Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.9. 4—6 бет.
  • Киелі кітапты неліктен зерттеу керек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітапты неліктен зерттеу керек?
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мағыналы өмірдің кілті
  • Құдайдан қорқу дегеніміз не?
  • Қорқыныш пен сүйіспеншілік қатар жүреді
  • Жүректеріңде Ехобаға деген қорқыныш дамытыңдар!
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобадан қорқып, оның өсиеттерін орында
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Адамнан емес Құдайдан қорқу керектігінің бес себебі
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайдан қорқып, бақытты өмір кешейік
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.9. 4—6 бет.

Киелі кітапты неліктен зерттеу керек?

БИЛЛ жас, денелі, білімді және қаражат жағынан қамсыздандырылған болатын. Бірақ ол өміріне разы емес еді. Оның өмірі мақсатсыз өтіп жатқан және бұл жай оны қатты мазалайтын. Өмірдің мәнін табу үшін ол көптеген діндерді зерттейді, бірақ іздегенін еш таппайды. 1991 жылы Билл Ехоба Куәгерлерінің бірін кездестіреді де, ол Биллге өмірдің мәні туралы Киелі кітаптың не айтатынын талқылайтын кітап береді. Осы және өзге де мәселелерді түсінуі үшін, Биллмен Киелі кітапты зерттеу сабағы өткізіледі.

Билл былай деп есіне алады: “Бірінші зерттеу сабағы өтті. Киелі кітапты жиі ашып оқығандықтан менің іздегенімнің осы екенін түсіндім. Киелі кітапқа негізделген жауаптар өте әсерлі болды. Осы зерттеу сабағынан кейін мен тауға бардым да, автомобилімнен түсіп айғайладым. Ойландырған сұрақтарымның жауабы табыла бастағанына шексіз қуанышты болдым”.

Әрине, Киелі кітаптың шындығын тапқан адамның бәрі бірдей қуанғанынан айғайламайды. Алайда өмірдегі маңызды сұрақтарына жауап тапқандары көп адамдарды қуанышқа бөлейді. Олар Исаның астарлы әңгімесіндегі егіндік жерге көмілген қазынаны тауып алған адамға ұқсайды. Иса: “Соны тауып алған адам... қуанғанынан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, соған әлгі егіндікті сатып алады”,— деген еді (Матай 13:44).

Мағыналы өмірдің кілті

Биллді ойландырған негізгі сұрақ — өмірдің мәні еді. Ғасырлар бойы пәлсапашылар, теологтар және ғалымдар осы сұрақтың жауабын табуға күш салып келеді. Осы тақырыпқа адамдар сансыз көп кітаптар жазды. Алайда олардың әрекеттері нәтижесіз болып келді және көпшілігі бұл сұрақтың жауабын табу мүмкін емес деген қорытынды жасады. Алайда бұл сұрақтың жауабы бар. Әрине, бұл өте күрделі сұрақ, дегенмен де оның жауабын Киелі кітаптан табуға болады. Мағынаға толы, бақытты өмірдің кілті: Көктегі Әкеміз әрі Жаратуышымыз — Ехобамен жақсы қарым-қатынаста болу. Оған қалай қол жеткізуімізге болады?

Құдаймен жақын қарым-қатынас дамытуда қарама-қайшы болып көрінуі мүмкін екі нәрсе бар. Құдаймен жақын қарым-қатынастағы адам одан қорқады және оны сүйеді. Осылай екенін растайтын екі Жазба орнын қарастырып көрелік. Көп уақыт бұрын дана Патша Сүлеймен адам өмірінің мәні неде екенін мұқият зерттеп, білген нәрселерін Киелі кітаптың құрамына кірген Екклесиаст кітабында жазып қалдырды. Зерттеуінің қорытындысын шығара отырып, ол былай деп жазды: “Бәрінің тоқетерін тыңдасақ: Құдайдан қорқып, Оның өсиеттерін орында, өйткені адамға керектінің барлығы осында” (Екклесиаст 12:13, СА). Ғасырлар өткен соң, Мұсаның заңындағы ең ұлы өсиеттің не екенін сұраған адамға, Иса: “Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!” — деп жауап берді (Матай 22:37). Құдайдан қорқып, сөйте тұра оны сүюіміз керек екені сізге қызық көріне ме? Құдайдан қорқу мен оны сүюдің маңыздылығын және адамның Құдаймен тығыз қарым-қатынаста болып қуанышқа бөленуі үшін ол екеуінің қалай қатар жүретінін қарастырайықшы.

Құдайдан қорқу дегеніміз не?

Мінажатымыз ұнамды болуы үшін, Құдайды қастерлегендіктен одан қорыққанымыз өте маңызды. Киелі кітапта: “Тәңірден қорқу — даналықтың басы”,— делінген (Забур 110:10, СА). Елші Пауыл: “Құдайға шын жүректен шүкіршілік айтып, Оны риза қылатындай қызмет етіп, терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын болайық!” — деп жазды (Еврейлерге 12:28). Сол сияқты елші Жохан көрген аяндағы биікте ұшып бара жатқан періште де өзінің ізгі хабарын: “Құдайдан қорқып, Оны құрметтеп, салтанатты ұлылығын дәріптеңдер!” — деген сөздермен бастаған (Аян 14:6, 7).

Өміріміздің мәнді болуы үшін соншалықты маңызды болып табылатын Құдайдан қорқу дегеніміз үрейлі қорқыныш емес. Егер зұлым қылмыскер өмірімізге қауіп төндіріп тұрған болса, үрейленеміз. Ал Құдайдан қорқу дегеніміз — Жаратушыны терең қастерлеу және сыйлау. Сондай-ақ бұл Құдайға ұнамсыз болып қалудан қорқу, өйткені Ол — өзін тыңдамайтындарды жазалауға құқығы да бар, күші де жететін Ең жоғарғы Би және Құдіретті Құдай.

Қорқыныш пен сүйіспеншілік қатар жүреді

Алайда Ехоба адамдардың өзін терең қастерлегендіктен туған қорқыныштың әсерінен ғана қызмет еткенін қаламайды. Ехобаның басты қасиеті — сүйіспеншілік. Елші Жохан: “Құдай — сүйіспеншілік”,— деп жазған болатын (1 Жохан 4:8). Ехоба Құдай адамдарға сүйіспеншілікпен қарайды және ол адамдардың да өзіне сүйіспеншілікпен жауап бергенін қалайды. Алайда мұндай сүйіспеншілікті Құдай алдындағы қорқынышпен қалай сиыстыруға болады? Шын мәнінде бұл екеуі ажырамастай. Забур жыршысы: “Тәңірдің құпиясы — Одан қорқатындар үшін”,— деп жазды (Забур 24:14).

Әкесінің күші мен даналығының алдында кішкентай баланы қандай құрмет пен қастерлі сезім билейтіні жөнінде ойланып көрейікші. Сондай-ақ мұндай бала әкесінің сүйіспеншілігіне сүйіспеншілікпен жауап береді. Баласы әкесіне арқа сүйейді және оның басшылығының пайдалы екендігіне сенімді болғандықтан әкесінен басшылық күтеді. Сол сияқты біз Ехобаны сүйетін болсақ және одан қорқатын болсақ, оның басшылығына мойынсұнамыз және бұлай еткеніміз біз үшін игі. Исраилдіктерге қатысты Ехобаның не айтқанына көңіл аударыңыздаршы: “Өздері де, ұлдары да мәңгі-бақи жақсылық көруі үшін, олар жүрегінде Менен қорқып, әрқашан Менің өсиеттерімді орындайтындай болса ғой!” (Заңды қайталау 5:29, СА).

Иә, Құдай алдындағы қорқыныш құлдыққа емес, бостандыққа жетелейді, ол адамға қайғы әкелмейді, қуанышқа бөлейді. Ишая Иса туралы пайғамбарлық етіп: “Оны [Ехобаны] терең қастерлеуден [“Ехобаның алдындағы қорқыныштан”, ЖД] қуаныш табады”,— деген болатын (Ишая 11:3). Сондай-ақ Забур жыршысы: “Тәңірден қорқатын және Оның парыздарын өте жақсы көретін кісі бақытты”,— деп жазған болатын (Забур 111:1, СА).

Егер Құдайды білмейтін болсақ, біз одан қорқа да, оны сүйе де білмесіміз анық. Сондықтан да Киелі кітапты зерттеген өте маңызды. Киелі кітапты зерттегеніміз Құдайдың қасиеттерін білуімізге және оның басшылығын ұстану даналық болып табылатындығын түсінуімізге көмектеседі. Құдайға жақындаған сайын оның еркін орындағымыз келеді және игілік әкелетінін білгендіктен оның өсиеттерін сақтауға талпынамыз (1 Жохан 5:3).

Тура өмір жолында екеніңді білу бақытқа бөлейді. Мақаланың басында аталып өткен Билл осылайша бақытқа бөленді. Жақында ол былай деді: “Алғаш Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізгеннен бергі тоғыз жылдың ішінде Ехобамен қарым-қатынасым нығая түсті. Алғашында сезінген қуанышым нағыз бақытты өмір жолына ұласты. Мен әр нәрседен жақсылықты көруге тырысамын. Әр күнім мақсатсыз ләззат қуумен өтіп жатқан жоқ, мағыналы әрекеттерге толы. Мен үшін Ехоба шынында да бар және ол менің қамымды шын ниетімен ойлайтынын білемін”.

Келесі мақалада біз Ехоба туралы білімнің оны өз өмірінде қолданатын адамдарға қалай қуаныш сыйлайтынын және пайдалы болатынын әрі қарай қарастырамыз.

[5-беттегі сөздер]

Ехобаға жақындау дегеніміз оны сүюді және одан қорқуды білдіреді

[6-беттегі сурет]

Иса Ехобаның алдындағы қорқыныштан қуаныш сезіміне бөленді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу