Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.7. 17—21 бет.
  • Қайсысы жақсы болатынын білмейсің

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қайсысы жақсы болатынын білмейсің
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қыша дәні туралы астарлы әңгіме
  • Ашытқы туралы астарлы әңгіме
  • Ау туралы астарлы әңгіме
  • “Құлақ салып, мәнін ұғып алыңдар”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Сендер “мәнін түсінесіңдер” ме?
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Уағыз ісінің жемісі. Егін пісіп, жинауға дайын тұр
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Астарлы әңгімелер арқылы тәлім беру
    Тарихтағы ең ұлы адам
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.7. 17—21 бет.

Қайсысы жақсы болатынын білмейсің

‘Өз тұқымыңды ертеңгісін себетін бол, әрі кешкісін де қолға тыным таптырма, өйткені қайсысының жақсы болатындығын білмейсің’ (ЕКК. 11:6).

1. Неге өсімдіктің көз алдымызда өсіп-жетілуі таңғалдырады және кішіпейіл ете түседі?

ДИҚАНҒА шыдамдылық қажет (Жақ. 5:7). Тұқымды сепкен соң, оған оның көктеп шыққанын және өскенін күту керек. Өсу процесі біртіндеп жүреді: қолайлы жағдайда тұқым өніп, сосын, жерден қылтиып өскін көрінеді. Содан, ол дами келе, масақ салатын сабаққа айналады. Ақырында, диқанның егіні жайқалып, орақ салуға дайын болады. Өсімдіктің көз алдыңда осылай керемет түрде өсіп-жетілуі таңғалдырады емес пе!? Ал оны Кім өсіріп отырғанын түсіну — адамды кішіпейіл ете түспей ме!? Диқан тұқымды күтіп-баптап, суарады. Бірақ өсімді тек Құдай береді (Қорынттықтарға 1-хат 3:6 салыстыр).

2. Алдыңғы мақалада қарастырылған Исаның екі астарлы әңгімесінен рухани өсімге қатысты не білдік?

2 Алдыңғы мақаладан көргеніміздей, Иса уағыздау ісін диқанның тұқым себуімен салыстырған. Ол түрлі топыраққа себілген тұқым туралы астарлы әңгімесінде диқанның жақсы тұқым сепкеніне қарамастан, оның өсіп жетілетін-жетілмейтіні адамның жүрегіне байланысты екеніне баса назар аударған (Мар. 4:3—9). Ал ұйықтап жатқан диқан туралы әңгімесінде Иса оның тұқымның қалай өсіп жатқанын толық түсінбейтініне көңіл бөлген. Себебі бұл — адамның еңбегінің емес, Құдайдың құдіретінің арқасында болатын нәрсе (Мар. 4:26—29). Енді Исаның қыша дәні, ашытқы және ау туралы астарлы әңгімелерінa қарастырып көрейік.

Қыша дәні туралы астарлы әңгіме

3, 4. Қыша дәні туралы астарлы әңгімеде Патшалық туралы хабарға қатысты қандай жайттарға көңіл аударылады?

3 Марқа кітабының 4-тарауында келтірілген қыша дәні туралы астарлы әңгімеде екі жайтқа баса назар аударылады: біріншісі — Құдай хабарының барынша кең таралуы, екіншісі — оны қабыл алғандар табатын қорғаныш. Иса былай деді: “Құдай Патшалығын немен салыстырып, қалай астарлап бейнелеуге болады? Ол қыша дәніне ұқсас: жерге себілгенде басқа тұқымдардан гөрі кішкентай болса да, көктеп шығып өскенде барлық дәнді дақылдардан биік болып, бұтақтарын кең жаяды. Сонда құстар ұшып келіп, саясында ұя салып, паналай алады” (Мар. 4:30—32).

4 Бұл жерде Патшалық туралы хабардың таралуы мен б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамынан бері мәсіхшілер қауымының өсуінен көрініс тапқан “Құдай Патшалығының” өсімі бейнеленген. Қыша дәні титтей болғандықтан, оны өте кішкентай нәрсені бейнелеу үшін қолдануға болатын (Лұқа 17:6 сілт. салыстыр). Алайда қыша өсе келе, бұтақтары жуандап, биіктігі 3—5 метрге дейін жетіп, ағашқа ұқсап кетеді (Мат. 13:31, 32).

5. Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер қауымында қандай өсім болған?

5 Мәсіхшілер қауымының өсімі азғана адамнан, б. з. 33 жылы киелі рухпен майланған 120-ға жуық шәкірттен, басталды. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде осы шағын қауымға мыңдаған адам қосылды (Елшілердің істері 2:41; 4:4; 5:28; 6:7; 12:24; 19:20 оқы). Кейінгі отыз жыл аралығында орақшылар санының өскені сонша — елші Пауыл Қолостағы қауымға ізгі хабардың ‘аспан астындағы барлық адамзатқа дерлік жарияланғанын’ айтқан (Қол. 1:23). Неткен зор өсім!

6, 7. а) 1914 жылдан бері қандай өсім болды? ә) Болашақта қандай өсім болады?

6 1914 жылы көкте Құдай Патшалығы орнағаннан бері, қыша “ағашының” бұтақтары мұншалықты өседі деп ешкім күткен жоқ. Бүгінде Құдай халқы Ишая жазған пайғамбарлықтың тура мағынада орындалып жатқанының куәсі болып отыр: “Ең қарапайымдарыңнан да [“аздарыңнан”, ЖД] мыңдаған адам шығып, әлсіздеріңнен де [“кішкентайларыңнан”, ЖД] мықты ұлт тарайтын болады” (Ишая 60:22). Патшалық туралы хабарды ХХ ғасырдың басында уағыздаған майланған мәсіхшілердің шағын тобы 2008 жылы бұл іске 230-дан аса ел мен аймақта жеті миллионға жуық Куәгер қатысады деп мүлде күтпеген. Бұл — Исаның қыша дәні туралы астарлы әңгімесіндегідей, керемет өсім емес пе?!

7 Бірақ өсім осымен тоқтай ма? Жоқ. Болашақта жер бетінде өмір сүретін адамдардың бәрі Құдай Патшалығының азаматтары болады. Ал оған қарсы шыққандардың барлығы жойылады. Бұл адамдардың күшімен емес, Әлемнің Әміршісі Ехобаның адамзаттың істеріне араласуының нәтижесінде болады (Даниял 2:34, 35 оқыb). Сол кезде біз Ишаяның өзге бір пайғамбарлығының толық орындалғанын көреміз: “Теңіз суға қалай толы болса, жер де Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға солай толы болады!” (Ишая 11:9).

8. а) Исаның астарлы әңгімесіндегі құстар кімдерді білдіреді? ә) Қазірдің өзінде біз не нәрселерден қорғаныш табамыз?

8 Иса осы Патшалықтың саясында құстардың ұя салып, паналайтынын айтқан. Мұндағы құстар түрлі топыраққа себілген тұқым туралы астарлы әңгімедегі жақсы тұқымды жеп қоюға тырысатын құстар сияқты, Патшалықтың жауларын білдірмейді (Мар. 4:4). Олар мәсіхшілер қауымынан пана іздейтін ақжүректі адамдарды білдіреді. Қазірдің өзінде олар сол жерден осы дүниедегілерге тән рухани арамдайтын әдеттер мен арам қылықтардан қорғаныш тапқан (Ишая 32:1, 2 салыстыр). Ехоба да Патшалықты ағашқа теңеген. Ол мынадай пайғамбарлық айтты: “Оны Исраилдің биік тауына отырғызамын, сөйтіп, ол бұтақ жаяды да, жеміс береді, осылайша еңселі самырсынға айналады және де оның саясында қаптаған құстар тіршілік ететін болады, оның бұтақтарының көлеңкесінде әртүрлі қанаттылар мекендейтін болады” (Езек. 17:23).

Ашытқы туралы астарлы әңгіме

9, 10. а) Ашытқы туралы әңгімесінде Иса қандай ойға баса назар аударған? ә) Киелі кітапта ашытқы жиі нені бейнелейді, сондай-ақ Исаның ашытқы сөзін қолдануына қатысты қандай сұрақты қарастырамыз?

9 Өсу процесі адам көзінен таса жүретін жағдайлар да болады. Иса келесі әңгімесінде осыған баса назар аударған. Ол: “Құдай Патшалығын ашытқымен де салыстыруға болады: әйелдер үш астау ұнға қосып, араластырғанда аздаған ашытқы барлық қамырды ашытып, көтереді”,— деді (Мат. 13:33). Мұндағы ашытқы нені білдіреді және оның Патшалықтың өсуімен қандай байланысы бар?

10 Киелі кітапта ашытқы жиі күнәні бейнелейді. Елші Пауыл ертедегі Қорынт қауымындағы бір күнәкар кісінің жаман әсері туралы айтқанда, ашытқы сөзін осы мағынада қолданған (Қор. 1-х. 5:6—8). Ал Иса осы астарлы әңгімесінде ашытқы сөзін жағымсыз бірдеңенің өсімін бейнелеу үшін қолданған ба?

11. Ежелде исраилдіктер ашытқыны қалай қолданған?

11 Бұл сұрақтың жауабын алмас бұрын үш негізгі жайтқа көңіл бөлейік. Біріншіден, Ехоба Құтқарылу мейрамының кезінде ашытқыны қолдануға тыйым салғанмен, басқа уақытта ашытқы қосылған құрбандықтарды қабыл алатын. Мысалы, Ехобаның көптеген баталары үшін алғыс білдіргісі келген адам ризашылық құрбандықтарын ұсынғанда, ашытқы қосылған нан әкелетін. Бұл ас дастарқандас болғандардың бәрін зор қуанышқа бөлейтін (Леуі. 7:11—15).

12. Киелі кітапта бейнелі сөздер қалай қолданылады?

12 Екіншіден, Жазбаларда бір жағдайда жағымсыз мағынада қолданылған нәрсе басқа жағдайда керісінше қолданылуы мүмкін. Мысалы, Петірдің 1-хаты 5:8-де Шайтан арыстанға теңелген. Бұл оның қауіпті әрі жауыз екенін бейнелейді. Ал Аян 5:5-те арыстанға Иса теңелген. Ол “Яһуда руынан шыққан “Арыстан” деп аталған. Бұл жерде арыстан батылдық пен әділдіктің бейнесі ретінде қолданылған.

13. Исаның ашытқы туралы астарлы әңгімесінен адамның рухани өсуі жайлы не білеміз?

13 Үшіншіден, Иса астарлы әңгімесінде ашытқы барлық қамырды бүлдіріп, жарамсыз етіп тастайды демеген. Ол жай ғана қамырдың әдетте қалай ашытылатыны туралы айтқан. Әйелдер қамыр жақсы көтерілу үшін ашытқыны әдейі қосады. Ашытқы ұнға араласып көрінбей кетеді, сондықтан әйелдер қамырдың қалай ашып жатқанын көрмейді. Бұл егістікке тұқым сеуіп, түнде ұйықтайтын кісіні есімізге салады. Иса ‘тұқым күні-түні көктеп, өсе беретінін’, ал ‘әлгі адам оның қалай өсіп жатқанын түсінбейтінін’ айтқан (Мар. 4:27). Рухани өсімнің көзге көрінбей жүретіні қалайша қарапайым суреттелген десеңші! Біз адамның рухани өсе бастағанын бастапқыда көрмеуіміз мүмкін, бірақ ақырында оның нәтижесі ап-айқын болады.

14. Ашытқының барлық қамырды ашытатыны нені бейнелейді?

14 Ашытқы туралы әңгімеде рухани өсімнің көзден таса болуымен қатар, оның кең етек алатынына да баса назар аударылған. Онда айтылғандай, ашытқы барлық қамырды, ‘үш астау ұнның’ бәрін, ашытады (Лұқа 13:21). Ашытқы сияқты, уағыздау ісі де шәкірттердің санының көбеюіне түрткі болып, Патшалық туралы хабар “жердің шетіне дейін” таралуда (Ел. іс. 1:8; Мат. 24:14). Патшалықты уағыздау ісінің осылай кең өріс алуына атсалысу неткен зор мәртебе!

Ау туралы астарлы әңгіме

15, 16. а) Ау туралы әңгімені қысқаша айтып беріңдер. ә) Ау нені бейнелейді және бұл астарлы әңгімеде Патшалық өсімінің қай қырына көңіл аударылады?

15 Иса Мәсіхтің шәкіртіміз деушілердің санынан гөрі “сапасы” маңызды. Ау туралы астарлы әңгімесінде Иса Патшалық өсімінің осы қырына көңіл аударған. Ол: “Құдай Патшалығын көлге тасталғанда әр түрлі балықтар түсетін аумен де салыстыруға болады”,— деді (Мат. 13:47).

16 Патшалық туралы уағыздау ісін бейнелейтін ауға әртүрлі балықтар түседі. Иса әңгімесін былай деп жалғастырады: “Ау толғанда оны жағаға шығарып, отыра қалып, жақсыларын ыдысқа жинап алып, нашарларын лақтырып тастайды. Ақыр заманда да осылай болмақ: періштелер келіп, жамандарды әділдерден ажыратып, жанып тұрған ошақ іспетті тозақ отына лақтырады. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады” (Мат. 13:48—50).

17. Ау туралы әңгімеде қай кезде болатын ажырату ісі жайлы айтылған?

17 Бұл жерде ғаламат ұлылықпен келген Иса қойларды серкелерден ажырататын соңғы сот жөнінде айтылып тұр ма? (Мат. 25:31—33). Жоқ. Аталмыш сот Иса ауыр азап кезінде келгенде жүзеге асырылады. Ал ау туралы әңгімеде “ақыр заманда”c орын алып жатқан ажыратылу жайында айтылған. “Ақыр заман” — соңында ауыр азапқа ұласатын біз өмір сүріп жатқан уақыт. Ендеше ажырату ісі қалай жүзеге асырылып жатыр?

18, 19. а) Бүгінде ажырату ісі қалай жүзеге асырылып жатыр? ә) Ақжүректі адамдардың не істегені маңызды? (21-беттегі сілтемені де ескеріңдер.)

18 Бүгінде адамзат теңізінен шыққан миллиондаған бейнелі балықтар Ехобаның ұйымына ағылып жатыр. Олардың кейбірі Еске алу кешіне келсе, өзге біреулері кездесулерге келіп тұрады, ал тағы біреулері Киелі кітапты зерттеуге қарсы емес. Бірақ олардың бәрі шынайы мәсіхшілердің қатарына қосылып жатыр ма? Олар ‘жағаға шығарылған’ болар, алайда Иса мәсіхшілер қауымын бейнелейтін ыдысқа тек ‘жақсы’ балықтардың ғана жинап алынатынын айтты. Нашар балықтар лақтырылады да, ақырында, жойылуды білдіретін жанып тұрған ошаққа тасталады.

19 Астарлы әңгімедегі нашар балық іспетті болып шыққандар да бар. Мысалы, кезінде Киелі кітапты зерттеуді бастағандардың біразы оны тоқтатқан. Ал мәсіхші отбасында өскендердің кейбірі Исаның соңынан еруді ешқашан шындап қаламаған. Олардың Ехобаға қызмет етуге ықыласы болмаған немесе қызмет етуді шешкен күннің өзінде бұлары ұзаққа созылмағанd (Езек. 33:32, 33). Алайда барлық ақжүректі адамдардың соңғы сот күні келмей тұрып, ыдысқа теңелген қауымдарға келіп, қауіпсіз жерде қалғандары өте маңызды.

20, 21. а) Жоғарыда қарастырған Исаның астарлы әңгімелерінен өсімге қатысты не білдік? ә) Сен не істеуге бел будың?

20 Сонымен, жоғарыда қарастырған Исаның астарлы әңгімелерінен өсімге қатысты не білдік? Біріншіден, қыша дәнінен үлкен өсімдік өсіп шығатыны сияқты, жер бетінде Құдай Патшалығы кереметтей өсуде. Ехобаның ісінің кең тарауына ештеңе кедергі бола алмайды! (Ишая 54:17). Бұған қоса, ‘[осы ағаштың] саясынан пана’ іздегендер рухани қорғаныш табуда. Екіншіден, өсімді Құдай береді. Ашытқының бүкіл қамырды қалай ашытатыны көрінбейтіні іспетті, өсім де үнемі көзге көріне немесе түсінікті бола бермейді, бірақ міндетті түрде болады. Үшіншіден, ізгі хабарды қабылдағандардың бәрі “жақсы балық” бола бермейді. Исаның астарлы әңгімесіндегідей, нашар болып шығатындары да болады.

21 Алайда Ехобаның қаншама адамды “жақсы балық” ретінде өзіне жақындатып тартып жатқанының куәсі болу — неткен қуаныш! (Жох. 6:44). Жер-жерлерде керемет өсім болып жатыр. Бұл үшін бар мадақ Ехоба Құдайға тиесілі. Осындай өсімді көріп отырғанымыз бізді бірнеше ғасыр бұрын жазылған келесі сөздерге құлақ асуға талпындыру керек: ‘Өз тұқымыңды ертеңгісін себетін бол, өйткені сен қайсысының дұрыс болатындығын немесе бастапқысы ма және келесісі ме бірдей жақсы болатындығын білмейсің’ (Екк. 11:6).

[Сілтемелер]

a Бұл астарлы әңгімелер “Күзет мұнарасының” келесі сандарында түсіндірілген болатын: 15 маусым 1992 жыл, 17—22 беттер (ор.); 1 қазан 1975 жыл, 589—608 беттер (ағ.). Ал енді осы әңгімелердің жаңа түсіндірмесі қарастырылады.

b Даниял 2:34, 35: “Сен соны көріп тұрған кезде таудан өз-өзінен тас құлап әлгі тұлғаға, оның темір мен саз аралас аяқтарына келіп соқтығып, пәрше-пәршесін шығарды. Сол арада бәрі күл-талқан болды: темір, саз, мыс, күміс және алтын жазғы қырманның тозаңындай боп мидай араласып, желге ұшып кетті, тіпті із-тозы да қалған жоқ; ал жансыз тұлғаны қиратқан тас ұлан-ғайыр тауға айналып, жер-әлемге орнап қалды”.

c Матай 13:39—43 тармақтардағы астарлы әңгімеде уағыздау ісінің басқа қырына көңіл бөлінгенімен, ол ау туралы астарлы әңгімемен бір уақытта, атап айтқанда “ақыр заманда”, орындалуда. Бейнелі балықты ажырату да — тұқым себу мен егін ору сияқты біраз уақытқа созылатын іс (“Күзет мұнарасы” (ор.) 15 қазан 2000 жыл, 25, 26-беттер; “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” 178—181 беттер, 8—11 абзацтар).

d Бұл зерттеу сабағын тоқтатқан немесе Ехоба куәгерлерімен байланысын үзген әр адамды періштелер “нашар” деп тауып, лақтырып тастаған дегенді білдіре ме? Жоқ! Ехоба өзіне шын жүректен бет бұрғысы келетін адамды қайта қабылдауға дайын (Малх. 3:7).

Қалай жауап берер едіңдер?

• Қыша дәні туралы астарлы әңгімеден Патшалықтың өсуі және рухани қорғаныш турасында не білеміз?

• Астарлы әңгімедегі ашытқы нені бейнелейді және Иса Патшалықтың өсуіне қатысты қандай шындыққа баса назар аударған?

• Ау туралы астарлы әңгімеде Патшалықтың өсуінің қай қырына көңіл аударылады?

• ‘Ыдысқа жинап алынғандардың’ арасында болу үшін не істеуіміз керек?

[18-беттегі суреттер]

Қыша дәні туралы астарлы әңгімеден Патшалықтың өсуі туралы не білдік?

[19-беттегі сурет]

Ашытқы туралы астарлы әңгімеден не білдік?

[21-беттегі сурет]

Жақсы балықтарды нашарларынан ажырату нені бейнелейді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу