Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.9. 3—4 бет.
  • Киелі кітапты түсінуге көмек

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітапты түсінуге көмек
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Сіз білгенсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • ”Иса туралы ізгі хабарды” уағыздау
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • Шомылдыру рәсіміне қалай дайындалу керек?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • “Біреу түсіндірмесе, қайдан түсінейін?”
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.9. 3—4 бет.

Киелі кітапты түсінуге көмек

КИЕЛІ КІТАП — бірегей кітап. Оны жазған адамдар Құдайдың рухының жетелеуімен жазғандарын айтады және оның солай екенін кітаптың мазмұны толық дәлелдейді (2 Тімотеге 3:16). Киелі кітапта өзге де нәрселермен қатар біздің қайдан пайда болғанымыз, не үшін өмір сүріп жатқанымыз және алдымызда не күтіп тұрғаны жазылған. Иә, бұл шынында да көңіл қоюға тұрарлық кітап!

Бәлкім, сіз Киелі кітапты оқуға тырысып көріп, бірақ оның түсінуге қиын екенін байқаған боларсыз. Мүмкін сіз өзіңізді мазалаған сұрақтарға жауапты Киелі кітаптың қай жерінен іздеуге болатынын білмейтін шығарсыз. Егер солай болса, мұндай жағдайға тап болып отырған сіз ғана емессіз. Сіздің жағдайыңыз, бірінші ғасырда өмір сүрген бір адамның басынан кешкен жағдайына ұқсас. Ол кісі күймемен Иерусалим қаласынан өзінің туған елі — Эфиопияға кетіп бара жатқан болатын. Бұл эфиопиялық уәзір Киелі кітаптың жеті жүз жылдан астам уақыт бұрын жазылған бөлігі — Ишая кітабындағы бір пайғамбарлықты дауыстап оқып келе жатыр еді.

Кенет оған күйменің жанында жүгіріп келе жатқан бір адам сәлем береді. Бұл Исаның шәкірті — Філіп еді. Ол эфиопиялықтан: “Оқығаныңыз түсінікті ме?” — деп сұрайды. Эфиопиялық: “Біреу түсіндірмесе, қайдан түсінейін?” — деп жауап береді. Сонан соң ол Філіптің күймеге отыруын өтінеді. Філіп оның оқып отырған жерінің мағынасын түсіндіріп, оған “Иса туралы Ізгі хабарды” айтып береді (Елшілердің істері 8:30—35).

Ертеде Філіптің эфиопиялыққа Құдай Сөзін түсінуге көмектескені сияқты, Ехоба Куәгерлері бүгін адамдарға Киелі кітапты түсінуге көмектесуде. Олар сізге де қуана-қуана көмектеседі. Әдетте ең дұрысы — Киелі кітапты Жазбалардың негізгі ілімдерінен бастап жүйелі түрде зерттеу (Еврейлерге 6:1). Рухани түсінігіңіз артқан сайын елші Пауыл айтқандай, “қатты тағамдарды”, яғни шындықты тереңірек игере алатын боласыз (Еврейлерге 5:14). Негізгі зерттейтініңіз Киелі кітап болғанымен, оны зерттеуге көмектесетін өзге де басылымдар түрлі мәселелерге байланысты Жазба орындарын тауып, оларды түсіне білуіңізге көмектеседі.

Зерттеу сабағы әдетте сізге ыңғайлы жерде, әрі сізге қолайлы уақытта өтеді. Кейбіреулер тіпті телефон арқылы да өткізеді. Зерттеу мектептегі сабақ сияқты өтпейді; сіздің тегіңіз, біліміңіз сияқты жағдайлар есепке алынады. Ол үшін ақша төлеуіңіз қажет емес (Матай 10:8). Ешқандай емтихан алынбайды, сол себепті өз ойыңызды қысылмастан еркін айта аласыз. Сұрақтарыңызға жауап табасыз және Құдайға қалай жақындауға болатынын үйренесіз. Алайда сізге неліктен Киелі кітапты зерттеу керек? Біз сізді Киелі кітапты зерттеу сіздің өміріңізді неліктен қуанышты ететіндігінің кейбір себептерін қарастыруға шақырамыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу