Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.8. 3—7 бет.
  • Ехоба адал қызметшілерін тастамайды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба адал қызметшілерін тастамайды
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қысым көрсетілген кезде
  • Жолдан таюшылықтың ықпалы кезінде
  • Құдай тапсырмасын орындау кезінде
  • Ехоба адал қызметшілерін қорғайды
  • Патшалық екіге бөлінді
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Патшалықтың бөлінуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Біртұтас жүрекпен адалдық сақтаңдар
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Жалғыз сен ғана шексіз берілгенсің”
    Ехобаға жақында
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.8. 3—7 бет.

Ехоба адал қызметшілерін тастамайды

“[Ехоба] өзіне берілгендерді тастамайды; оларды міндетті түрде мәңгілікке сақтайды” (ЗАБ. 37:28 ЖД).

1, 2. а) Б. з. б. X ғасырда Құдай қызметшілерінің адалдығын сынаған қандай оқиғалар болды? ә) Ехоба қандай үш жағдайда қызметшілерін қорғады?

БІЗДІҢ заманымыздан бұрынғы X ғасыр. Шешім қабылдайтын кез. Исраилдің тынышсыз солтүстік руларына белгілі бір шамада тәуелсіздік беріліп, азамат соғысының алды алынды. Жаңа тағайындалған Еробоғам патша мемлекеттік жаңа дін орнатып, тағын тез арада нығайтып алғысы келеді. Ол қол астындағы елден өзіне толық берілуді талап етуде. Енді Ехобаның адал қызметшілері не істемек? Олар ғибадат етіп жүрген Құдайына адал болып қала ма? Мыңдағандары солай етті, әрі Құдай олардың мінсіздік сақтап жүргендерін көрді (Пат. 3-ж. 12:1—33; Шеж. 2-ж. 11:13, 14).

2 Құдай қызметшілерінің адалдығы бүгінгі күні де сыналуда. Киелі кітап: “Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр”,— деп ескертеді. Біз ‘сенімімізге берік болып, оған төтеп бере’ аламыз ба? (Пет. 1-х. 5:8, 9). Б. з. б. 997 жылы Еробоғам патша таққа отырған кезде болған оқиғаларды қарастырып, өзімізге қандай сабақ алуға болатынын көрейік. Сол қиын кезеңде Ехобаның адал қызметшілері қысым көрді. Сондай-ақ жолдан таюшылықтың ықпалына төтеп бере отырып, қиын тапсырмаларын атқара берді. Сол жағдайларда Ехоба өзіне адал болып қалғандарды тастамады, бүгін де тастамайды (Заб. 36:28).

Қысым көрсетілген кезде

3. Неге Дәуіттің билігі халыққа ауыртпалық әкелген жоқ?

3 Алдымен Еробоғам патша тағында отырған кездегі жағдайларды қарастырайықшы. Нақыл сөздер 29:2-де: “Зұлымдар билік құрса халық ыңқылдар”,— делінген. Ежелгі Исраилдің патшасы Дәуіттің тұсында халық қиналған жоқ. Дәуіт кемелсіз болса да, Құдайға адал еді әрі оған арқа сүйеді. Сондықтан оның билігі халыққа ауыртпалық әкелген жоқ. Ехоба Дәуітпен келісім жасасып, былай деген болатын: “Сенің үйің мен патшалығың Менің көз алдымда мәңгілікке нығаяды, ұрпақтарыңның патшалық тағы мәңгі тұратын болады” (Пат. 2-ж. 7:16).

4. Сүлейменнің тұсындағы Құдайдың баталары неге байланысты болды?

4 Дәуіттің ұлы Сүлеймен патшаның билігінің алғашқы кезеңінде халықтың тыныш өмір кешіп, өркендегені сонша — бұл кезең Иса Мәсіхтің болашақта орнайтын мыңжылдық билігінің бейнесі бола алды (Заб. 71:1, 17). Исраилдің он екі руының бірде-біреуіне бүлік шығаруға себеп болмады. Алайда Сүлейменнің және халықтың алып жатқан баталары Ехобаның қойған келесі шартына байланысты еді. “Егер сен Менің жарғым бойынша жүретін болсаң, және Менің дегеніммен әрекет ететін болсаң және Менің барлық өсиеттерімді ұстансаң, сол бойынша әрекет етсең, онда Мен Дәуітке, сенің әкеңе айтқан Өзімнің сөзімді Мен саған орындаймын, Сөйтіп Исраил ұлдарының арасында боламын және Менің халқымды, Исраилді, жалғыз қалдырмаймын” (Пат. 3-ж. 6:11—13).

5, 6. Сүлейменнің адалдық сақтамағанының нәтижесі қандай болды?

5 Қартайған шағында Сүлеймен Ехобаға деген адалдығынан тайып, жалған ғибадатқа араласа бастады (Пат. 3-ж. 11:4—6). Келе-келе ол Ехобаның заңына мойынсұнуды тоқтатты және халыққа қысым көрсетуін күшейтті. Мұның ауыр болғаны сондай — ол қайтыс болғаннан кейін халық тақ мұрагері Рохабоғамға шағымын айтып, жеңілдік сұрады (Пат. 3-ж. 12:4). Сүлеймен адалдығынан тайғанда, Ехоба қалай әрекет етті?

6 Киелі кітапта: “Сүлеймен өзінің жүрегін... Исраил Құдайынан бұрғаны үшін Жаратушы Ие оған қаһарын төкті”,— делінген. Сонда Ехоба Сүлейменге былай деді: “Мен саған өсиет еткен Менің шартым мен Менің жарғыларымды сақтамағаның үшін Мен сенен патшалықты аламын және оны сенің құлыңа беремін” (Пат. 3-ж. 11:9—11).

7. Сүлейменнен бас тартса да, Ехоба өз халқының қамы үшін не істеді?

7 Содан кейін Ехоба Ахия пайғамбарды азат етушіні майлау рәсімінен өткізуге жіберді. Бұл Сүлейменнің қол астында қызмет еткен, іске қабілетті Еробоғам болатын. Ехоба Патшалыққа қатысты Дәуітпен жасасқан келісімге адал бола отырып, он екі рудың екі мемлекетке бөлінуіне жол берді. Ол он руды Еробоғамға берді, ал екі руды Дәуіт әулетінің өкілі Рохабоғам патшаға қалдырды (Пат. 3-ж. 11:29—37; 12:16, 17, 21). Еробоғамға Ехоба былай деді: “Егер Мен саған өсиет еткеннің бәрін сақтасаң, Менің жолдарыммен жүрсең және Менің құлым Дәуіт істегендей Менің жарғыларым мен Менің өсиеттерімді сақтап, Менің көз алдымда лайықты іс істесең, онда Мен сенімен бірге боламын және Мен Дәуітке тұрғызғанымдай саған іргелі үй тұрғызамын, сөйтіп саған Исраилді беремін” (Пат. 3-ж. 11:38). Ехоба өз халқының қамын ойлап, қысымнан азат етілудің жолын ашты.

8. Бүгінде Құдайдың халқы қандай қысым көруде?

8 Бүгін де қысым мен әділетсіздік кең етек жайған. Екклесиаст 8:9-да: ‘Бір адам екінші адамға зиян келтіре отырып, әмір жүргізеді’,— делінген. Ашкөз сауда-саттық пен жемқор биліктің кесірінен пайда болған экономикалық жағдай адам өмірін қиындатуда. Үкіметтегі, сауда-саттық пен діни ұйымдардағы басшылар жиі құлықтылық жағынан нашар үлгі көрсетуде. Сондықтан әділ Лут сияқты қазір де Құдайға адал адамдар ‘арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналуда’ (Пет. 2-х. 2:7). Оның үстіне, біз Құдайдың нормаларын ұстануға тырысқандықтан, менмен басшылардың нысанасына айналып, қудаланудамыз (Тім. 2-х. 3:1—5, 12).

9. а) Халқын құтқару үшін Ехоба қандай қадамдар жасады? ә) Исаның әрқашан Құдайға адал болатынына неге сенімді бола аламыз?

9 Біз мына бір негізгі шындыққа сенімді болуымызға болады: Ехоба өзіне адалдық сақтағандарды тастамайды! Осыған орай, бұл дүниенің жемқор басшыларын биліктен түсіру үшін, оның қандай қадамдар жасағанын ойлап көрші. Ехоба көкте Иса Мәсіхтің қолына тапсырған Патшалығын орнатып қойды. Исаның көктен билік жүргізгеніне жүз жылға жуық уақыт өтті. Жақында ол Құдайдың есімін қастерлейтіндерді толығымен азат етеді (Аян 11:15—18 оқы). Иса соңғы демі біткенше Құдайға адал болып қалды. Демек, ол ешқашан қол астындағыларына Сүлеймен сияқты қысым көрсетпейді (Евр. 7:26; Пет. 1-х. 2:6).

10. а) Құдай Патшалығын бағалайтынымызды қалай көрсете аламыз? ә) Сынақтарға кезіккенде не нәрсеге сенімді бола аламыз?

10 Құдайдың Патшалығы — билік етіп жатқан үкімет, әрі ол жақында барлық қысымшылықты жояды. Біз Ехоба Құдайға және оның Патшалығына ғана берілгенбіз. Осы үкіметке толығымен сенім арта отырып, Құдайға ұнамсыз қылықтардан бас тартамыз және игі істерді құлшына атқарамыз (Тит. 2:12—14). Сондай-ақ бұл дүниеде мүлтіксіз пәк таза болып қалуға тырысамыз (Пет. 2-х. 3:14). Қандай сынақтарға кезікпесек те, Ехоба бізді рухани жағынан қорғайтынына сенімді болуымызға болады (Забур 97:10 оқыa). Оның үстіне, Забур 116:15-те (ЖД) “Ехобаның көз алдында өзіне берілген адамдардың өлімі бағалы” деген сенімімізді нығайтатын сөздер жазылған. Ехобаның өз қызметшілерін өте бағалайтындықтан, олардың топ ретінде жойылып кетуіне жол бермейді.

Жолдан таюшылықтың ықпалы кезінде

11. Еробоғам шынайы ғибадаттан қалай тайды?

11 Еробоғам патшаның әрекеті Құдай халқына жеңілдік әкелудің орнына, олардың Құдайға деген адалдықтарын сынаққа салды. Ол өзіне көрсетілген құрмет пен мәртебеге қанағаттанбай, билігін нығайтудың жолын іздей бастады. Ол: “Егер бұл халық құрбандық беру үшін Иерусалимге Жаратушы Иенің үйіне баратын болса, онда бұл халықтың жүрегі өзінің билеушісіне, Ровоамға [Рохабоғамға], Иудея патшасына бұрылады және олар мені өлтіреді, және олар Иудея патшасы Ровоамға қайтып оралады”,— деп ойлады. Содан ол екі алтын бұзауға табынатын жаңа дін орнатты. “Оның біреуін Вефильге [Бетелге], екіншісін Данға қойды. Сөйтіп бұл күнәкарлыққа әкеп соқтырды, өйткені халық олардың біреуіне ғана, Данға ғана [“тіпті Данға дейін”, ЖД] баратын болды. Сосын, ел биік жерге ғибадатхана салдырды және оған Левия [Леуі] ұлдарынан шықпаған халықтан дін қызметшілерін қойды”. Тіпті Еробоғам “Исраил ұлдары үшін... мереке күні” деп басқа күнді белгілеп, ‘хош иісті түтін түтетуге құрбандық орнында’ рәсім өткізді (Пат. 3-ж. 12:26—33).

12. Еробоғам бұзауға табынуды енгізгенде, солтүстік патшалықтағы Құдайдың адал қызметшілері не істеді?

12 Енді солтүстік патшалықта тұратын Құдайдың таза ғибадатына берілгендер не істейді? Еншілеріне тиген қалаларда тұрып жатқан леуіліктер Құдайға адал болған ата-бабалары іспетті шұғыл әрекет етті (Мыс. ш. 32:26—28; Ру. сан. 35:6—8; Заң. қ. 33:8, 9). Олар мұра етіп алған жерлерін тастап, Ехобаға еркін ғибадат ете беру үшін отбасыларымен оңтүстік патшалыққа, яғни Яһудаға көшті (Шеж. 2-ж. 11:13, 14). Ал Яһудада уақытша тұрып жатқан исраилдіктер сол жерлерінде біржола тұрақтап қала берді (Шеж. 2-ж. 10:17). Кейінгі ұрпақ бұзауға табынудан бас тартып, Яһудадағы таза ғибадатқа қайта қосыла алуына Ехоба мүмкіндік жасады (Шеж. 2-ж. 15:9—15).

13. Жолдан тайғандардың ықпалы Құдайдың қазіргі халқын қалай сынауда?

13 Жолдан тайғандар мен олардың ықпалы Құдайдың қазіргі халқына да қауіп төндіруде. Кейбір басшылар мемлекеттік дін орнатып, қол астындағы халықты оны қабылдауға күштеуде. Мәсіхшілер әлемінің дінбасылары мен басқа да адамдар өздерін, құқығы болмаса да, діни қызметкерлер деп жариялауда. Алайда ‘патшаның діни қызметкерлерін’ құрайтын нағыз майланғандар тек шынайы мәсіхшілердің арасында (Пет. 1-х. 2:9; Аян 14:1—5).

14. Жолдан тайғандардың ілімдеріне қатысты қандай көзқарас танытуымыз керек?

14 Б. з. б. X ғасырдағы адал леуіліктер сияқты Құдайдың бүгінгі адал қызметшілері де жолдан таюшыларға алданбайды. Майланғандар мен серіктері олардың ілімдерінен ойланбастан бас тартады, тіпті жоламайды да (Римдіктерге 16:17 оқы). Біз дінге қатысы жоқ мәселелерде үкіметтік билігі барларға даярлықпен мойынсұнып, әрі дүниелік қақтығыстарда бейтараптық сақтай отырып, Құдай Патшалығына берілгендік танытамыз (Жох. 18:36; Рим. 13:1—8). Сондай-ақ Құдайға қызмет етеміз дей тұра, іс-әрекетімен оны қорлайтын адамдардың жалған тұжырымдарын мойындамаймыз (Тит. 1:16).

15. Неге “адал да ақылды құл” адал болуымызға лайық?

15 Келесі жайтты ойлап көрші: Ехоба ақжүректі адамдардың осы зұлым дүниеден шығып, бейнелі тілмен айтқанда, өзі орнатқан рухани жұмаққа кіруіне мүмкіндік жасады (Қор. 2-х. 12:1—4). Зор ризашылық сезіне отырып, біз ‘Қожайыны өз үй ішіндегілерінің үстінен ас-суларын уақытында беріп отыруға тағайындаған адал да ақылды құлмен’ (ЖД) тығыз байланыста боламыз. Мәсіх осы құлды “бүкіл меншігін қараушы етіп” тағайындаған (Мат. 24:45—47). Сондықтан құл табының ұстанатын қандай да бір көзқарасын толық түсінбесек те, одан бас тартуға немесе Шайтанның дүниесіне қайта оралуға бізде себеп жоқ. Қайта, адалдық бізді кішіпейілділікпен әрекет етуге және түсінбеген жайттарды Ехобаның өзі анықтап бергенше күтуге талпындырады.

Құдай тапсырмасын орындау кезінде

16. Яһудалық бір пайғамбар қандай тапсырма алды?

16 Ехоба Еробоғамды жолдан таюшылыққа жататын әрекеттері үшін айыптады. Ол яһудалық бір пайғамбарға солтүстіктегі Бетелге жол жүріп, онда құрбандық бергелі жатқан Еробоғамның алдына баруды тапсырады. Пайғамбар оған Құдайдың жазасы туралы хабарды жариялау керек еді. Мұның қиын тапсырма болғаны сөзсіз (Пат. 3-ж. 13:1—3).

17. Ехоба хабаршысын қалай қорғады?

17 Ехобаның үкімін естігенде, Еробоғам қатты ашуланды. Ол Құдайдың өкіліне нұсқап қолын созды да, жанында тұрғандарға: “Ұстаңдар оны!”— деп ақырды. Сол заматта-ақ “құрбандық орны үстіне жайылған оның қолы ағаш болып қатып қалды, сөйтіп ол қолын өзіне бұра алмады... құрбандық орны күйреп, оның күлі шаңға айналды”. Еробоғам Ехобаны райынан қайтаруды және семіп қалған қолын қалпына келтіруді сұрап дұға ету үшін пайғамбарға жалынуға мәжбүр болды. Пайғамбар оның өтінішін орындаған соң, қолы қалпына келді. Осылайша Ехоба хабаршысын қауіпті жағдайда қорғап қалды (Пат. 3-ж. 13:4—6).

18. Қасиетті қызметті қорқынышсыз атқарып жүрген бізді Ехоба қалай қорғайды?

18 Патшалық туралы хабарды уағыздау мен шәкірт дайындау ісінде табандылық танытып жүргендіктен, кейде адамдар бізді жақтырмайды, тіпті ашуланады (Мат. 24:14; 28:19, 20). Алайда қорқыныштың қызметтегі құлшынысымызды бәсеңдетуіне жол бермеуіміз керек. Еробоғамның күніндегі есімі белгісіз пайғамбарға сияқты, бізге де Ехоба “өзіне адалдық танытып, қасиетті қызметті қорқынышсыз атқару мәртебесін берді”b (Лұқа 1:74, 75, ЖД). Бүгінде Ехоба керемет жасайды деп күтпесек те, бізді өзінің Куәгерлері ретінде киелі рухының және періштелерінің көмегімен қолдап-қорғайтынына сенімді бола аламыз (Жохан 14:15—17; Аян 14:6 оқы). Құдай өзінің сөзін батыл жариялап жүрген қызметшілерін ешқашан тастамайды (Філіп. 1:14, 28).

Ехоба адал қызметшілерін қорғайды

19, 20. а) Ехоба бізді ешқашан тастамайтынына неге сенімді бола аламыз? ә) Келесі мақалада нені қарастырамыз?

19 Ехоба — “адал” Құдай (Аян 15:4; 16:5, ЖД). Ол “барлық істерінде адал” (Заб. 145:17, ЖД). Сондай-ақ Киелі кітап бізді: “[Құдай] өзіне бағышталғанның [“адал адамның”, ЖД] жолын аман сақтар”,— деп сендіреді (Нақ. с. 2:8). Ехоба адал қызметшілерін сынақтар кезінде, жолдан таюшылықтың ықпалы немесе қиын тапсырмаларды орындау кезінде басшылық беретініне және қолдайтынына сенімдіміз.

20 Әрқайсымыз келесі сұрақтың үстінен ой жүгіртуіміз керек: Сынақтар не азғырулар кезінде Ехобаға адал болып қалуыма не көмектеседі? Басқа сөздермен айтқанда, Құдайға деген берілгендігімді қалай нығайта аламын?

[Сілтемелер]

a Забур 97:10, ЖД: “Ехобаны сүйетіндер, жамандықты жек көріңдер. Ол өзіне берілгендердің жандарын сақтайды, зұлымдардың қолынан құтқарып алады”.

b Пайғамбар Ехобаға қызмет ете берді ме, жоқ па және онымен әрі қарай не болғаны жайында келесі мақалада қарастырылады.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Ехоба адал қызметшілерін қысым кезінде тастамайтынын қалай көрсетті?

• Жолдан тайғандар мен олардың ілімдеріне қандай көзқарас танытуымыз керек?

• Мәсіхшілік қызметті адалдықпен атқарып жүргендерді Ехоба қалай қорғайды?

[5-беттегі карта/сурет]

(Толық мәтінді басылымнан қара)

СОЛТҮСТІК ПАТШАЛЫҚ (Еробоғам)

Дан

СИХЕМ

Бетел

ОҢТҮСТІК ПАТШАЛЫҚ (Рохабоғам)

ИЕРУСАЛИМ

[Сурет]

Еробоғам бұзауға табынуды орнатқан кезде, Ехоба өзіне берілгендерді тастамады

[3-беттегі сурет]

Сүлеймен мен оның қол астындағы халықтың баталарға кенелуі Құдайдың шартын орындауға байланысты еді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу