Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.8. 3—5 бет.
  • Барлық адам өз қадірін сезіне алады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Барлық адам өз қадірін сезіне алады
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәселенің түп-тамыры
  • Ехоба адамның өзін қадірлеу сезімін сыйлайды
  • Иса басқа адамдардың өз-өзін қадірлеу сезімін сыйлаған
  • Адамның өз-өзін қадірлеу сезімін сыйлауға көмектесетін ереже
  • Адам баласы қайтадан өзінің нағыз қадірін сезінетін болады
  • Құрметке лайықты әрекетіңмен Ехобаны даңқта
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның ниеті міндетті түрде орындалады!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Құдайдың адамзатқа қатысты қалауы қандай?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.8. 3—5 бет.

Барлық адам өз қадірін сезіне алады

“Біз адамның өзін қадірлеу сезімі мәңгі бақи құрметтелетін жаңа — бұдан әлдеқайда жақсы — дүние құруымыз керек”

АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ГАРРИ ТРУМЭН, САН-ФРАНЦИСКО, КАЛИФОРНИЯ, АҚШ, 25 СӘУІР, 1945 ЖЫЛ.

ЕКІНШІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы көп адамдар сияқты президент Трумэн де адам баласы өткенінен үйреніп, өз қадірін сезінетін “жаңа дүниеге” қол жеткізеді деп сенген. Өкінішке қарай, қазір жағдай мүлдем басқаша болып отыр. Адам баласының қадірі әлі де аяққа тапталуда, өйткені бұл мәселенің түп-тамыры адамда емес, оның басты жауында.

Мәселенің түп-тамыры

Киелі кітапта бұл жау Шайтан Ібіліс деп аталады. Осы зұлым рухани жаратылыс адамзат тарихының басында-ақ Құдайдың билік ету құқын дауға салған. Сонау Едем бағында Хауамен сөйлескеннен бері, Шайтанның мақсаты адамзатты Құдайға қызмет еткізбеу болып отыр (Жаратылыс 3:1—5). Адам мен Хауа Шайтанның сөзіне құлақ асамыз деп қандай қайғылы күйге түскенін ойлап көріңізші! Тыйым салынған жеміске қатысты Құдай заңына мойынсұнбауларының сол заматтағы салдары мынадай болды: олар “Оның [Құдайдың] көзінен тасаланып... жасырынып қалды”. Неліктен? Адам ата: “Қорқып кеттім. Себебі мен жалаңашпын”,— деп мойындады (Жаратылыс 3:8—10). Иә, адамның көктегі Әкесімен қарым-қатынасы және өзіне деген көзқарасы өзгеріп кетті. Ол ұялып, енді Құдайдың алдында өзін ыңғайсыз сезінетін болды.

Шайтан неге Адамның өз-өзін сыйлаудан қалғанын көргісі келді? Себебі адам баласы Құдайға ұқсас етіп жаратылған. Сондықтан Шайтан адам баласы іс-әрекетімен Құдайдың ұлылығын бұрмалап көрсеткенін қалайды (Жаратылыс 1:27; Римдіктерге 3:23). Бұл адамзат тарихында адамдардың бір-бірін төмендетуі неге кең етек алып отырғанын түсінуге көмектеседі. ‘Бір адамның екінші адамға зиян келтіре отырып, әмір жүргізетін кезінде’, “осы күнәкар дүниенің “тәңірі” ретінде Шайтан осы рухтың тарауына ықпал етіп отыр (Қорынттықтарға 2-хат 4:4; Екклесиаст 8:9; Жоханның 1-хаты 5:19). Бұл адам баласы біржолата өзінің нағыз қадірін сезінуден қалды дегенді білдіре ме?

Ехоба адамның өзін қадірлеу сезімін сыйлайды

Адам мен Хауа күнә жасағанға дейін, Едем бағында жағдай қандай болғанын ойлап көріңізші. Оларда мол ас, қанағаттанарлық жұмыс, сондай-ақ өздерінің де, ұрпақтарының да ауру-сырқаусыз, мәңгі өмір сүруге мүмкіндігі болды (Жаратылыс 1:28). Өмірлерінің әрбір саласынан Құдайдың адамзатқа қатысты сүйіспеншілікке толы ұлы ниеті көрініп тұрды.

Адам мен Хауа күнә жасағанда, Ехоба адам баласының қадірі кетті деп есептеді ме? Жоқ. Ол жалаңаш екендеріне ұялған Адам мен Хауаның сезімін ескерді. Сөйтіп, інжір ағашының жапырақтарынан біріктіріп тігіп алған жапқыштарының орнына сүйіспеншілікпен ‘теріден киім жасап’ киіндірді (Жаратылыс 3:7, 21). Құдай оларды ұялған күйі қалдырмай, қайта, өзін қадірлеу сезімін сыйлады.

Кейінірек Ехоба Исраилмен қарым-қатынаста болған кезінде, әдетте қоғамда көбірек жәбір көретін жандарға, яғни жетім-жесірлер мен келімсектерге, жанашырлық көрсетті (Забур 71:13). Мысалы, исраилдіктерге дәнді дақылдарын, інжір не жүзімдерін жинағанда, қалып кеткен масақтарды қайта теріп алмаулары керектігі айтылды. Құдай масақтарды ‘келімсектерге, жетімдер мен жесірлерге қалдыруды’ бұйырды (Заңды қайталау 24:19—21). Бұл заңдар, орындаған жағдайда, тіпті тақыр кедейлерді қол жайып қайыр сұратып қоймады, сондай-ақ қадірін түсірмейтін еңбекпен қамтамасыз етті.

Иса басқа адамдардың өз-өзін қадірлеу сезімін сыйлаған

Құдай Ұлы Иса Мәсіх жерде болған кезінде, өзгелердің өзін-өзі қадірлеу сезімін сыйлайтынын көрсетті. Мысалы, Ғалилеяда оның жанына алапесі асқынған бір кісі келген еді. Мұса заңы бойынша басқаларға жұқтырмау үшін алапес адам: “Таза емеспін! Таза емеспін!”— деп айқайлауы керек-тін (Леуіліктер 13:45). Алайда әлгі кісі Исаға жақындағанда, айқайлап ескертпейді. Қайта, ол жерге бас ұра жығылып, Исадан: “Мырза! Егер қаласаңыз, мені құлан-таза сауықтыра аласыз”,— деп жалбарынады (Лұқа 5:12). Сонда Иса не істеді? Ол Заңды бұзғаны үшін әлгі кісіні сөккен де, оған мән бермей немесе сырт айналып кеткен де жоқ. Қайта, алапес кісінің өзін қадірлеу сезімін сыйлап, денесіне қолын тигізіп: “Қалаймын, құлан-таза сауығып кет!”— деді (Лұқа 5:13).

Басқа жағдайларда Иса адамдарды қолын тигізбей-ақ, кейде алыста тұрып-ақ, емдей алатын қабілетін көрсеткен болатын. Алайда бұл жағдайда ол кісінің денесіне қолын тигізді (Матай 15:21—28; Марқа 10:51, 52; Лұқа 7:1—10). “Үсті-басын алапес қаптаған” адам болғанына қарағанда, оған біраз жылдан бері ешкімнің қолы тимеген болу керек. Сондықтан қазір денесіне басқа біреудің қол тигізіп тұрғаны оның көңіліне сондай қатты жұбаныш берген болса керек! Оның бар үміттенгені алапесінен айығу болғаны анық. Алайда Исаның қалай сауықтырғаны, сөз жоқ, оған тағы бірдеңеге, яғни өз қадірін сезінуіне көмектесті. Бүгінгі қоғамда адамдардың өз-өзін қадірлеу сезімі осылай құрметтеледі деп сенуге бола ма? Егер құрметтелетін болса, мұны қалай көруге болады?

Адамның өз-өзін қадірлеу сезімін сыйлауға көмектесетін ереже

Иса адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты кеңінен танымал мынадай ереже берді: “Барлық істе де басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер!” (Матай 7:12) Жиі “алтын ереже” деп аталатын бұл ереже адамды маңайындағыларын, олар да өз тарапынан осылай әрекет етеді деп үміттене отырып, сыйлауға талпындырады.

Тарихтан көрінетіндей, бұл — өздігінен қолданыла салмайтын, қайта, көп жағдайда күш салуды қажет ететін ереже. Мысалы, Харолдты (оны солай атайық) алайық. Ол: “Мен әдетте өзгелерді төмендетіп үйренгенмін. Бір-екі ауыз сөзбен оларды састырып, ұялтып, тіпті жылата алатынмын”,— дейді. Алайда бірде Харолдтың өзгелерге деген қарым-қатынасын өзгертуіне себеп болған бір жайт болады. “Маған бірнеше рет Ехоба Куәгерлері келді. Бұрын оларға айтқан кейбір нәрселерімді, сондай-ақ кейде қалай мінез көрсеткенімді ойласам, ұялып кетем. Бірақ олар еш берілмеді, ал Киелі кітаптың шындығы болса біртіндеп жүрегіме әсер етіп, мені өзгеруге талпындырды”,— деді ол. Бүгінде Харолд мәсіхшілер қауымында ақсақал болып қызмет етеді.

Харолдтың жағдайы “Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір, бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткендей, ішкі дүниеміздегі ой-ниетімізді әшкерелеп, бағалайды” деген сөздердің растығын көрсетеді (Еврейлерге 4:12). Құдай Сөзінің адам жүрегіне әсер етіп, оның ой қалпы мен жүріс-тұрысын өзгертуге күші жетеді. Бұл басқа адамдардың өз-өзін қадірлеу сезімін сыйлаудың кілті болып табылады, яғни адам біреудің жанын жаралағанша, оған көмектесуді, оны төмендеткенше, сыйлауды шын жүректен қалау керек (Елшілердің істері 20:35; Римдіктерге 12:10).

Адам баласы қайтадан өзінің нағыз қадірін сезінетін болады

Осындай ықылас Ехоба Куәгерлерін басқалармен Киелі кітаптағы керемет үмітпен бөлісуге талпындырады (Елшілердің істері 5:42). Маңайымыздағы адамдарды құрметтеп, өзін қадірлеу сезімін сыйлайтынымызды көрсетудің ең керемет жолы — олармен ‘әлдеқайда жақсы нәрсе туралы ізгі хабармен’ бөлісу (Ишая 52:7, ЖД). ‘Әлдеқайда жақсы нәрсеге’ адамды төмендетуге түрткі болатын ‘арам пиғылды’ жоятын ‘жаңа ізгі болмысқа ие болу’ да жатады (Қолостықтарға 3:5—10). Сондай-ақ оған Ехобаның таяуда адамның қадірін түсіретін жайлар мен көзқарастарды, арандатушы Шайтан Ібілісті қоса, жоятыны да кіреді (Даниял 2:44; Матай 6:9, 10; Аян 20:1, 2, 10). Сол кезде ғана, яғни жер беті ‘Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға толы болғанда’ ғана, барлық адам өз қадірін сезінетін болады (Ишая 11:9).

Біз сізді осы ғажайып үміт жайлы білуге шақырамыз. Ехоба Куәгерлерімен аралассаңыз, Киелі кітап принциптерін қолдану басқа адамдардың өз-өзін қадірлеу сезімін сыйлауға көмектесетінін көресіз. Сонымен қатар Құдай Патшалығы жақында қалайша ‘жаңа әрі бұдан да жақсырақ дүниені’, яғни “адамның қадірі мәңгі сыйланатын”, енді қайтып ешқашан аяққа тапталмайтын дүниені, орнататынын біле аласыз.

[3-беттегі сурет]

Иса сауықтырған адамдарының өз-өзін қадірлеу сезімін сыйлаған

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу