Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.1. 25-б.
  • Теңдесі жоқ Әке

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Теңдесі жоқ Әке
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Әкеміз Ехоба бізді қатты жақсы көреді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Жақсы әке болу үшін не қажет?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаны Әке деп санайсың ба?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұлы Әкесінің болмысын танытуға ықыласты
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.1. 25-б.

Құдайға жақында.

Теңдесі жоқ Әке

Матай 3:16, 17

“ӘКЕ”. Адамда жылы сезімдер оятатын мұндай сөз кемде-кем. Балаларын шын сүйетін әке олардың жайнап өсуіне жағдай жасайды. Киелі кітапта Ехоба орынды түрде “Көктегі Әкеміз” деп аталған (Матай 6:9). Алайда Ехоба қандай Әке? Бұл сұраққа жауап табу үшін Иса шомылдыру рәсімінен өткенде, Ехобаның айтқан сөздерін қарастырайық. Өйткені әкенің баласына қалай сөйлейтінінен оның қандай әке екені жөнінде көп нәрсе білуге болады.

Шамамен б. з. 29 жылы Иса шомылдыру рәсімінен өту үшін Иордан өзеніне барады. Киелі кітапта ол жерде не болғаны былай деп әңгімеленеді: “Иса рәсімнен өтісімен дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса Өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп, қонған Құдай Рухын көрді. Сонда көктен: — Бұл Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!— деген дауыс естілді”a (Матай 3:16, 17). Ехобаның жылы сезімге толы осы сөздерінен оның қандай Әке екені туралы көп нәрсе білуге болады. Ехобаның өз Ұлына арнаған сөздеріндегі үш ойға назар аударайықшы.

Біріншіден, ‘Бұл Менің рухани Ұлым’ деуімен Ехоба, басқа сөзбен айтқанда: ‘Мен сенің Әкең екенімді мақтан тұтамын’,— деген. Балалар өздерін керек сезінгенді қалайды және елеусіз қалғылары келмейді, ал қырағы әке олардың осындай қажеттілігін қанағаттандырады. Баланы отбасында өз орны бар екеніне сендіріп отыру керек. Ересек болса да, Исаға Әкесінің мақұлдағанын естігені қатты әсер етсе керек!

Екіншіден, Исаны “сүйікті Ұлым” деуімен Ехоба өзінің сүйіспеншілігін ашық білдірген. Былайша айтқанда, Әкесі: “Мен сені жақсы көремін”,— деген. Жақсы әке балаларын жақсы көретінін айтып отырады. Мейірлене айтылған мұндай сөздер балаларға қанат бітіреді. Сүйіспеншілігін білдіргендегі Әкесінің мейірлі дауысын естігені Исаның жүрегіне ерекше жылы тиген болу керек!

Үшіншіден, “толықтай ризамын” деген сөздерімен Ехоба Ұлына көңілі толатынын білдірді. Басқаша айтқанда, ол: “Балам, сенің істерің мені қуантады”,— деді. Балаларын сүйетін әке олардың жақсы сөздері мен істеріне риза екенін білдіруге мүмкіндік іздейді. Ата-аналарының риза екенін білгені балаларға жігер мен сенімділік береді. Әкесінің көңілінен шыққанын білгені Исаны қатты жігерлендіргенінде күмән жоқ.

Расында да, Ехоба — теңдесі жоқ Әке. Осындай әкеңіздің болғанын қалайсыз ба? Олай болса, Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болу мүмкін екенін білу сізге жұбаныш беретін болар. Егер сенім таныта отырып, ол туралы білім алсаңыз және шын жүректен еркін орындауға ұмтылатын болсаңыз, ол да қадам жасайды. Киелі кітапта: “Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды”,— делінген (Жақып 4:8). Ехоба Құдаймен, ең жақсы Әкемен, тығыз қарым-қатынаста болудан басқа не нәрсе қауіпсіздік сезімін сыйлай алады дейсіз!?

[Сілтеме]

a Ал Лұқа жазған Ізгі хабарға сай, Ехоба “сен” деген есімдікті қолданып: “Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толықтай ризамын!”— деген (Лұқа 3:22).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу