Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.3. 12—16 бет.
  • Көк пен жердегінің бәрін жинау

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Көк пен жердегінің бәрін жинау
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Көктегілер’
  • Жинау басталды
  • Патшалық келісіміне кіретіндер
  • Рәміздерден дәм тату
  • ‘Жердегілерді’ жинау
  • Иеміздің кешкі асының сен үшін қандай мәні бар?
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неге біз Иеміздің кешкі асын тойлауымыз керек?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иеміздің кешкі асы қалай атап өтіледі?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Біз сенімен барамыз”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.3. 12—16 бет.

Көк пен жердегінің бәрін жинау

“[Құдайдың] қалауы бойынша... көк пен жердегінің бәрін де қайтадан Мәсіхке жинайды” (ЕФЕСТІКТЕРГЕ 1:9, 10, ЖД).

1. Ехобаның көк пен жерге қатысты “ізгі қалауы” қандай?

БҮКІЛӘЛЕМДІК тыныштық! Бұл — Ехобаның, ‘тыныштық пен татулық орнатушы Құдайдың’, ұлы ниеті (Еврейлерге 13:20). Ол киелі рухының жетелеуімен елші Пауылға өзінің “ізгі қалауы” “көк пен жердегінің бәрін де қайтадан жинау” екенін жаздырды (Ефестіктерге 1:9, 10). Осы тармақтағы “қайтадан жинау” деп аударылған тіркес неге меңзейді? Киелі кітапты зерттеуші ғалым Дж. Б. Лайтфут былай дейді: “Бұл тіркес енді қайтып бөтен, үйлеспейтін бөлшегі болмайтын, қайта, бәрі де Мәсіхке жиналып, онымен бірлікте болатын әлемнің толық үйлесімділігін білдіреді. Күнә мен өлім, мұң мен қайғы-қасірет, сәтсіздіктер жойылады”.

‘Көктегілер’

2. Жиналуы керек ‘көктегілер’ кімдер?

2 Елші Петір шынайы мәсіхшілердің керемет үміті жайлы қорытындылап, былай деді: “Біз Құдайдың уәдесіне сай әділдік орнаған жаңа аспан мен жаңа жердің пайда болуын күтудеміз” (Петірдің 2-хаты 3:13). Бұл жердегі “жаңа аспан” — жаңа үкімет билігі, яғни Мәсіхтің Патшалығы. Пауылдың Ефестіктерге жазған хатында айтылған ‘көктегілер’ “Мәсіхке” жиналу керек. Бұлар Мәсіхпен бірге көкте билік ету үшін таңдалған саны шектеулі адамдар (Петірдің 1-хаты 1:3, 4). Осы 144 000 майланған мәсіхші — Исамен бірге оның көктегі Патшалығынан үлестерін алу үшін, ‘осы дүниеден азат етілгендер’, “адамзат арасынан төлемдері өтеліп, азат етілгендер” (Аян 5:9, 10; 14:3, 4; Қорынттықтарға 2-хат 1:21; Ефестіктерге 1:11; 3:6).

3. Неге майланған мәсіхшілерді, тіпті жерде болса да, ‘көкте [Мәсіхтің] жанында отырғандар’ деуге болады?

3 Майланған мәсіхшілер киелі рухтан қайта туылып, Ехобаның рухани балалары болады (Жохан 1:12, 13; 3:5—7). Олар Ехобаның ‘балалары’ болғандықтан, Исаның бауырлары болып есептеледі (Римдіктерге 8:15; Ефестіктерге 1:5). Сондықтан, тіпті жерде болса да, ‘Мәсіхпен байланыстағы [оларды] Онымен бірге тіріліп, көкте оның жанына отырғызылғандар’ дейді (Ефестіктерге 1:3; 2:6). Олардың бұл жоғары рухани дәрежеге ие болу себебі — оларға көкте сақталған игіліктерінің кепілі ретінде киелі рухпен белгі салынған (Ефестіктерге 1:13, 14; Қолостықтарға 1:5). Демек, Ехоба нақты санын алдын ала белгілеген осы ‘көктегілер’ жиналу керек.

Жинау басталды

4. ‘Көктегілерді’ жинау қашан және қалай басталды?

4 Ехобаның ‘істерді жүргізу жолы’ бойынша, ‘көктегілерді’ жинау ‘белгіленген уақыт жеткенде’ басталу керек еді (Ефестіктерге 1:10). Бұл уақыт б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамында келді. Сол күні елшілер мен шәкірттер тобына, ерлер мен әйелдерге, киелі рух қонды (Елшілердің істері 1:13—15; 2:1—4). Бұл оқиға жаңа келісімнің күшіне еніп, осылайша мәсіхшілер қауымының пайда болғанын және жаңа халықтың, яғни ‘Құдайдың рухани Исраил’ халқының, туылғанын дәлелдеді (Ғалаттықтарға 6:16; Еврейлерге 9:15; 12:23, 24).

5. Ехоба неге Исраил халқының орнына жаңа ‘халық’ жаратты?

5 Құдаймен Заң келісімін жасасқан Исраил халқы көкте мәңгі бақи қызмет ететін ‘дін қызметшілері патшалығы мен қасиетті халық’ бола алмады (Мысырдан шығу 19:5, 6, “Таурат”). Иса яһуди дінбасыларына: “Құдай өз патшалығын сендерден тартып алып, басқа бір халыққа тапсырмақ! Олар оның өнімін беріп тұратын болады”,— деді (Матай 21:43). Сол халық, яғни рухани Исраил, жаңа келісім жасалған майланған мәсіхшілерден құралады. Елші Петір оларға: “Сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Тәңірдің қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар. Бір кезде біртұтас халық емес едіңдер, ал қазір Құдайдың халқысыңдар”,— деп жазды (Петірдің 1-хаты 2:9, 10). Исраил халқы бұдан былай Ехобаның келісім жасасқан халқы болудан қалды (Еврейлерге 8:7—13). Иса алдын ала айтқандай, Мәсіхтің Патшалығына кіру мәртебесі олардан алынып, рухани Исраилдің 144 000 мүшесіне берілді (Аян 7:4—8).

Патшалық келісіміне кіретіндер

6, 7. Иса рухтан туылған бауырластарымен қандай ерекше келісім бекітті және олар үшін бұл нені білдіреді?

6 Иса өзінің өлімін Еске алу кешін енгізген кеште адал елшілеріне: “Қиындыққа ұшыраған кездерімде Менімен бірге болған сендерсіңдер. Әкемнің менімен келісім бекіткені сияқты, мен де сендермен патшалық туралы келісім бекітемін. Менің Патшалығымда дастарқанымнан ішіп-жеп, тақтарыңа отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар”,— деді (Лұқа 22:28, 29, ЖД; 30). Иса бұл жерде рухтан туылған 144 000 бауырласымен бекіткен ерекше келісім жайлы айтып отыр. Олар ‘өлуге тура келсе де, адал болулары’ әрі “жеңімпаз” болып шығулары керек еді (Аян 2:10; 3:21).

7 Осы шағын топ ет пен сүйектен жаралған адам ретінде жер бетінде мәңгі бақи өмір сүру үмітінен бас тартты. Олар Мәсіхпен бірге көкте билік етеді, сондай-ақ тақтарға отырып адамзатты соттайды (Аян 20:4, 6). Қазір тек майланғандарға ғана қатысы бар, сондай-ақ ‘басқа қойлардың’ Еске алу кешіндегі рәміздерден неге дәм татпайтынын көрсететін басқа Жазба орындарын қарастырып көрейік (Жохан 10:16).

8. Майланғандар наннан дәм татуларымен нені көрсетеді? (13-беттегі қоршауды қара)

8 Майланғандар Мәсіхтің азабындай азап шегіп, ол сияқты өлуге дайын. Сол топтың бір мүшесі ретінде Пауыл ‘Мәсіхтің Өзін де, Оны қайта тірілткен құдіретті де жақыннан танып білу’ үшін, сөйтіп, ‘Мәсіхтің азаптарына ортақтасу’ үшін кез келген құрбандыққа баруға дайын болғанын айтқан. Пауыл тіпті ‘[Исаның] өлімінің кейпін киюге’ дайын болған (Філіпіліктерге 3:8, 10, сілтемені қараңдар). Майланған мәсіхшілердің көбісі ‘Иса іспетті тәндерінде әрдайым азап шегіп, өлім қаупінде жүрді’ (Қорынттықтарға 2-хат 4:10).

9. Еске алу кешіндегі нан қандай денені бейнелейді?

9 Иеміздің кешкі асын енгізіп жатқанда, Иса: “Бұл Менің денем”,— деді (Марқа 14:22). Ол жақын арада ұрып-соғылып, қанға боялатын өз денесі туралы айтқан еді. Ашытқысыз нан сол денені орынды бейнелейтін. Неліктен? Өйткені Киелі кітапта ашытқы күнәні немесе бүлінгендікті білдіреді (Матай 16:4, 11, 12; Қорынттықтарға 1-хат 5:6—8). Иса кемелді болған, сондықтан оның адами тәнінде күнә болған жоқ. Ол сол кемелді денесін ‘күнәларымыздың құнын өтеу’ құрбандығы ретінде ұсына алды (Еврейлерге 7:26; Жоханның 1-хаты 2:2). Оның құрбандығы көкте не жерде өмір сүруге үміті бар барлық адал мәсіхшілерге пайда әкеледі (Жохан 6:51).

10. Еске алу кешінде шараптан дәм тататындар қалайша ‘Мәсіхтің төгілген қанының игілігі

10 Еске алу кешінде майланғандар дәм тататын шарап туралы Пауыл: “Біз Иеміздің құрбандығын еске алып “шүкірлік тостағанынан” ішкенде Мәсіхтің төгілген қанының игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз, солай емес пе?”— деп жазды (Қорынттықтарға 1-хат 10:16). Шараптан дәм тататындар қалайша ‘Мәсіхтің төгілген қанының игілігінен үлес алады’? Әрине, олар өмірлерін төлем құрбандығы ретінде бермейді, өйткені өздері төлемдерінің өтелуіне мұқтаж. Мәсіхтің төгілген қанының төлемді өтейтін күшіне сенгендерінің арқасында олардың күнәлары кешіріледі, әрі көкте өмір сүру үшін ‘әділ деп жарияланады’ (Римдіктерге 5:8, 9, ЖД; Титке 3:4—6, 7 ЖД). Осы Исаның төгілген қанының арқасында онымен еншілес 144 000 адам “қасиеттілер” болу үшін ‘күнәларынан арылып’, бөлініп алынды (Еврейлерге 10:29; Даниял 7:18, 27; Ефестіктерге 2:19, ЖД). Расында да, Мәсіх қанын төгу арқылы ‘әрбір ру, тіл, ұлт және халықтан шыққандардың төлемдерін өтеп, Құдайға арнады оларды. Осылай Құдайымызға бағышталған соларды Жасады діни қызметкерлер патшалығы; Жер бетіне олар билік жүргізетін болады’ (Аян 5:9, 10).

11. Еске алу кешіндегі шараптан ішу нені бейнелейді?

11 Иса өлімін Еске алу кешін ендіріп жатқанда, бір тостаған шарапты адал елшілеріне беріп жатып: “Мынадан бәрің де ішіңдер. Өйткені бұл — күнәлары кешірілсін деп көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) келісімді бекітетін Менің қаным”,— деді (Матай 26:27, 28). Бұзаулар мен ешкілердің қаны Құдай мен Исраил халқының арасындағы Заң келісімін күшіне ендіргені сияқты, Исаның қаны Ехобаның б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамының басында рухани Исраилмен жасаған жаңа келісімін күшіне ендірді (Мысырдан шығу 24:5—8; Лұқа 22:20; Еврейлерге 9:14, 15). ‘Келісімді бекітетін қанды’ бейнелейтін шараптан ішкенде, майланғандар өздерінің жаңа келісімге қабыл алынғандарын және оның батасын алып жатқандарын көрсетеді.

12. Қалай майланғандар Мәсіхтің өліміне шомылдыру рәсімінен өтеді?

12 Майланғандарға тағы бір нәрсені есте ұстау керек. Иса адал шәкірттеріне: — Мен ішетін “тостағаннан” сендер де ішіп, Мен өтетін “шомылдырудан” сендер де өтетін боласыңдар,— деді (Марқа 10:38, 39). Кейінірек елші Пауыл мәсіхшілер туралы ‘[Мәсіхтің] өліміне шомылдырылғандар’ деді (Римдіктерге 6:3, ЖД). Майланғандар жанқияр өмір кешеді. Олар жерде мәңгі өмір сүру үмітінен бас тартатындықтан, өлімдері құрбандық болып табылады. Осы майланғандардың Мәсіхтің өліміне шомылдыру рәсімінен өтуі жердегі өмірлерінің соңына дейін адал болып, кейін көкте Мәсіхпен ‘бірге патшалық ету’ үшін рухани жаратылыстар ретінде қайта тірілгенде аяқталады (Тімотеге 2-хат 2:10—12; Римдіктерге 6:5; Қорынттықтарға 1-хат 15:42—44, 50).

Рәміздерден дәм тату

13. Еске алу кешінде жерде өмір сүруге үміттенетіндер неге рәміздерден дәм татпайды, бірақ неге олар Кешке қатысады?

13 Еске алу кешінде қолдан-қолға берілетін нан мен шарап жоғарыда айтылғандардың бәрін қамтитындықтан, жерде өмір сүруге үміттенетіндердің бұл рәміздерден дәм татқаны орынсыз болары анық. Олар Мәсіхтің денесінің майланған мүшелері емес екендерін, сондай-ақ Иса Мәсіхпен бірге билік етушілермен Ехобаның жасасқан жаңа келісіміне кірмейтіндерін біледі. “Тостаған” жаңа келісімді білдіретіндіктен, сол келісімге кіретіндер ғана рәміздерден дәм татады. Патшалықтың билігі кезінде адамзат кемелділікке жететін жердегі мәңгілік өмірді күтіп жүргендер Исаның өліміне шомылдыру рәсімінен өтпеген, сондай-ақ онымен бірге көкте билік етуге шақырылмаған. Егер олар рәміздерден дәм татса, өздеріне тиесілі емес дәрежені иемденіп алғанын көрсетеді. Сондықтан олар рәміздерден дәм татпайды, бірақ Еске алу кешіне құрметпен қарайтын бақылаушылар ретінде қатысады. Олар Ехобаға Ұлы арқылы істеп жатқан барлық жақсылығы, соның ішінде Мәсіхтің төгілген қанының арқасында күнәларын кешіріп отырғаны үшін дән риза.

14. Майланғандар нан мен шараптан дәм тату арқылы қалай рухани нығаяды?

14 Мәсіхпен бірге көкте билік етуге шақырылған мәсіхшілер тамтығының біржолата таңбалануы аяқталуға жақын. Құрбан ететін жердегі өмірлерінің соңына дейін майланғандар Еске алу кешіндегі рәміздерден дәм тату арқылы рухани нығайып отырады. Олар Мәсіхтің денесінің мүшелері болып табылатын басқа да бауырластармен бірлікте екендерін сезінеді. Нан мен шараптан дәм татқандары өмірлерінің соңына дейін адал болып қалулары керек екендерін естеріне салып отырады (Петірдің 2-хаты 1:10, 11).

‘Жердегілерді’ жинау

15. Майланған мәсіхшілерге кімдер қосылды?

15 1930 жылдың орта шенінен бері саны күннен-күнге өсіп жатқан, ‘кішкентай қораның’ қатарына жатпайтын, жерде мәңгі өмір сүруге үміттенетін “басқа қойлар” майланғандарға қосылды (Жохан 10:16; Лұқа 12:32, сілтемені қараңдар; Зәкәрия 8:23). Олар Мәсіхтің ‘бауырластарының’ адал серіктері болып, ‘Патшалық туралы осы Ізгі хабарды’ барлық ұлттарға уағыздауда зор көмек көрсетуде (Матай 24:14; 25:40). Бұл оларға Мәсіх халықтарды соттауға келгенде, ‘оң жағындағы’ ‘қойлары’ ретінде оның ықыласына ие болуға мүмкіндік береді (Матай 25:33—36, 46). Мәсіхтің төгілген қанына сенім білдіргендерінің арқасында олар ‘ауыр азаптан’ аман өтетін “өте үлкен тобырды” құрайды (Аян 7:9—14).

16. ‘Жердегілерге’ кімдер жатады және қалай олардың бәрі ‘Құдайдың рухани балалары’ бола алады?

16 144 000-ға таңба салынып біткен соң, Шайтанның зұлым дүниесін жоятын ‘желге’ ерік беріледі (Аян 7:1—4). Мәсіх пен оның жанындағы патшалар мен діни қызметкерлердің Мыңжылдық билігі кезінде өте үлкен тобырға сансыз көп қайта тірілгендер қосылады (Аян 20:12, 13). Олар мәңгі бақи Иса Мәсіхтің Патшалығының жердегі азаматтары болуға мүмкіндік алады. Мыңжылдық патшалықтың соңында ‘жердегінің бәрі’ соңғы рет сыналады. Адал болып қалғандар Құдайдың жердегі ‘рухани балалары’ болмақ (Ефестіктерге 1:10; Римдіктерге 8:21; Аян 20:7, 8).

17. Ехобаның ниеті қалай жүзеге асады?

17 Осылайша шексіз даналықпен ‘істерді жүргізу жолының’ арқасында Ехоба ‘көк пен жердегінің бәрін де қайтадан Мәсіхке жинаймын’ деген ниетін жүзеге асырады. Көк пен жердегі барлық саналы жаратылыстар Ұлы ниеттің Құдайы Ехобаның билігіне қуанышпен мойынсұна отырып, қайтадан бірігіп, бүкіл әлемде тыныштық орнайды.

18. Майланғандар мен серіктеріне Еске алу кешіне қатысқандарының қандай пайдасы бар?

18 Майланғандардың азғана саны мен олардың серіктерінің, яғни миллиондаған ‘басқа қойлардың’, 2006 жылғы 12 сәуірде бас қосатыны неткен сенім нығайтарлық оқиға болмақ! Олар Исаның: “Мені естеріңе түсіру үшін осылай істей беріңдер!”— деген бұйрығына сай, Мәсіхтің өлімін Еске алу кешін атап өтеді (Лұқа 22:19, ЖД). Кешке қатысушылардың бәрі де Ехобаның аяулы Ұлы Иса Мәсіх арқылы өздері үшін істеген жақсылығын есте ұстаулары керек.

Қайталауға арналған сұрақтар

• Көк пен жердегілерге қатысты Ехобаның ниеті қандай?

• Көктегілер’ деген кімдер және олар қалай жиналды?

• ‘Жердегілер’ кімдер және олардың қандай үміттері бар?

нен үлес алады’?

[13-беттегі қоршау]

‘Мәсіхтің денесі’

Қорынттықтарға 1-хат 10:16, 17-дегі Мәсіхтің рухпен майланған бауырластарына нанның маңыздылығын түсіндіргенде, Пауыл ‘дене’ сөзін ерекше мағынада атап өткен. Ол: “Нанды үзіп жегенде, құрбан болған Мәсіхтің денесінің игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз емес пе? Нан біреу болғандай, біз — көпшілік те біртұтас рухани денеміз. Себебі бәріміздің жейтініміз бір нан”,— деген. Майланған мәсіхшілер Еске алу кешінде наннан дәм татқанда, майланғандар қауымы Басы Мәсіхтен тұратын дене сияқты біртұтас екеніндіктерін көрсетеді (Матай 23:10; Қорынттықтарға 1-хат 12:12, 13, 18).

[13-беттегі суреттер]

Нан мен шараптан неге майланғандар ғана дәм татады?

[15-беттегі сурет]

Ехоба ‘істерді жүргізу жолы’ арқылы көк пен жердегі барлық жаратылысты біріктіреді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу