі мен сүйіспеншілігін көрсетеді. Күнә жасаған адам шын өкініп, “жаны күйреп”, “жүрегі жаралы” болса, оған ‘ілтипаттылық танытып, түзу жолға қайтару’ ақсақалдарға қиын болмайтын шығар (Заб. 33:19; Ғал. 6:1). Ал егер ол қиқарлық танытса және ісіне өкінейін демесе ше?

6. Ақсақалдар күнә жасағандардың мәселесін қарастырғанда неден аулақ болу керек?

6 Күнә жасаған адам Киелі кітаптан берілген кеңесті қабылдамаса не өз кінәсін біреуге жабуға тырысса, ақсақалдар мен басқа бауырластар іштей кіжінуі мүмкін. Олар сол адамның қандай залал келтіргенін білгендіктен, ісі мен көзқарасына қатысты өз ойларын оған айтып салғысы келетін шығар. Бірақ ашу ешқашан жақсылыққа апармайды, әрі бұл “Мәсіхтің ой-ниетін” танытуға жатпайды (Қор. 1-х. 2:16; Жақып 1:19, 20 оқы). Иса адамдарға ескерту жасағанда анық әрі нақты айтқан, бірақ ешқашан жек көріп немесе жанды жаралап сөйлеген емес (Пет. 1-х. 2:23). Қайта, күнә жасағандар ісіне өкініп, Ехобаға оралуға кедергі жасамайтындай сөйлеген. Өйткені оның жерге келуінің басты себебі “күнәкарларды құтқару” еді (Тім. 1-х. 1:15).

7, 8. Сот жүргізу кезінде ақсақалдар қандай ой қалып танытулары керек?

7 Қауымның қандай да бір бауырласты түзету үшін шара қолдануына тура келсе, бауырласқа деген көзқарасымызға Исаның үлгісі қалай әсер етуі керек? Естеріңде болсын, Киелі кітап басшылығы бойынша қауымда қарастырылған сот жүргізу шарасының мақсаты — отарды қорғау және күнә жасаған адамды өкінуге талпындыру (Қор. 2-х. 2:6—8). Өкініштісі, күнә жасаған кейбір адамдар теріс жолдан қайтуға тырыспайды, сондықтан оларды қауымнан шығару керек болады. Дегенмен, қуаныштысы, көп адам уақыт өте келе Ехобамен қарым-қатынастарын қалпына келтіріп, қауымға оралып жатады. Ақсақалдар Мәсіхтікіндей көзқарас танытса, күнә жасаған адамға ниетін түзетіп, қайта оралу әлдеқайда жеңіл болады. Кейін қайта оралғанда ақсақалдардың Киелі кітапқа негіздеп берген кеңестердің бәрі естерінде болмауы мүмкін. Бірақ олардың өздеріне ілтипатпен, сүйіспеншілікпен қарағанын ешқашан ұмытпайды.

8 Олай болса, ақсақалдар киелі рух жетілдіретін “жемісті”, әсіресе Мәсіхтікіндей сүйіспеншілікті, қиындық туындағанда да танытуға тиіс (Ғал. 5:22, 23). Олар күнә жасаған адамды қауымнан шығаруға ешқашан асықпаулары керек. Қайта, оның Ехобаға бет бұрғанын қалайтындарын көрсетулері қажет. Сонда, күнә жасаушы ниетін түзеткенде — жиі солай болып та жатыр — Ехобаға және өзінің қауымға қайтуын жеңілдеткен “адамдар кейпіндегі тартуларға” (ЖД) қатты риза болады (Ефес. 4:8, 11, 12).

Ақырғы заманда Мәсіхтікіндей сүйіспеншілік танытыңдар

9. Исаның нақты нұсқау беруімен сүйіспеншілік танытқанының мысалын келтір.

9 Лұқа Исаның сүйіспеншілігі іс жүзінде көрінген ерекше бір жайтты жазған. Иса Рим әскерінің жазаға кесілген Иерусалимді уақыты келгенде қоршауға алатынын, сонда қаладағыларға қашу керек болатынын біліп, сүйіспеншілікпен шәкірттеріне алдын ала: “Иерусалим қаласын әскерлер қоршап алғанын көрсеңдер, оның ойрандалатын кезінің жақындап қалғанын білесіңдер”,— деп ескерткен. Шәкірттері не істеу керек еді? Иса оларға былай деп нақты да анық нұсқаулар берді: “Сол уақытта Яһудея аймағында тұратындар тауларға қашып құтылсын, Иерусалимдегілер қаладан шығып, ал маңындағылар қалаға кірмей, қашып құтылсын! Себебі сол кез Құдайдың халықты жазалайтын күндері. Осылайша Киелі жазбаларда бұл туралы жазылғандардың бәрі жүзеге аспақ” (Лұқа 21:20—22). Б. з. 66 жылы Рим әскері Иерусалимді қоршауға алғанда, мойынсұнғыш адамдар осы нұсқауға сай әрекет етті.

10, 11. I ғасырдағы мәсіхшілердің Иерусалимнен қашқандарын қарастыру бізді “ауыр азапқа” қалай дайындайды?

10 Мәсіхшілер Иерусалимнен қашқан кезде, бір-біріне Мәсіхтікіндей сүйіспеншілікті, яғни оның өздеріне танытқан сүйіспеншілікті, көрсетулері қажет еді. Әрине, бұл үшін олар қолда барды бір-бірімен бөлісулері керек еді. Иса айтқан пайғамбарлық ежелгі қаланың кирауына ғана қатысты емес. Себебі ол: “Сол уақытта әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын ауыр азап бастарыңа түседі”,— деп алдын ала айтқан (Мат. 24:17, 18, 21 сілт.). Алдағы уақытта орын алатын “ауыр азаптың” қарсаңында және барысында біз де таршылық пен қиындыққа кезігуіміз мүмкін. Мәсіхтікіндей ой қалып танытқанымыз осы кезеңнен аман өтуге көмектеседі.

11 Сол кезеңде бізге Исаның үлгісіне еліктеп риясыз сүйіспеншілік таныту қажет болады. Бұл Пауылдың кеңесімен үйлеседі: “Маңайымыздағы бауырластарға ұнайтынды да істеп, олардың рухани өсуіне себепші болуымыз керек. Мәсіх те Өзіне емес, көктегі Әкеге ұнайтынды істеді... Табандылық пен жігердің бастауы — Құдай. Ол сендерді Мәсіх Исаның үлгісіне [“ой қалпына” ЖД] сай өзара татулыққа жеткізе көрсін” (Рим. 15:2, 3, 5).

12. Бізге қазір қандай сүйіспеншілік дамыту керек және неліктен?

12 Исаның сүйіспеншілігіне ие болған Петір мәсіхшілерді ‘бауырластарға деген нағыз сүйіспеншілік дамытуға’ және ‘шынайы хабарға мойынсұнуға шақырды’. Мәсіхшілер ‘бір-бірін үздіксіз шын жүректен сүю’ керек еді (Пет. 1-х. 1:22). Қазіргі кезде Мәсіхтікіндей қасиеттерді дамыту аса маңызды. Себебі Құдай халқының көріп жатқан қысымшылығы күшейе түсуде. Ешқайсымыз да осы дүниенің қандай да бір жүйесіне, мысалы соңғы кезде тұрақсыздығы айқын көрініп тұрған қаржы жүйесіне, сенім артпауымыз керек (Жоханның 1-хаты 2:15—17 оқы). Дүниенің соңы қарқындап келе жатқандықтан, Ехобаға және қауымда бір-бірімізге жақындай түсіп, шынайы дос болғанымыз абзал. Пауыл: “Бір-біріңді бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар”,— деп кеңес берген (Рим. 12:10). Петір де осыған ұқсас сөздер жазған: “Ең бастысы бір-біріңді шынайы сүйіңдер, сондай сүйіспеншілік адамдардың көптеген күнәларын кешіреді” (Пет. 1-х. 4:8).

13—15. Кейбір бауырластар апат болған аймақта Мәсіхтікіндей сүйіспеншілікті қалай танытты?

13 Ехоба куәгерлері Мәсіхтікіндей сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсетулерімен дүниежүзінде танымал. 2005 жылы Құрама Штаттарының оңтүстігінде орын алған күшті дауыл мен су тасқынынан кейін көмекке келген Куәгерлердің мысалын қарастырайық. Исаның үлгісіне еліктеген 20 000-нан астам ерікті қызметшілер өздерінің жайлы баспаналары мен тұрақты жұмыстарын тастап, апат болған жердегі бауырластарға жәрдем беруге асықты.

14 Бір аймақта дауылдың күшімен 10 метр биіктікке көтерілген теңіз суы құрлықтың 80 шақырымға дейін жерін басып қалды. Су қайтқанда үйлер мен ғимараттардың үштен бірі қирағаны белгілі болды. Бірнеше елден құрал жабдықтарын, құрылыс заттарын ала келген әрі кез келген жұмысқа дайын шебер ерікті қызметшілер жиналды. Мысалы, апалы-сіңлілі екі жесір бауырлас кішкентай жүк көлігіне заттарын артып, 3 000 шақырым жол жүріп келді. Кейіннен олардың біреуі сол жерде қалып, жергілікті көмек көрсету комитетіне жәрдемдесті, әрі жалпы ізашар болып қызмет етті.

15 Сол аймақтағы Ехоба куәгерлері мен басқа адамдардың 5 600-ден астам үйі жөнделді, біршамасы қайта соғылды. Сүйіспеншіліктің осындай зор үлгісін көрген жергілікті Куәгерлер қандай сезімде болды екен? Үйі қираған бір әйел бауырлас төбесінен су ағатын, пеші бұзылған шағын вагонда тұрып жатқан еді. Бауырластар оған қарапайым да ыңғайлы үй соғып берді. Сонда ол жаңа соғылған үйінің алдында көзіне жас алып тұрып, Ехобаға және бауырластарға зор ризашылығын білдірді. Көптеген бауырластар бір жылдан аса уақыт бойы жаңа соғылған үйлерінде емес, уақытша баспаналарында тұрды. Неге? Себебі олар жаңа үйлеріне көмек көрсетуге келген бауырластарды жайғастырды. Бұл Мәсіхтің ой қалпын танытудың керемет үлгісі емес пе?!

Ауруға шалдыққандарға Исаның ой қалпын танытыңдар

16, 17. Ауруға шалдыққандарға біз қалай Мәсіхтікіндей ой қалып танытамыз?

16 Арамызда үлкен табиғи апаттан зардап шегіп жатқандар, салыстырмалы түрде алғанда, көп емес. Ал денсаулыққа қатысты қиындықтарға — өзіміздің не жақындарымыздың болсын — бәріміз де кезігеміз. Бұл орайда Исаның ауырған адамдарға танытқан көзқарасы біз үшін үлгі болып табылады. Сүйіспеншілік оны жанашыр болуға талпындырған. Сондықтан ол қасына әкелінген “барлық науқастарды сауықтырып жіберді” (Мат. 8:16; 14:14).

17 Қазіргі кездегі мәсіхшілер сауықтыру құдіретіне ие болмаса да, Иса сияқты жанашырлық таныта алады. Қалайша? Мысалы, ақсақалдар Мәсіхтің ой қалпын танытып, қауым мүшелерінің бірі ауырып қалса, оған көмектесу шарасын ұйымдастырады. Осылайша олар Матай 25:39, 40-та (оқы) жазылған принципке сай әрекет етедіa.

18. Екі әйел бауырлас қалай шынайы сүйіспеншілік танытты және бұл басқаларға қалай әсер етті?

18 Басқаларға жақсылық істеу үшін ақсақал болу міндетті түрде емес. Қырық төрт жастағы Шарлинмен болған жағдайды қарастырып көрейік. Қатерлі ісік ауруына шалдыққандықтан, дәрігер оған он күндік өмірі қалғанын айтады. Шэрон мен Николетт есімді екі әйел бауырлас оның мүшкіл халін және қамқорлық көрсетіп жүрген адал жолдасының күйзеліп, шаршап жүргенін көріп, көмек беруді шешеді. Сөйтіп олар күні-түні Шарлинге қарайды. Он күн дегендері алты аптаға созылса да, бауырластар сүйіспеншіліктерін соңына дейін танытты. “Адамның қайтып айықпайтынын білгенің қиын екен,— деді Шэрон.— Алайда Ехоба бізге күш берді. Бұл жағдай бізді Ехобаға және бір-бірімізге жақындата түсті”. Шарлиннің күйеуі былай деді: “Қымбатты екі бауырласымның мейірімі мен көмегін ешқашан ұмытпаймын. Шынайы ықыластары мен дұрыс көзқарастары адал жарым Шарлиннің соңғы күндерінің азабын жеңілдетті, ал маған зор көмек пен жігер берді. Оларға мен өмір бақи риза боламын. Сондай-ақ жанқиярлық рухтары менің Ехобаға деген сенімімді және бүкіл бауырластыққа деген сүйіспеншілігімді нығайтты”.

19, 20. а) Мәсіхтің ой қалпының қандай бес қырын талқыладық? ә) Сен не істеуге бекіндің?

19 Осы үш мақалада біз Исаның ой қалпының бес қырын, сонымен қатар көзқарасымыз бен іс-әрекетімізде қалай оған еліктей алатынымызды қарастырдық. Иса сияқты жуас, әрі шын жүректен кішіпейіл болайық (Мат. 11:29). Адамдардың кемелсіздігі мен әлсіздігін байқасақ та, оларға біз де мейірімді болуға тырысайық. Сондай-ақ Ехобаның барлық талаптарына, тіпті сынақ кезінде де, батылдықпен бойсұнайық.

20 Сонымен барлық бауырластарымызға Мәсіх сияқты сүйіспеншілікті “ақырына дейін” танытайық. Мұндай сүйіспеншілік біздің Исаның шәкірттері екенімізді дәлелдейді (Жох. 13:1, 34, 35). Сонымен ‘бір-бірімізді бауырластар ретінде ұдайы жақсы көрейік!’ (Евр. 13:1). Бұдан еш тартынбалық! Өмірлеріңді Ехобаны мадақтауға және адамдарға көмектесуге жұмсаңдар. Сонда Ехоба шын жүректен жасаған әрекеттеріңе батасын береді.

[Сілтеме]

a “Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер деп қоя салмаңдар” деген мақаланы қараңдар (“Күзет мұнарасы” 1987 жыл 15 наурыз, ор.).

Түсіндіріп бере аласыңдар ма?

• Ақсақалдар күнә жасаған адамға Мәсіхтің ой қалпын қалай таныта алады?

• Соңғы дәуірде Мәсіхтікіндей сүйіспеншілік көрсету неліктен маңызды?

• Ауруға шалдыққандарға біз қалай Мәсіхтікіндей ой қалып таныта аламыз?

[17-беттегі сурет]

Ақсақалдар күнә жасағандардың қайтадан Ехобаға бет бұрғандарын қалайды

[18-беттегі сурет]

Иерусалимнен қашқан мәсіхшілер қалай Мәсіхтің ой қалпын танытты?

[19-беттегі сурет]

Ехоба куәгерлері Мәсіхтікіндей сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсетулерімен танымал

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу