Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.12. 22—26 бет.
  • Шәкірт дайындауға қажет қасиеттерді дамыт

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шәкірт дайындауға қажет қасиеттерді дамыт
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайға деген терең сүйіспеншілігіңді көрсет
  • Сүйіспеншілікпен адамдардың қамын ойла
  • Жанқиярлық рухын таныт
  • Шыдамды бол, бірақ уақытты босқа кетірме
  • Тәлім беру шеберлігін дамыт
  • Шәкірт дайындау ісіне құлшына атсалысайық
  • ‘Оларды сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!’
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Исаға еліктеп, сүйіспеншілікпен тәлім беріңдер
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Барыңдар да, шәкірттер дайындаңдар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Сіз шәкірт дайындап жүрсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.12. 22—26 бет.

Шәкірт дайындауға қажет қасиеттерді дамыт

‘Күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіңдер’ (МАТАЙ 28:19).

1. Құдайдың кейбір ежелгі қызметшілеріне қандай қабілеттер мен көзқарас қажет болған?

КЕЙДЕ Ехобаның қызметшілеріне оның еркін орындауға көмектесетін қабілет пен көзқарас дамыту керек болып жатады. Мысалы, Ыбырайым мен Сара, Құдайдың бұйрығы бойынша, өркениетті Ур қаласын тастап шықты. Сондықтан оларға қажетті қасиеттер дамытып, шатырда тұруды үйрену керек болды (Еврейлерге 11:8, 9, 15). Исраилдіктерді Уәде етілген жерге бастап бару үшін Ешуадан батылдық, Ехобаға деген сенімділік және Құдай Заңын білу талап етілді (Ешуа 1:7—9). Беселиел мен Аһолияп өз ісіне шебер болған шығар, сөйтсе де киелі шатырды соғу, оған қажетті заттарды жасау, сондай-ақ осы істі басқару үшін олар қабілеттерін Құдай рухының көмегімен шыңдай түскені сөзсіз (Мысырдан шығу 31:1—11).

2. Шәкірт дайындау ісіне қатысты қандай сұрақтарды қарастырамыз?

2 Ғасырлар өте, Иса Мәсіх ізбасарларына: “Күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп... сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!”— деп тапсырды (Матай 28:19, 20). Бұрын-соңды ешкімге мұндай ерекше іс тапсырылмаған. Шәкірт дайындау ісінде бізге қандай қасиеттер қажет? Оларды қалай дамытуымызға болады?

Құдайға деген терең сүйіспеншілігіңді көрсет

3. Шәкірт дайындауға қатысты бұйрықты орындау бізге қандай мүмкіндік береді?

3 Адамдармен сөйлесу және оларды шынайы Құдайға ғибадат етуге талпындыру үшін, бізде Оған деген терең сүйіспеншілік болу керек. Исраилдіктер Құдайға деген сүйіспеншіліктерін оның бұйрықтарына шын жүректен мойынсұну, ұнамды құрбандықтар әкелу және оны әнге салып мадақтау арқылы көрсете алатын (Заңды қайталау 10:12, 13; 30:19, 20; Забур 20:14; 95:1, 2; 137:5). Біз де, яғни шәкірт дайындаушылар, Құдай заңдарын орындаймыз, бірақ Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді өзгелерге оның өзі және еркі туралы айтуымызбен де көрсетеміз. Құдай берген үмітімізге деген сеніміміздің шынайы екені көрініп тұру үшін, біз дұрыс сөздер таңдап, сенімділікпен сөйлеуіміз керек (Салониқалықтарға 1-хат 1:5; Петірдің 1-хаты 3:15).

4. Неге адамдарға Ехоба жайлы тәлім беру Исаны қуанышқа бөлеген?

4 Иса Ехобаны қатты сүйген, сондықтан Оның ниеттері, Патшалық және шынайы ғибадат туралы айту оны зор қуанышқа бөлеген (Лұқа 8:1; Жохан 4:23, 24, 31). Иса: “Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған нәр болады”,— деген (Жохан 4:34). Забур жыршысының келесі сөздері Исаға қатысты айтылған: “Мен Сенің құзырыңды орындамақпын [“еркіңді орындаудан рақат табам”, ЖД], Құдайым менің, Сенің заңдарың да жүрек түкпірімде сақтаулы тұр. Мен ұлы жиында Сенің есіміңді марапаттадым; мен өз аузыма тыйым салған жоқпын: Жаратушы, Сен оны білесің” (Забур 39:9, 10; Еврейлерге 10:7—10).

5, 6. Шәкірт дайындау ісіне қажет басты қасиет қандай?

5 Киелі кітаптағы шындықты жаңадан біліп, Құдайға деген сүйіспеншілігі жалындап тұрған адамдар Ехоба мен оның Патшалығы туралы кейде зор сеніммен сөйлейтіні сонша — өзгелер Киелі кітапты зерттеуге ықылас білдіріп жатады (Жохан 1:41). Демек, бізді шәкірт дайындау ісіне қатысуға талпындыратын басты қасиет — Құдайға деген сүйіспеншілік. Ендеше ол әрқашан жалындап тұру үшін Құдай Сөзін үнемі оқып, оның үстінен ой жүгіртейік (Тімотеге 1-хат 4:6, 15; Аян 2:4).

6 Ехобаға деген сүйіспеншілік Иса Мәсіхтің құлшынысқа толы тәлімгер болуына көмектескені шүбәсіз. Бірақ оның шәкірт дайындау ісінде нәтижелі болуының себебі бұл ғана емес. Оған тағы қандай қасиет көмектескен?

Сүйіспеншілікпен адамдардың қамын ойла

7, 8. Иса адамдарға қалай қараған?

7 Иса адамдардың қамын ойлаған, сондай-ақ олардың игілігі оны қатты қызықтырған. Тіпті жерге келмей тұрып Құдайдың “шебер жұмысшысы” болғанда да, оның қуанышының адамзатпен байланысы болған (Нақыл сөздер 8:30, 31, ЖД). Ал адам болып жерде өмір сүргенде, Иса адамдарды аяп, олардың жанын сергітетін (Матай 11:28—30). Ол Ехобаның сүйіспеншілігі мен жанашырлығына еліктеген, сондықтан жалғыз шынайы Құдайға ғибадат ету адамдарға тартымды көрінген. Исаның тәлімін тыңдауға әртүрлі адамдар келген, өйткені ол оларды елеусіз қалдырмайтын және жағдайларын түсінетін (Лұқа 7:36—50; 18:15—17; 19:1—10).

8 Бір кісі мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеу керектігін сұрағанда, Иса оған қарап, жақсы көріп кетеді (Марқа 10:17—21). Бетанияда одан тәлім алған кейбір адамдар жайлы былай деп оқимыз: “Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді” (Жохан 11:1, 5). Ол өзгелердің қамын қатты ойлағаны сонша — кейде тіпті тынығуды ысырып қойып, тәлім беретін (Марқа 6:30—34). Исаның сүйіспеншілікке толы осындай қамқорлығы өзгелерді шынайы ғибадатқа баулуда оны ерекше нәтижелі еткен.

9. Шәкірт дайындаушы Пауыл өзгелерге қалай қараған?

9 Елші Пауылды да өзі уағыздаған адамдардың игілігі барынша қызықтырған. Мысалы, ол мәсіхші болған салониқалықтарға: “Осылай жақсы көріп, Құдайдың Ізгі хабарын ғана жеткізген жоқпыз, жүрегімізді де алдарыңа жайып салдық, өйткені сендер бізге сүйкімді болып кеттіңдер”,— деген. Пауылдың сүйіспеншілікпен күш салғанының арқасында Салониқадағы кейбіреулер ‘жалған тәңірлерден бас тартып, тірі Құдайға қызмет ете’ бастаған (Салониқалықтарға 1-хат 1:9; 2:8). Иса мен Пауыл сияқты, шын көңілден адамдардың қамын ойлайтын болсақ, біз де ізгі хабардың “мәңгі өмір сүруге ыңғай танытқандардың” жүрегіне жеткенін көріп, қуанамыз (Елшілердің істері 13:48, ЖД).

Жанқиярлық рухын таныт

10, 11. Неге шәкірт дайындау ісінде бізге жанқиярлық рухы қажет?

10 Жақсы шәкірт дайындаушы жанқиярлық рухын танытады. Оның баюды мақсат етпейтіні анық. Иса шәкірттеріне: “Мал-мүлікке бай адамдардың Құдай Патшалығына кіруі қандай қиын!”— деген. Шәкірттері бұған қайран қалды, бірақ ол: “Жігіттер! Байлықтарына сенгендер үшін Құдай Патшалығына кіру қандай қиын! Байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай”,— деп қосты (Марқа 10:23—25). Иса ізбасарларына шәкірт дайындау ісіне баса көңіл бөлу үшін қарапайым өмір сүруге кеңес берді (Матай 6:22—24, 33). Неге шәкірт дайындау ісінде жанқиярлық рухы қажет?

11 Өзгелерге Исаның өсиет еткендерінің бәрін үйрету көп күш салуды талап етеді. Шәкірт дайындағысы келетін жариялаушы әдетте Киелі кітап зерттеу сабағын апта сайын өткізуге тырысады. Кейбір жариялаушылар ақ жүректі адамдарды іздеуге көбірек уақыт бөлу үшін жарты күндік жұмысқа ауысып жатады. Мыңдаған мәсіхшілер өз еліндегі басқа тілде сөйлейтін адамдарға уағыздау үшін солардың тілін үйренуде. Өзге біреулері орақ ісіне көбірек атсалысу үшін үйлерін қалдырып, басқа аймаққа не елге көшіп баруда (Матай 9:37, 38). Мұның бәрі жанқиярлықты талап етеді. Бірақ шәкірт дайындау ісінде жемісті болу үшін бұдан да көп нәрсе керек.

Шыдамды бол, бірақ уақытты босқа кетірме

12, 13. Неге шәкірт дайындағанда, шыдамды болу аса маңызды?

12 Шәкірт дайындауға көмектесетін тағы бір қасиет — шыдамдылық. Біздің хабарымыз кідірмей әрекет етуді талап ететіні рас, бірақ шәкірт дайындау үшін біршама уақыт пен шыдамдылық қажет (Қорынттықтарға 1-хат 7:29). Иса бауыры Жақыпқа шыдамдылық танытқан. Жақып Исаның уағызы туралы жақсы білген болу керек, сөйтсе де оның шәкірті болудан қандай да бір себептермен біраз уақыт тартыншақтап жүрген (Жохан 7:5). Алайда Мәсіхтің өлімі мен б. з. 33 жылғы Алғашқы өнім мейрамының аралығындағы қысқа уақыттың ішінде Жақып Исаның шәкірті болғанға ұқсайды. Өйткені Жазбалардан оның шешесі мен бауырлары елшілермен дұға еткенде, ол да сол жерде болған деп пайымдауға негіз бар (Елшілердің істері 1:13, 14). Жақып керемет рухани жетістіктерге жетіп, кейінірек, мәсіхшілер қауымында жауапты міндеттер атқарады (Елшілердің істері 15:13; Қорынттықтарға 1-хат 15:7).

13 Диқаншылар секілді, мәсіхшілер де әдетте баяу өсетін нәрселер өсіреді, атап айтқанда, олар өзгелерге Құдай Сөзін түсіну, Ехобаға деген сүйіспеншілік, Мәсіхтікіндей рух дамытуға көмектеседі. Сондықтан оларға шыдамдылық қажет. Шәкірт Жақып былай деген: “Бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суаруын төзімділікпен күтеді. Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек” (Жақып 5:7, 8). Жақып бауырластарын ‘Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдауға’ шақырған. Шәкірттері бірдеңені ұқпай қалса, Иса шыдамдылықпен түсіндіретін немесе мысал келтіретін (Матай 13:10—23; Лұқа 19:11; 21:7; Елшілердің істері 1:6—8). Иеміз келіп қойған қазіргі уақытта бізге де шәкірт дайындағанда, шыдамдылық қажет. Бүгінде Исаның ізбасары болып жатқандар нұсқаудың шыдамдылықпен берілгеніне мұқтаж (Жохан 14:9).

14. Шыдамды бола тұра, шәкірт дайындау ісінде қалай уақытты дұрыс пайдалана аламыз?

14 Әйтсе де біздің шыдамды болғанымызға қарамастан, Киелі кітапты зерттеуді бастағандардың басым көпшілігінде ізгі хабар өнім бермейді (Матай 13:18—23). Сондықтан оларға қолдан келгенше көмектесуге тырысқан соң, уақытты босқа кетірмей, Киелі кітаптағы шындықты бағалайтындарды іздеген дұрыс (Екклесиаст 3:1, 6). Тіпті осындай адамдарға көзқарастарын, ниеті мен құндылықтарын өзгертуге көмектесудің өзі біраз күш салуды талап етуі мүмкін. Сондықтан Исаның дұрыс көзқарас дамыту оңай болмаған шәкірттеріне шыдамды болғаны сияқты, біз де шыдамдылық танытамыз (Марқа 9:33—37; 10:35—45).

Тәлім беру шеберлігін дамыт

15, 16. Неге шәкірт дайындағанда, қарапайым сөйлеу мен жақсы дайындықтың маңызы зор?

15 Құдайға деген сүйіспеншілік, адамдардың қамын ойлау, жанқиярлық рухы және шыдамдылық — шәкірт дайындауда жемісті болу үшін аса қажетті қасиеттер. Алайда біз тәлім беру шеберлігін де дамытуымыз керек, өйткені соның арқасында анық әрі қарапайым етіп тәлім бере аламыз. Ұлы ұстаз Иса Мәсіхтің сөздерінің көбісін ерекше әсерлі еткен қарапайымдылық еді. Бәлкім, оның келесі сөздері есіңде шығар: “Байлықты көкте жинаңдар!”, “қасиеттілерді иттерге тастамаңдар”, “даналық өзінен туған істермен ақталады”, “патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер!” (Матай 6:20; 7:6; 11:19; 22:21). Әрине, Иса тек қысқа-қысқа сөздермен сөйлемеген. Ол анық етіп тәлім беретін, әрі қажет болғанда, қосымша түсіндіретін. Исаның тәлім беру әдісіне қалай еліктей аламыз?

16 Қарапайым да анық етіп тәлім берудің кілті — жақсы дайындық. Дайындалмаған жариялаушы әдетте тым көп сөйлейді. Ол талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты бар білгенін айтып, көп сөйлегендіктен басты ойларды көмескілеп жіберуі мүмкін. Ал жақсы дайындалған тәлімгер зерттеуші мен тақырып туралы ойланып, тек қажет мәліметті жеткізеді (Нақыл сөздер 15:28; Қорынттықтарға 1-хат 2:1, 2). Ол адамның осыған дейін алған білімін ескеріп, сабақ барысында не нәрсеге баса назар аудару керектігін ойластырады. Жариялаушы талқыланатын тақырыпқа қатысты көп қызықты нәрсе білетін болар, бірақ зерттеуші тақырыпты анық түсіну үшін, артық мәлімет бермейді.

17. Адамдарға Жазбалардың үстінен ой жүгіртуге қалай көмектесе аламыз?

17 Сонымен қатар Иса адамдарға мәлімет беріп қана қоймаған, қайта, оларға ой жүгіртуге көмектескен. Мысалы, бірде ол: “Шимон, қалай ойлайсың: осы дүниелік патшалар алым-салықты кімнен жинайды — өз халқынан ба, әлде бөтендерден бе?”— деп сұрайды (Матай 17:25). Бәлкім, біз Киелі кітаптағы ілімдерді түсіндіруді қатты ұнататын шығармыз, сондықтан зерттеушіге өз ойын айтуға немесе мәліметті түсіндіруге мүмкіндік беру үшін ұстамды болуымыз керек. Адамға тым көп сұрақ қоя берген, әдетте, тиімді емес. Қайта, ілтипат танытқанымыз, ұтымды мысалдар келтіргеніміз және жақсылап ойластырылған сұрақтар қойғанымыз оған басылымдардағы Жазбаларға қатысты ойларды түсінуге көмектеседі.

18. “Тәлім беру шеберлігіне” не жатады?

18 Киелі кітапта “тәлім беру шеберлігі” жайлы айтылған (Тімотеге 2-хат 4:2, ЖД). Бұл адамға мәліметті есте сақтауға көмектесуден әлдеқайда көп нәрсені білдіреді. Біз зерттеушінің ақиқат пен жалғанның, жақсы мен жаманның, даналық пен надандықтың арасындағы айырмашылықты түсінуіне көмектесуге тырысуымыз керек. Егер осылай ететін және жүрегіне Ехобаға деген сүйіспеншілік ұялатуға тырысатын болсақ, зерттеуші Құдайға не себептен мойынсұну керектігін түсінуі мүмкін.

Шәкірт дайындау ісіне құлшына атсалысайық

19. Неге шәкірт дайындау ісіне барлық мәсіхші үлес қосады деуге болады?

19 Мәсіхшілер қауымы — шәкірттер дайындайтын ұйым. Біреу шәкірт болғанда, бұған тек оны кездестіріп, Киелі кітапты зерттеген Куәгер ғана қуанбайды. Мысалы, жоғалған баланы табу үшін іздеушілер тобы құрылғанда, баланы олардың біреуі ғана табуы мүмкін. Ал бала ата-анасымен қауышқанда, бұған іздеуге қатысқандардың бәрі қуанады (Лұқа 15:6, 7). Шәкірт дайындау да — жалғыз адам атқаратын іс емес. Исаның шәкірті болуы мүмкін адамдарды мәсіхшілердің бәрі іздейді. Ал бір адам Патшалық сарайындағы кездесулерге келе бастаса, оның шынайы ғибадатқа деген ризашылығын арттыруына қауымдағы әрбір мәсіхші өз үлесін қосады (Қорынттықтарға 1-хат 14:24, 25). Сондықтан жыл сайын мыңдаған адамның Исаның шәкірті болып жатқанына мәсіхшілердің бәрі қуанады.

20. Біреуге Киелі кітаптағы шындықты үйреткің келсе, не істеуің керек?

20 Көп адал мәсіхшілер біреуге Ехоба және шынайы ғибадат туралы тәлім беруді қатты қалайды. Алайда қанша күш салғандарына қарамастан, олардың Киелі кітапты зерттеу сабақтары жоқ шығар. Сенің жағдайыңда да солай болса, Ехобаға деген сүйіспеншілігіңді нығайта бер, адамдардың қамын ойла, жанқиярлық рухы мен шыдамдылық таныт және тәлім беру шеберлігіңді шыңда. Ал, ең бастысы — біреуге Киелі кітаптағы шындықты үйретуді қалайтының туралы дұға ет (Екклесиаст 11:1). Есіңде болсын, Ехобаға қызмет ете жүріп істеген кез келген ісің арқылы сен шәкірт дайындау ісіне өз үлесіңді қосасың, әрі Оны мадақтайсың.

Түсіндіріп бере аласыңдар ма?

• Неге шәкірт дайындау ісі арқылы Құдайға деген сүйіспеншілігіміз тексеріледі деуге болады?

• Шәкірт дайындаушыға қандай қасиеттер қажет?

• “Тәлім беру шеберлігіне” не жатады?

[22-беттегі сурет]

Шәкірт дайындау арқылы мәсіхшілер Құдайға деген зор сүйіспеншіліктерін көрсетеді

[23-беттегі сурет]

Неге шәкірт дайындаушыны өзгелердің игілігі қызықтыру керек?

[24-беттегі сурет]

Шәкірт дайындаушыға қандай қасиеттер қажет?

[25-беттегі сурет]

Шәкірт дайындау ісінің керемет жемісі мәсіхшілердің бәрін қуантады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу