Естеріңде ме?
“Күзет мұнарасының” соңғы сандары саған ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:
• Ата-аналардың жасөспірім балаларымен пікір алысуын не нәрсе қиындатуы мүмкін?
Бұған баланың жасқаншақ болуы, тәуелсіздікке ұмтылуы және өзімен-өзі болғысы келетіні кедергі болуы мүмкін. Ата-ананың бейресми жағдайда баласын әңгімеге тартуға және оның сөздерінің астарында не жатқанын түсінуге тырысуына болады. (Қаз.—желт. 18—20 беттер)
• Неге мінсіздігімізді сақтағанымыз аса маңызды?
Мінсіздігімізді сақтағанымыздың арқасында Ехобаның билігіне мойынсұнуға бізді сүйіспеншілік талпындыратынын көрсетеміз және Шайтанның өтірікші екенін дәлелдейміз. Сондай-ақ Ехоба сот жүргізгенде біздің мінсіздігіміздің негізінде шешім қабылдайтын болады, сондықтан болашаққа үміттене алуымыз үшін мінсіз болғанымыз маңызды. (15.12. 4—6 беттер)
• Құдай ниетіндегі рөлін көрсететін Исаның кейбір лауазымдары қандай?
Құдайдың жалғыз рухани Ұлы, Сөз, Аумин, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші, Бас діни қызметкер, уәде етілген Ұрпақ. (15.12. 15-бет)
• Некеге адал болу үшін не істеу керек?
Біріншіден, некеңді басты орынға қой. Екіншіден, опасыздықтың кез келген түрінен аулақ бол. Некелерің берік немесе оған сызат түскен болсын, жұбайың некеңе адал болуға барынша тырысып жатқаныңды білуі керек. Осылай етуіңе жоғарыда аталған екі қадам көмектеседі. (Қаңт.—наур. 12—15 беттер)
• Жақсы әке балаларының қандай қажеттіліктеріне көңіл бөлуі керек?
Олардың кейбірі мыналар: 1) әке сүйіспеншілігі, 2) жақсы үлгі, 3) жақсы орта, 4) рухани тәлім, 5) жөнге салу, 6) қорғау. (Қаңт.—наур. 18—21 беттер)
• Қызметтен көбірек қуаныш алу үшін не істеуге болады?
Өзгелерге қалай көмектесе алатынымыз жайлы ойланып, жүрегімізді дайындауымызға болады. Уағыз қызметінде Киелі кітап зерттеу сабағын бастауды мақсат еткеніміз маңызды. Адамдар немқұрайдылық танытса, ұсынысымызды бейімдеп, оларды қызықтыратын тақырыпта сөйлесуімізге болады. (15.01. 8—10 беттер)
• Киелі кітап ілімдері мәсіхшінің жерлеу рәсімінің салт-жораларына қатысты көзқарасына қалай әсер ету керек?
Жақынынан айырылған мәсіхші қатты қайғыруы мүмкін, сөйтсе де ол өлген адамның ес-түссіз күйде екенін біледі. Өзгелердің наразылығына қарамастан, ол өлген адамдар тірілерге әсер етеді деген наныммен байланысты салт-жоралардан аулақ болады. Кейіннен қиындықтар туындамас үшін, кейбір мәсіхшілер жерлеуге қатысты өз еркін жазып қалдырып кетеді. (15.02. 29—31 беттер)
• ‘Яшардың кітабы’ мен ‘Жаратушы Иенің шайқастар кітабы’ Киелі кітаптың жоғалып кеткен кітаптары ма? (Пат. 2-ж. 1:18; Ру. сан. 21:14).
Жоқ. Олар Киелі кітап жазылған заманда қолда болған киелі рухтың жетелеуімен жазылмаған қолжазбалар болса керек. Киелі кітап жазушылары осы кітаптарға нұсқап отырғанға ұқсайды. (15.03. 32-бет)