Һар-Магедон дүниенің жойылып кетуі ме?
ҺАР-МАГЕДОН! Бұл сөзді естігенде, көз алдыңызға жаппай қырылу немесе планетамыздың жанып, жоқ болып кетуі сияқты жайттар елестей ме? “Һар-Магедон” сияқты күнделікті қолданыстағы сөзге айналып отырған Киелі кітаптың сөзі көп емес шығар. Бұл сөз адамзаттың қараңғы болашағын сипаттау үшін кеңінен қолданылуда. Бейнефильмдер келе жатқан “Һар-Магедонды” қорқынышты оқиға ретінде бейнелейді. Бұл сөз жұмбақ болып отыр, әрі ол туралы небір жаңсақ ойлар туындаған. Оның мағынасына қатысты пікірлер толып жатқанымен, олардың көбісі осы сөздің түп төркіні болып табылатын Киелі кітаптағы мағынасына сай келмейді.
Киелі кітап Һар-Магедонды осы дүниенің соңымен байланыстыратындықтан, бұл сөздің шын мәнінде нені білдіретінін анық түсініп алу өте маңызды екенімен келісетін шығарсыз? (Матай 24:3) Сондай-ақ Һар-Магедонның не екенін білу үшін әрі оның сізге және отбасыңызға қандай қатысы бар екенін білу үшін осы сөздің түп төркіні, яғни Құдай Сөзіне жүгінген қисынды емес пе?
Киелі кітапты қарастыра келе, Һар-Магедон деген осы дүниенің жойылып кетуі емес, қайта, әділдік орнаған дүниеде өмір сүргісі келетіндер үшін жаңа дәуірдің нышаны екенін байқауға болады. Һар-Магедонның шын мәнінде нені білдіретіні талқыланатын келесі мақаланы қарастыра отырып, сіз Киелі кітаптағы осы шындықты анық түсініп аласыз.
[3-беттегі қоршау/сурет]
СІЗДІҢШЕ, ҺАР-МАГЕДОН ДЕГЕН НЕ?
• Ядролық апат
• Табиғи апат
• Аспан денелерінің жермен соқтығысуы
• Құдайдың зұлымдықты жоюы