Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.11. 19—23 бет.
  • Ар-ұжданыңның айтқанымен жүр

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ар-ұжданыңның айтқанымен жүр
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ар-ұжданы арамданғандар
  • “Көңілі тазаларға бәрі де таза”
  •  Әртүрлі ар-ұждан және әртүрлі шешім
  • Ар-ұжданыңды қалай таза сақтай аласың?
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ар тазалығы Құдай алдында бағалы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Ар-ұжданың сенімді бағыт-бағдар бере ме?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ішкі дауысыңа құлақ ас
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.11. 19—23 бет.

Ар-ұжданыңның айтқанымен жүр

“Көңілі тазаларға бәрі де таза, ал күнәға былғанып, сенбейтіндер үшін еш нәрсе де таза емес” (ТИТКЕ 1:15).

1. Пауыл Криттегі қауымдардың қамы үшін не істеді?

ЕЛШІ ПАУЛ үш миссионерлік сапарын аяқтаған соң, тұтқынға алынып, ақырында, Римге жіберіледі де, екі жыл сол жерде түрмеде отырады. Босатылған соң, Пауыл не істеді? Араға біраз уақыт салып, ол Титпен бірге Крит аралына барады. Пауыл: “Мен сені Критте аяқталмай қалған істерді реттеп [“кемшіліктерді түзетіп”, ЖД] ...қауымға жетекшілер тағайындау үшін қалдырған едім”,— деген сөздерін сол Титке айтқан еді (Титке 1:5). Оның бұл тапсырмасына ар-ұжданға қатысты мәселелерді қарастыру да кірді.

2. Крит аралында қандай проблема болған?

2 Пауыл Титке қауым ақсақалдарына қойылатын талаптар жайлы айтқан соң, ол жерде “бағынбайтындар, бос сөйлеушілер мен алдаушылар көп” екеніне нұсқаған. Олар ‘оқытпауға тиісті нәрселерді насихаттап, кейбір отбасыларын түгелдей тура жолдан адастыратын’. Тит оларды әшкерелеу керек еді (Титке 1:10—14; Тімотеге 1-хат 4:7). Әдемі киімге бояу тисе, былғанып қалатыны сияқты, Пауыл олардың ақыл-естері мен ар-ұждандары былғанып, ‘арамданғанын’ айтты (Титке 1:15). Сол адамдардың кейбірі яһудилер болса керек, өйткені олар “яһуди дәстүрлерін”, атап айтқанда сүндеттеу рәсімін, ұстанатын. Әрине, бүгінде осындай көзқарасты ұстанып, қауымдағыларды бұзып жүрген ер кісілер жоқ, дегенмен де Пауылдың Титке берген кеңесінен ар-ұждан жайлы көп нәрсе біле аламыз.

Ар-ұжданы арамданғандар

3. Пауыл Титке ар-ұждан жөнінде не жазды?

3 Пауыл ар-ұждан туралы қандай жағдайда айтқанына көңіл бөлейікші. Ол: “Көңілі тазаларға бәрі де таза, ал күнәға былғанып, сенбейтіндер үшін еш нәрсе де таза емес, олар ақыл-естері де, ар-ұждандары да арамданғандар. Құдайды білеміз десе де, мұнысын іс-әрекеттерімен жоққа шығарады”,— деді. Иә, сол уақытта ‘дұрыс сенімді ұстану’ үшін кейбіреулерге өзгерістер жасау керек болған (Титке 1:13, 15, 16). Олар таза мен арамды ажырата алмайтын, ал бұл ар-ұждандарымен байланысты еді.

4, 5. Криттегі кейбір мәсіхшілердің қандай кемшілігі болған және бұл оларға қалай әсер еткен?

4 Осы оқиғадан он жылдан астам уақыт бұрын басқарушы кеңес Ехобаға қызмет ету үшін енді сүндеттелудің қажеті жоқ деп шешіп, бұл жайлы қауымдарды хабардар еткен болатын (Елшілердің істері 15:1, 2, 19—29). Алайда Криттегі кейбір мәсіхшілер әлі де сүндеттеу рәсімін ұстанатын. Олар басқарушы кеңестің шешімімен ашықтан-ашық келіспей, ‘оқытпауға тиісті нәрселерді насихаттады’ (Титке 1:10, 11). Көзқарастары бұрмаланған олар Таурат заңындағы тамақ пен тазару рәсімдеріне қатысты ережелерді қолдайтын. Тіпті олар Исаның күніндегі бабалары сияқты, Таурат заңында айтылғандарды әсірелей түскен, сондай-ақ яһуди аңыздары мен адам ойынан шығарылған ережелерді жақтаған болуы мүмкін (Марқа 7:2, 3, 5, 15; Тімотеге 1-хат 4:3).

5 Мұндай көзқарас олардың ақыл-парасаты мен ар-ұждандарына кері әсер етті. Пауыл: “Күнәға былғанып, сенбейтіндер үшін еш нәрсе де таза емес”,— деп жазды. Олардың ар-ұждандарының бүлінгені сонша — іс-әрекеттері мен баға беру қабілеттеріне сенімді басшылық беруден қалған еді. Сонымен қатар олар әр мәсіхші әртүрлі әрекет етуі мүмкін жеке мәселелерде бауырластарын айыптайтын. Олар шын мәнінде арам емес нәрсені арам деп есептеген (Римдіктерге 14:17; Қолостықтарға 2:16). Бұл мәсіхшілер Құдайды білеміз дегенімен, мұнысын іс-әрекеттерімен жоққа шығарды (Титке 1:16).

“Көңілі тазаларға бәрі де таза”

6. Пауыл адамдардың қандай екі тобы жайлы айтқан?

6 Пауылдың Титке жазған сөздерінің біз үшін қандай пайдасы бар? Байқасақ, Пауыл екі түрлі жайтты айтқан: “Көңілі тазаларға бәрі де таза, ал күнәға былғанып, сенбейтіндер үшін еш нәрсе де таза емес” (Титке 1:15). Әрине, Пауыл бұл жерде моральдық жағынан таза мәсіхшіге кез келген нәрсе таза әрі ешқандай тыйым жоқ дегісі келмеген. Бұлай деуіміздің себебі — ол басқа хатында азғындық, жалған тәңірге табынушылық, сиқыршылық сияқты нәрселермен айналысатын адамға “Құдай Патшалығында орын жоқ” екенін анық айтқан (Ғалаттықтарға 5:19—21). Олай болса, Пауыл адамдардың екі тобы — моральдық әрі рухани жағынан таза және ондай емес адамдардың әдетте қалай әрекет ететіні туралы айтқан.

7. Еврейлерге 13:4-те не нәрсеге тыйым салынған, бірақ қандай сұрақ туындауы мүмкін?

7 Шынайы мәсіхшілер Киелі кітапта нақты тыйым салынған нәрселерден ғана аулақ болып қоймайды. Мысалы, “Некеге барлығың да құрметпен қарап, жар төсегін былғамаңдар! Азғындар және неке адалдығын бұзғандар Құдай сотына түспек”,— деп анық айтылған нұсқауды алайық (Еврейлерге 13:4). Мәсіхші емес адамдар да, Киелі кітаптан хабары жоқтар да бірден бұл тармақтың азғындыққа тыйым салатынын айтар еді. Осы және басқа да Жазба орындарынан Құдай еркектің не әйелдің заңды зайыбының көзіне шөп салуын айыптайтыны анық көрінеді. Алайда некеде тұрмайтындардың арасындағы оральды секс жайлы не деуге болады? Жасөспірімдердің көбісі мұны жыныстық жақындасу болмағандықтан, зиянсыз дегенге саяды. Ал мәсіхшілер оны таза деп есептей ала ма?

8. Оральды секске қатысты мәсіхшілердің көзқарасы осы дүниедегі көп адамдікінен қалай ерекшеленеді?

8 Еврейлерге 13:4 пен Қорынттықтарға 1-хат 6:9-дан неке адалдығын бұзу да, азғындық та (грекше порниа) Құдайға ұнамсыз екені көрінеді. Ал азғындыққа не жатады? Азғындық деп аударылған грек сөзі жыныс мүшелерін табиғи не табиғи емес жолмен анайы түрде қолдануды білдіреді. Оған Жазбаларға сай құрылған некеден тыс рұқсат етілмеген жыныстық қатынастың барлық түрі кіреді. Сондықтан дүниежүзіндегі көп жасөспірімдердің оральды сексте тұрған ештеңе жоқ деп еститіндеріне не сондай қорытындыға келгендеріне қарамастан, ол да азғындыққа жатады. Бірақ шынайы мәсіхшілер ойлары мен іс-әрекеттеріне ‘бос сөйлеушілер мен алдаушылардың’ пікірлерінің әсер етуіне жол бермейді (Титке 1:10). Олар Киелі жазбалардағы жоғары нормаларды ұстанады. Оральды сексті ақтаудың орнына, олар Жазбаларға сәйкес оның азғындық, порниа, екенін түсінеді, әрі ар-ұждандарын соған сай тәрбиелейдіa (Елшілердің істері 21:25; Қорынттықтарға 1-хат 6:18; Ефестіктерге 5:3).

 Әртүрлі ар-ұждан және әртүрлі шешім

9. “Бәрі де таза” болатын болса, ар-ұжданның рөлі қандай?

9 Ал Пауылдың “көңілі тазаларға бәрі де таза” деген сөздері нені білдіреді? Ол ойлары мен ар-ұждандарын Құдайдың рухтандырылған Сөзіндегі нормаларына сай тәрбиелеген мәсіхшілер туралы айтқан. Мұндай мәсіхшілер Құдай тікелей айыптамайтын көп мәселелерге қатысты бауырластардың көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін екенін түсінеді. Олар Құдай айыптамайтын нәрселерді “таза” деп біледі, сондықтан ешкімге үкім айтпайды. Сондай-ақ Киелі кітапта нақты нұсқау берілмеген жайттарға қатысты өзгелердің ойы өздерінікімен бір жерден шығады деп күтпейді. Қазір өмірде кездесуі мүмкін келесі мысалдарды қарастырып көрейік.

10. Жерлеу рәсіміне (не үйлену тойына) баруға қатысты қандай қиындық тууы мүмкін?

10 Ерлі-зайыптылардың бірі ғана Куәгер болған отбасылары көп (Петірдің 1-хаты 3:1; 4:3). Мұндай отбасыларында жерлеу рәсіміне немесе үйлену тойына бару-бармауға қатысты әртүрлі қиындықтар тууы мүмкін. Мысалы, бір әйел бауырластың күйеуі әлі Куәгер емес делік. Оның туыстарының бірі қайтыс болып, жерлеу рәсімі жергілікті діни әдет-ғұрып бойынша өтпекші. (Немесе туысының бірі үйленіп, тойда діни жоралар жасалмақ.) Күйеуі әйелінің өзімен бірге барғанын қалайды. Әйелінің ар-ұжданы не дейді? Ол онда бара ма? Мұндай жағдайда екі түрлі шешім қабылдануы мүмкін.

11. Мәсіхші әйел жерлеу рәсіміне бару-бармауға қатысты не ойлауы және қандай шешімге келуі мүмкін?

11 Бауырлас, оны Сара деп атайық, Киелі кітаптағы “Ұлы Бабылдан”, яғни дүниежүзілік жалған діндер империясынан, шығуға қатысты маңызды бұйрық жайлы ойланады (Аян 18:2, 4). Жерлеу рәсімінде оның бұрын ұстанған дініндегі жора-жоралғылар жасалмақ, әрі онда келгендерден соларға қатысу талап етілетінін ол біледі. Ол мұндай нәрселерге қатыспауға бел буады; онда мінсіздігінен тайдыруға қысым жасалатындықтан, тіпті ол жерге барғысы да келмейді. Сара күйеуін құрметтейді әрі Жазбаларға сай отағасы ретінде қарап, оны қолдауды қалайды. Бірақ Киелі кітап принциптеріне қайшы әрекет еткісі де келмейді (Елшілердің істері 5:29). Сол себепті күйеуі қалағанмен, өзінің жерлеу рәсіміне бара алмайтынын ілтипатпен айтып түсіндіреді. Онда барса, қандай да бір жораға қатысудан бас тартып, күйеуін ұятқа қалдыруы мүмкін екенін, сондықтан жерлеуге бармай-ақ қойғаны ол үшін дұрыс болатынын түсіндіретін шығар. Осылай шешкенінің арқасында ол ар-ұжданының алдында өзін таза сезінеді.

12. Жерлеу рәсіміне баруға қатысты өзге бауырлас не ойлауы және қалай әрекет етуі мүмкін?

12 Роза деген бауырлас та осындай жағдайға тап болды делік. Ол да күйеуін құрметтейді, Құдайға адал болғысы келеді және Киелі кітапқа сай тәрбиелеген ар-ұжданының айтқанымен жүреді. Саранікі сияқты жайттардың үстінен ой жүгірткеннен кейін, ол дұға ете отырып 2002 жылдың 15 мамырдағы “Күзет мұнарасының” (ор.) “Оқырман сауалдары” айдарындағы мәліметке жүгінеді. Ол үш еврей жігітінің бұйрыққа бағынып, жалған тәңір мүсініне табынатын жерге келгенін, бірақ оған бас имей, мінсіздіктерін сақтап қалғанын есіне түсіреді (Даниял 3:15—18). Сөйтіп, күйеуімен бірге жерлеу рәсіміне баруды, бірақ діни жораларға қатыспауды шешеді; мұнысымен өз ар-ұжданына сай әрекет етеді. Ол жұбайына ар-ұжданы не нәрсеге жіберетінін, ал нені істей алмайтынын ілтипатпен әрі анық айтып түсіндіреді. Роза күйеуі шынайы ғибадат пен жалған ғибадаттың айырмашылығын өз көзімен көреді деп үміттенеді (Елшілердің істері 24:16).

13. Екі мәсіхшінің екі түрлі шешімге келуі неге бізді таңғалдырмау керек?

13 Екі мәсіхшінің екі түрлі шешімге келгені адам не істесе де бәрібір немесе біреуінің ар-ұжданы әлсіз дегенді білдіре ме? Жоқ. Кезінде діни салт-жораларды қатты ұстанғандықтан Сара жерлеуге барғаны өзіне кері әсер етеді деп есептеуі мүмкін. Сондай-ақ дінге қатысты күйеуінің бұрын көрсеткен қарсылығы да оның ар-ұжданына әсер еткен болар. Сондықтан ол қабылдаған шешімінің өзі үшін ең дұрыс шешім екеніне сенімді.

14. Әркімнің жеке шешіміне қатысты мәсіхшілер нені есте ұстаулары керек?

14 Сонда Розаның шешімінің дұрыс болмағаны ма? Бұлай деуге ешкімнің құқы жоқ. Оның жерлеу рәсіміне барып, бірақ діни жораларға қатыспауды ұйғарғанын ешкім айыптамауы да, сынап-мінемеуі де керек. Пауылдың белгілі бір асты жеу не жемеу туралы адамның жеке шешіміне қатысты берген кеңесін естен шығармауымыз керек. Ол былай деген: “Ет жейтін бауырлас одан бас тартқанды қорламасын, ал еттен бас тартқан бауырлас оны жейтінді айыптамасын... Қызметшісін ақтау не айыптау — Иесінің ісі. Бауырласың ақталады, әрі теріс жолға түсуден сақталады, себебі оны сенім жолында ұстауға Тәңірдің құдіреті жеткілікті” (Римдіктерге 14:3, 4). Иә, ешбір шынайы мәсіхші ешкімді тәрбиеленген ар-ұжданының басшылығын елемеуге талпындырғысы келмес еді, өйткені бұл өмірді сақтап қалуы мүмкін дауысты елемеумен пара-пар болар еді.

15. Неге өзгелердің ар-ұжданы мен сезімін ескеру өте маңызды?

15 Осы мысалды әрі қарай жалғастырсақ, екі мәсіхші де тағы басқа жайттарды, мысалы шешімдерінің басқаларға қалай әсер ететінін, есепке алулары керек. Пауыл: “Бауырласыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!”— деген кеңес берген (Римдіктерге 14:13). Сара бұрын осыған ұқсас жағдайлардың қауымға немесе өз отбасына кері әсер еткені жөнінде ойланған болар, сондай-ақ әрекетінің балаларына қатты әсер етуі мүмкін екенін ескерген шығар. Ал Роза өз шешімінің қауымға да, өзгелерге де кері әсер етпейтініне сенімді болған шығар. Екі әйел де мынаны түсінулері керек: дұрыс тәрбиеленген ар-ұждан өзгелердің сезімін ескереді. Бұны бәріміз де түсінгеніміз жөн. Иса: “Кім Маған сенетін осы кішкенелердің біреуін теріс жолға түсірсе, сол адам үшін мойнына диірменнің тасы байланып, теңіздің тұңғиығына батырылғаны жақсырақ болар еді-ау!”— деген (Матай 18:6). Адам өзінің әрекеті өзгелерді теріс жолға түсіруі, немесе сүріндіруі, мүмкін екеніне көз жұмса, Криттегі кейбір мәсіхшілер сияқты ар-ұжданы арамдануы мүмкін.

16. Мәсіхші уақыт өте қандай өзгерістер жасайды деп күтуге болады?

16 Уақыт өткен сайын мәсіхші рухани өсе беруі және ар-ұжданының дауысына көбірек құлақ асуды үйрене беруі керек. Мынадай жағдайды елестетіп көрейікші: Марат жуырда ғана шомылдыру рәсімінен өтті. Ар-ұжданы оған бұрын айналысқан Киелі кітапқа қайшы істерден, мысалы жалған тәңірлерге табынудан не қаннан, аулақ болуды айтады (Елшілердің істері 21:25). Енді ол тіпті Құдай тыйым салатындарға ұқсайды-ау деген нәрселердің бәрінен барынша аулақ жүреді. Алайда Марат өзі оғаш көрмейтін нәрселерден, мысалы қандай да бір теледидар бағдарламаларынан, кейбіреулердің неге бас тартатынын түсінбейді.

17. Уақыт өте келе рухани өскені мәсіхшінің ар-ұжданы мен шешімдеріне қалай әсер ететінін түсіндір.

17 Уақыт өте келе Марат білімі көбейіп, Құдайға жақындай түседі (Қолостықтарға 1:9, 10). Мұның нәтижесі қандай болуы мүмкін? Оның ар-ұжданы әжептәуір тәрбиеленеді. Енді Марат ішкі даусына құлақ асуға және Жазбадағы принциптерді мұқият саралауға әлдеқайда бейім. Ол “тыйым салынатындарға ұқсайды-ау” деп бұрын қашып жүрген нәрселердің кейбірі шын мәнінде Құдайдың көзқарасына қайшы келмейтінін түсінеді. Оның үстіне, Киелі кітап принциптерін көбірек ұстанғаны және жақсылап тәрбиеленген ар-ұжданына құлақ асуға дайын болғаны оны бұрын ар-ұжданы орынды деп есептеген бағдарламаларды көрмеуге талпындырады. Иә, оның ар-ұжданы жақсара түсті (Забур 36:31).

18. Қуанышты болуға бізде қандай себеп бар?

18 Қауымдардың басым көпшілігі рухани күйі әртүрлі бауырластардан тұрады. Ал кейбірі шындыққа енді ғана келген. Олардың ар-ұжданының дауысы кейбір мәселелерде болар-болмас шықса, өзге бір мәселеде қатты шығатын шығар. Ехобаның нұсқаулары мен тәрбиеленген ар-ұждандарына құлақ асуды үйрену үшін оларға уақыт пен көмек қажет болуы мүмкін (Ефестіктерге 4:14, 15). Қуанышқа орай, қауымдарында оларға көмек көрсететін білімі терең, Киелі кітап принциптерін қолдана білетін және ар-ұждандары Құдайдың ой қалпына барынша сай тәрбиеленген бауырластар көп болар. Иемізге ұнамды нәрселерді құлықтылық және рухани жағынан “таза” деп білетін осындай “таза” адамдардың арасында болу қандай бақыт! (Ефестіктерге 5:10) Барлығымыздың мақсатымыз ар-ұжданымызды осындай деңгейге дейін тәрбиелеп, әрі оны Құдайға адал болу үшін шындықтың тура біліміне сай етіп сақтау болғай (Титке 1:1).

[Сілтеме]

a 1984 жылғы “Күзет мұнарасының” (ор.) 1 желтоқсандағы санында, 22, 23-беттерде ерлі-зайыптыларға кеңестер берілген.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Неге Криттегі кейбір мәсіхшілердің ар-ұждандары арамданған еді?

• Ар-ұждандары жақсы тәрбиеленген екі мәсіхші қалай екі түрлі шешім қабылдауы мүмкін?

• Уақыт өте келе мәсіхшінің ар-ұжданы қалай өзгеру керек?

[20-беттегі карта]

(Толық мәтінді басылымнан қара)

Сицилия

ГРЕКИЯ

Крит

КІШІ АЗИЯ

Кипр

ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ

[22-беттегі сурет]

Бір жағдайға қатысты екі мәсіхші екі түрлі шешім қабылдауы мүмкін

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу