Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.12. 4—7 бет.
  • Һар-Магедон жаңа дәуірдің нышаны

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Һар-Магедон жаңа дәуірдің нышаны
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Һар-Магедон қашан болады?
  • Әділетті Құдай әділ шайқас жүргізеді
  • Даналықтың Құдайы кең көлемде ескертуде
  • Сүйіспеншіліктің Құдайына соғысуға бола ма?
  • Барлық соғысты тоқтататын шайқас
  • Армагеддон соғысы деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Армагеддон Израилде бастала ма? Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Армагеддонды тағатсыздана күтейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
Көбірек мәлімет
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.12. 4—7 бет.

Һар-Магедон жаңа дәуірдің нышаны

“ҺАР-МАГЕДОН” деген еврей сөзі “Мегіддо тауы” дегенді білдіреді. Бұл сөз Аян 16:16-да кездеседі, онда былай делінген: “Әлгі үш жын патшалардың бәрін еврейше Һар-Магедон деп аталатын жерге алып келді”. Бұл патшалардың бәрі не үшін жиналады? Осыдан екі тармақ жоғарыда, яғни Аян 16:14-тен сол ‘күнәкар дүниенің күллі патшаларының құдіреті шексіз Құдайдың ұлы соты күнінің шайқасына жинап әкелінетінін’ оқимыз. Бірақ бұл сөздерден тағы да өте қызықты сұрақтар туындайды. Бұл “патшалар” қай жерде соғысады? Олар не үшін және кіммен шайқаспақшы? Көпшілік ойлағандай, олар жаппай қырып салатын қару-жарақтарды қолдана ма? Һар-Магедоннан аман қалатындар бола ма? Бұл сұрақтарға Киелі кітап жауап берсін.

“Мегіддо тауы” Һар-Магедонның Таяу Шығыстағы белгілі бір тауда болатынын білдіре ме? Жоқ. Себебі, біріншіден, ешқандай да мұндай тау жоқ. Ежелгі Мегіддо қаласының орнында алқап шетінде орналасқан биіктігі 20 метрдей төбе ғана бар. Екіншіден, Мегіддоның маңы өте кішкентай, оған ‘дүниенің патшалары және олардың әскерлері’ сыймайды (Аян 19:19). Бірақ Мегіддо — Таяу Шығыс тарихындағы өте сұрапыл әрі ең шешуші шайқастар болған жер. Сондықтан Һар-Магедон деген атау біржолата жеңіп шығатын ең шешуші ұрысты бейнелейді (“Мегіддо деп орынды бейнеленген” деген 5-беттегі қоршауды қараңыз).

Сондай-ақ Һар-Магедон жай ғана жердегі халықтар арасындағы қақтығыс болуы мүмкін емес, өйткені Аян 16:14-те ‘күнәкар дүниенің күллі патшалары’ “құдіреті шексіз Құдайдың ұлы соты күнінің шайқасына” қарсы күштерін біріктіреді делінген. Еремия киелі рухтың жетелеуімен жазған пайғамбарлығында ‘Құдайдың қолынан қырғынға ұшырағандар жердің о шетінен бұ шетіне дейін жайлайтыны’ айтылған (Еремия 25:33). Олай болса, Һар-Магедон Таяу Шығыстағы белгілі бір жерде ғана болатын адамдар арасындағы шайқас емес. Ол — Ехобаның шайқасы, әрі бүкіл дүние жүзін қамтиды.

Алайда Аян 16:16-да Һар-Магедонды ‘жер’ деп атағанын байқаңызшы. Киелі кітапта “жер” қандай да бір күйді не жағдайды білдіруі мүмкін. Ал бұл мәтінде ол бүкіл дүниенің бірігіп, Ехобаға қарсы шығатынын көрсетіп отыр (Аян 12:6, 14). Һар-Магедонда жер бетіндегі халықтардың бәрі “Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі” Иса Мәсіхтің билігіндегі ‘көктің әскерлеріне’ қарсы бас қосады (Аян 19:14, 16).

Ал Һар-Магедон қару-жарақпен жаппай қырып-жоюдың, яки аспан денелерінің қақтығысуының салдарынан болатын жойқынды білдіреді деген түсінік жайлы не деуге болады? Сүйіспеншілікке толы Құдай адамзат пен олардың үйі Жердің құрып жоқ болуына жол бере ме? Жоқ. Ол жерді “бос тұру үшін емес, мекендеу үшін” жаратқанын анық айтады (Ишая 45:18; Забур 95:10). Һар-Магедонда Ехоба планетамызды өртпен жойып жібермейді. Ол, қайта, ‘жерді құртқандардың өздерін құртады’ (Аян 11:18).

Һар-Магедон қашан болады?

Бұл сұрақ ғасырлар бойы сансыз көп болжам тудырған. Осы шешуші шайқастың болатын уақытына қатысты мәліметті Аян кітабын Киелі кітаптың басқа бөліктерімен бірге қарастыра отырып таба аламыз. Аян 16:15-те Һар-Магедонды Исаның ұры сияқты келуімен байланыстырады. Мұндай көрнекі мысалды Иса өзінің зұлым дүниеге шығарылған үкімді жүзеге асыруға келуін сипаттағанда да қолданған (Матай 24:43, 44; Салониқалықтарға 1-хат 5:2).

Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардың орындалуы 1914 жылдан бері осы зұлым дүниенің соңғы күндерінде өмір сүріп жатқанымызды көрсетедіa. Соңғы күндердің соңы Иса “ауыр азап” деп атаған кезеңге ұласады. Киелі кітапта ол кезеңнің қанша уақытқа созылатыны айтылмаған, бірақ сол кезде болатын апаттар бұл дүние бұрын-соңды көрмегендей, өте ауыр болады. Ауыр азап Һар-Магедонда шарықтау шегіне жетеді (Матай 24:21, сілтемені қараңыз; 29).

Һар-Магедон ‘құдіреті шексіз Құдайдың ұлы соты күнінің шайқасы’ болғандықтан, адамзат оны артқа шегіндіру үшін ештеңе де істей алмайды. Ехобаның бұл шайқасты бастайтын “белгіленген күні” бар. Ол “өзгертілмейді” (Аббақұқ 2:3).

Әділетті Құдай әділ шайқас жүргізеді

Бірақ Құдай неге бүкіл дүниежүзілік көлемдегі шайқасты жүргізбекші? Һар-Магедон Ехобаның ең негізгі қасиеттерінің бірі әділдікпен тығыз байланысты. Киелі кітапта: “Тәңір әділеттілікті сүйеді”,— делінген (Забур 36:28). Ол бүкіл адамзат тарихында жасалған әділетсіз істердің бәрін көріп отыр. Бұл, әрине, оның орынды ашуын тудырады. Сол себепті ол өз Ұлына бүкіл зұлым дүниені жою үшін әділ шайқас жүргізуді тапсырды.

Нағыз әділ әрі іріктеп жазалайтын, яғни жүрегі таза адамдарды, мейлі олар жердің қай түкпірінде болмасын, аман алып қалатын шайқасты жүргізу Ехобаның ғана қолынан келеді (Матай 24:40, 41; Аян 7:9, 10, 13, 14). Сондай-ақ өз жаратылысы болғандықтан, бүкіл жер бетіне жоғары билігін орнатуға тек соның ғана құқы бар (Аян 4:11).

Жауларына қарсы Ехоба қандай күштерді қолданатынын біз білмейміз. Біздің білетініміз: оның қолында зұлым халықтарды толығымен жоятын жеткілікті құралдары бар (Әйүп 38:22, 23; Софония 1:15—18). Бірақ Құдайдың жер бетіндегі қызметшілері бұл соғысқа қатыспайды. Аян кітабының 19-тарауы ол соғыста Иса Мәсіхпен бірге тек көктегі әскерлер шайқасатынын көрсетеді. Ал жер бетіндегі Ехобаның мәсіхші қызметшілерінің бірде-біреуі араласпайды (Шежірелер 2-жазба 20:15, 17).

Даналықтың Құдайы кең көлемде ескертуде

Бұл шайқаста аман қалатындар бола ма? Иә. Адамдардың бәрінде де осындай мүмкіндік бар. Елші Петір былай деген: “Иеміз... ешкімнің де тозаққа түсуін [“жойылуын”, ЖД] емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, арылуын қалайды!” (Петірдің 2-хаты 3:9) Елші Пауыл да Құдайдың ‘барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайтынын’ айтқан (Тімотеге 1-хат 2:4).

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін, Ехоба ‘Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабардың’ жүздеген тілде дүниенің о шеті мен бұ шетіне жариялануына даналықпен қам жасап отыр. Дүниенің төрт бұрышындағы адамдарға құтқарылып, аман қалуға мүмкіндік берілуде (Матай 24:14; Забур 36:34; Філіпіліктерге 2:12). Ізгі хабарға құлақ асқандар Һар-Магедоннан аман қалып, жер бетіндегі жұмақта, кемелді жағдайда мәңгі өмір сүре алады (Езекиел 18:23, 32; Софония 2:3; Римдіктерге 10:13). Сүйіспеншіліктің Құдайынан күтетініміз де осы емес пе?! (Жоханның 1-хаты 4:8)

Сүйіспеншіліктің Құдайына соғысуға бола ма?

Көбісі: “Сүйіспеншіліктің бейнесі болып табылатын Құдай соншама адамды қырып-жоя ма?”— деп сұрақ қойып жатады. Мұны түсіну үшін мысал ретінде зиянкестер қаптаған үйді алайық. Қамқор үй иесі отбасының денсаулығы мен игілігі үшін осындай зиянкестердің көзін құрту керектігімен келісетін шығарсыз?

Сол сияқты адамзатты қатты жақсы көргендіктен, Ехобаға да Һар-Магедон шайқасын жүргізуге тура келеді. Құдайдың ниеті — жер бетін жұмаққа айналдырып, адамзатты кемелділік пен ‘ешкім қорқытпайтын’ бейбіт өмірге жеткізу (Миха 4:3, 4; Аян 21:4). Онда маңайындағыларының тыныштығы мен мазасын алатындармен не істеуге болады? Құдай әділетті жандардың қамы үшін мұндай “зиянкестердің”, яғни еш түзелгісі келмейтін зұлымдардың, көзін құртады (Салониқалықтарға 2-хат 1:8, 9; Аян 21:8).

Бүгінгі таңдағы дау-жанжал мен қантөгістердің көбісі кемелсіз адамзат билігі мен өзімшілдікпен ұлттық мүддені көздеушіліктен болып отыр (Екклесиаст 8:9). Адамзат үкіметтері өздерінің ықпалын күшейте түсуге ұмтылып, Құдайдың көкте орнаған Патшалығын мүлдем елемейді. Олардың Құдай мен Мәсіхке өздерінің билігін беретіні ешбір әрекетінен байқалмайды (Забур 2:1—9). Сондықтан мұндай үкіметтер Ехобаның Мәсіх басқарған Патшалығының әділ билік етуіне жол беру үшін, жер бетінен жойылуы керек (Даниял 2:44). Һар-Магедонда жер планетасы мен адамзатқа билік етуге кімнің құқы бар деген дау біржола шешіледі.

Ехобаның Һар-Магедонда адамзаттың ісіне белсене араласуы солардың игілігі үшін болмақ. Дүниедегі күннен-күнге ушығып жатқан жағдайларға қарайтын болсақ, тек Құдайдың кемелді билігі ғана адамзат мұқтаждықтарын толық қанағаттандыра алатыны көрінеді. Тек Патшалықтың арқасында ғана нағыз бейбіт өмір орнап, бәрі гүлденіп-көркейеді. Ал егер Құдай ешқашан араласпаса, дүниедегі жағдай қандай болар еді? Ғасырлар бойы орын алып келе жатқан жеккөрушілік, зорлық-зомбылық пен соғыстардан адамзат жапа шеге берер еді. Олай болса, біздің игілігіміз үшін Һар-Магедон шайқасы болу керек (Лұқа 18:7, 8; Петірдің 2-хаты 3:13).

Барлық соғысты тоқтататын шайқас

Һар-Магедон осы уақытқа дейін бірде-бір соғыс қол жеткізе алмаған нәрсеге қол жеткізеді: ол барлық соғысты тоқтатады. Соғыс атаулы өткеннің ісі болатын күнді кім аңсамайды?! Бірақ адамдардың соғысты тоқтату үшін жасаған әрекеттерінің бәрі де далаға кетті. Олар қайта-қайта жіберіп отырған бұл кемшілік тек Еремияның айтқан сөздерінің растығын дәлелдей түседі: “Тәңірім, адамның жолы өз еркінде емес екенін, өзінің қадамына бағыт беру жүрушінің билігінде емес екенін білемін” (Еремия 10:23). Ал Ехобаның нені жүзеге асыратыны жайлы Киелі кітап былай уәде етеді: “Дүниедегі соғыстарды тоқтатып, Садақ, найза атаулыны сындырып, Күймелерді қиратты отқа жағып” (Забур 45:9, 10).

Халықтардың қырып-жоятын қару-жарақтарын бір-біріне қарсы қолданып, жерді құртуына жол бермей, Ехоба әрекетке кіріседі, яғни Киелі кітапта айтылған Һар-Магедонды бастайды (Аян 11:18). Осының арқасында Құдайды қастерлейтін адамдардың ғасырлар бойы күткені жүзеге асады. Ол Ехоба Құдайдың бүкіл жаратылысының Иесі ретіндегі заңды билігін ақтайды.

Сондықтан әділдікті жақсы көретіндерге Һар-Магедоннан қорқудың қажеті жоқ. Қайта, ол үміттенуге негіз береді. Бұл шайқас жер бетін барлық зұлымдықтан тазартып, Мәсіх басқарған Құдай Патшалығының тұсында болатын әділдік орнаған жаңа дүниеге жол ашады (Ишая 11:4, 5). Олай болса, Һар-Магедон үрей ұшыратындай, дүниенің жойылып кетуі емес, қайта, жердегі жұмақта мәңгі өмір сүретін әділдер үшін жаңа, бақытты дәуірдің нышаны болады (Забур 36:29).

[Сілтеме]

a Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабының 11-тарауын қараңыз.

5-беттегі сурет/қоршау]

МЕГІДДО ДЕП ОРЫНДЫ БЕЙНЕЛЕНГЕН

Ежелгі Мегіддо Исраилдің солтүстігіндегі шұрайлы Езрел аңғарының батыс бөлігі көрініп тұратын, стратегиялық жағынан өте қолайлы жерде орналасқан қала болған. Ол жол торабында орналасқандықтан, халықаралық сауда және әскери жолдарды қадағалайтын. Сондықтан да Мегіддо шешуші шайқастар болатын жерге айналған. Профессор Грэм Дэйвис өзінің “Киелі кітап заманындағы қалалар” атты кітабында былай деп жазған: “Мегіддо қаласы... саудагерлер мен көшпенділердің жан-жақтан келіп тоқтауына қолайлы жерде орналасқан. Сондай-ақ ол, егер күші жетіп жатса, осы жолдардың арқасында бүкіл өңірді қадағалап, тіпті сауда мен соғыстың барысын да өзгерте алған. Сондықтан... қолға түсіргендер үшін зор сый болған бұл қаланы жаулап алушылардың да, оны қорғаушылардың да жан аямай шайқасқаны таңғаларлық емес”.

Мегіддоның ұзақ тарихы осыдан 3 500 жыл бұрын, Мысыр билеушісі Тутмос ІІІ қанахандық билеушілерді талқандаған кезінен басталып, содан 1918 жылға дейін, яғни британдық генерал Эдмунд Алленби түрік әскерлеріне қатты соққы бергенге дейін, жалғасады. Мегіддода Құдай Барақ биге Қанахан патшасы Иабинді қатты соққыға жығуға көмектескен (Билер 4:12—24; 5:19, 20). Сол аймақта Гедеон би мадияндықтарды біржолата жеңген болатын (Билер 7:1—22). Охозия патша мен Жосия патша да осы жерде өлтірілген еді (Патшалықтар 4-жазба 9:27; 23:29, 30).

Демек, Мегіддо көптеген шешуші ұрыстар болған жер болғандықтан, Һар-Магедонды осындай жермен байланыстыру орынды-ақ. Бұл Құдайдың өзіне қарсыласқан барлық күштерді біржолата жеңетінін өте орынды бейнелейді.

[Түпдерек]

Pictorial Archive (Near Eastern History) Est.

[7-беттегі суреттер]

Дүние жүзі бойынша адамдарға ескерту жасалып, Һар-Магедоннан аман қалуға мүмкіндік берілуде

[7-беттегі сурет]

Һар-Магедон — жаңа дәуірдің нышаны

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу