Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.1. 23—32 бет.
  • Сүйіспеншілігіңнің аясы қаншалықты кең?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сүйіспеншілігіңнің аясы қаншалықты кең?
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Отбасындағы сүйіспеншілік
  • Мәсіхші бауырластарымызды сүйеміз
  • Құдайға ұқсап, адамзатты сүйеміз
  • Жауларыңды сүйіңдер
  • Сүйіспеншілікті дамытудың жолдары
  • Маңайымыздағы адамды сүю деген не?
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сүйіспеншілікке бөленіп нығайыңдар
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүйесің” бе?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.1. 23—32 бет.

Сүйіспеншілігіңнің аясы қаншалықты кең?

“Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” (МАТАЙ 22:39).

1. Егер Ехобаны сүйетін болсақ, неге маңайымыздағыларды да сүюге тиістіміз?

ЕҢ ҰЛЫ парыз қандай деп сұрағанда, Иса: “Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!” — деп жауап берді. Сонан соң ол осыған ұқсас екінші парызды айтты: “Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” (Матай 22:37, 39). Иә, жақынына деген сүйіспеншілік — мәсіхшілердің ерекшелігі. Шынында да, егер Ехобаны сүйсек, жақынымызды да сүюге тиіспіз. Неліктен? Өйткені біз Құдайды сүйетінімізді оның Сөзіне құлақ асуымызбен көрсетеміз, ал оның Сөзі бізге маңайымыздағыларды сүюді бұйырады. Сондықтан, егер бауырластарымызды сүймесек, Құдайға деген сүйіспеншілігіміздің шынайы болмағаны (Римдіктерге 13:8; 1 Жохан 2:5; 4:20, 21).

2. Біз маңайымыздағыларға қандай сүйіспеншілік танытуымыз керек?

2 Маңайымыздағы адамдарды сүюіміз керек деуімен Иса достықтан да жоғары нәрсені айтқан еді. Және ол әдетте отбасы мүшелерінің арасында немесе ер адам мен әйел адамның арасында болатын сүйіспеншіліктен өзге сүйіспеншілік жайында айтты. Ол Ехоба мен адал қызметшілерінің арасында болатын сүйіспеншілік жайлы айтқан болатын (Жохан 17:26; 1 Жохан 4:11, 19). Берген жауабын Иса ұғымды деп тапқан діни мұғалім Құдайды‘ барлық көңілімен, барлық ақылымен, барлық жанымен, барлық күшімен жақсы көру’ керек екендігімен келісті (Марқа 12:28—34). Ол дұрыс айтқан еді. Құдайға және маңайымыздағыларға деген мәсіхшілер дамытатын сүйіспеншілік біздің сана-сезімімізбен байланысты. Оны жүрегімізбен сезінеміз және ақыл-ойымыз оған басшылық етеді.

3. а) Иса “Таурат заңын үйретуші бір ғұламаның” маңайындағы адамның кім екендігіне байланысты көзқарасын қалай кеңейтті? ә) Иса келтірген көрнекі мысалдың бүгінгі күнгі мәсіхшілерге қандай қатысы бар?

3 Лұқа жазған мәліметке сәйкес, Иса маңайымыздағы кісіні жақсы көруіміз керек екенін айтқанда, “Таурат заңын үйретуші бір ғұлама” былай деп сұрады: “Сонда маңайымдағы адам” кім болғаны? Иса оған жауап ретінде бір астарлы әңгіме айтып берді. Қарақшылар бір кісіні ұрып-соғып, тонап, өзін шала-жансар етіп, жолдың шетіне тастап кетеді. Алдымен діни қызметкер, содан соң бір леуілік кісі оны көрсе де қасынан өтіп кете береді. Екеуі де оған көңіл аудармайды. Ақыр аяғында бір самариялық өтіп бара жатып, оны көреді де, үлкен жанашырлық танытады. Сонда шала-жансар кісіге бұл үшеуінің қайсысы маңайындағы адам” болды? Мұның жауабы анық еді (Лұқа 10:25—37). Исаның айтуынша, зәбір көрген кісіге діни қызметкер мен леуілікке қарағанда самариялықтың жақынырақ бола алатыны Таурат заңын үйретуші ғұламаны таңғалдырса керек. Исаның ол адамға жақынына деген сүйіспеншілігінің аясы кең болуы керектігін үйреткені анық. Мәсіхшілер де осылайша сүйеді. Олардың кімдерді сүйетінін қарастырайықшы.

Отбасындағы сүйіспеншілік

4. Мәсіхші сүйіспеншілігін алдымен қай жерде танытады?

4 Мәсіхшілер отбасы мүшелерін сүйеді: ерлі-зайыптылар бір-бірін, ата-аналары балаларын сүйеді (Екклесиаст 9:9; Ефестіктерге 5:33; Титке 2:4). Көптеген отбасы мүшелерін туыстық сезім біріктіріп отырғаны рас. Бірақ, некенің бұзылуы, отбасындағы ұрыс-керіс және балаларынан бас тарту немесе ұрып-соғу жайындағы хабарлар, бүгінгі күні отбасылары қиын жағдайды бастан кешіп жатқанын және отбасы мүшелерінің ынтымағын сақтауға туыстық сезімнің жетіспейтіндігін көрсетеді (2 Тімотеге 3:1—3). Отбасындағы бақытқа қол жеткізу үшін, мәсіхшілер Ехоба мен Исаға тән сүйіспеншілік танытулары керек (Ефестіктерге 5:21—27).

5. Балаларын тәрбиелеу үшін ата-аналар кімнің көмегін іздейді және көп ата-аналар үшін оның нәтижесі қандай болуда?

5 Мәсіхші ата-аналар балаларына Ехоба сеніп тапсырған бағалы нәрсе ретінде қарайды және оларды тәрбиелегенде Ехобаның көмегіне жүгінеді (Забур 126:3—5; Нақыл сөздер 22:6). Осылайша олар өз бойларында жастарды бұзатын жаман әсерлерден балаларын қорғауға көмектесетін мәсіхшілерге тән сүйіспеншілік дамытады. Нәтижесінде, көптеген мәсіхші ата-аналар Нидерландыдағы ана іспетті бақытқа бөленуде. Өткен жылы, ұлының Нидерландыда 575 адамның бірі болып шомылдыру рәсімінен өткенін көрген ол: “Осы шақта мен 20 жыл бойғы еңбегімнің жемісін көрдім. Барлық жұмсаған уақытым мен күшім, сондай-ақ жанымның ауырғаны, көрген бейнетім және қайғы-қасіретім қазір ұмыт болды”,— деп жазды. Ұлының өз еркімен Ехобаға қызмет етуді таңдағанына ол қандай қуанышты десеңші! Өткен жылы Нидерландыда есеп берген, саны ең жоғарғы көрсеткішке жеткен 31 089 жариялаушылардың арасында көптеген Ехобаны сүюді ата-аналарынан үйренгендер де бар.

6. Мәсіхшілерге тән сүйіспеншілік некенің бірлігін қалай нығайта алады?

6 Пауыл сүйіспеншіліктің “толықтай біріктіретінін” айтты, яғни сүйіспеншілік некедегі ынтымақты тіпті қиын жағдайларда да сақтай алады (Қолостықтарға 3:14, 18, 19; 1 Петір 3:1—7). Таитидан 700 шақырым жердегі Руруту деп аталатын шағын аралда тұратын бір кісі Ехоба Куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеуді бастаған кезде әйелі қатты қарсылық көрсетеді. Ақыр аяғында әйелі балаларын алып, оны тастап Таитиға көшіп кетеді. Сөйтсе де ол әйеліне үнемі ақша салып және телефон шалып, оның өзінің немесе балаларының керек-жарағын біліп тұруымен сүйіспеншілік көрсетеді. Сөйтіп ол өзінің мәсіхші міндетін мүмкіндігінше жақсы орындайды (1 Тімотеге 5:8). Ол әрқашан өзінің отбасының қайта бірігуін өтініп дұға етеді және ақыр аяғында оның жұбайы қайта оралады. Қайта оралған жұбайына ол ‘сүйіспеншілікпен, төзімділікпен және ілтипаттылықпен’ қарайды (1 Тімотеге 6:11). 1998 жылы ол шомылдыру рәсімінен өтті де, кейінірек жұбайы Киелі кітапты зерттеуге келіскенде шексіз қуанды. Бұл өткен жылы Таити филиалына қарасты аумақта өткізілген 1 351 Киелі кітапты зерттеудің бірі болды.

7. Германияда тұратын кісінің айтуынша, оның некесін не нәрсе нығайтуда?

7 Германияда бір кісі зайыбының Киелі кітаптағы шындықпен танысуына қарсы болды, өйткені ол Ехоба Куәгерлері жұбайымды адастырып жүр деген ойда еді. Бірақ кейінірек ол әйелімен бірінші рет сөйлескен кісіге былай деп жазды: “Әйелімді Ехоба Куәгерлерімен таныстырғаныңыз үшін рахмет. Мен олар туралы көптеген жаман нәрселер естігендіктен алғашында мазасызданған едім. Бірақ, зайыбыммен бірге олардың жиналысында болған соң, қаншалықты қателескенімді түсіндім. Мен естіп жүргенімнің шындық екенін білемін, ол біздің некемізді нығайта түсуде”. Германиядағы 162 932 және Таити филиалына қарасты аралдардағы 1 773 Ехоба Куәгерлері Құдайдың сүйіспеншілігіне бөленіп, ынтымақты өмір кешуде. Олардың ішінде көптеген отбасы да бар.

Мәсіхші бауырластарымызды сүйеміз

8, 9. а) Бауырластарымызды сүюге бізді кім үйретуде және сүйіспеншілігіміз бізді не істеуге талпындырады? ә) Бауырластарымыздың бір-біріне сүйеніш болуына сүйіспеншіліктің қалай көмектескенінің мысалын келтір.

8 Пауыл Салониқадағы мәсіхшілерге: “Бір-біріңді сүюді Құдай Өзі үйретті”,— деген еді (1 Салониқалықтарға 4:9). Иә, ‘Тәңір Иеден тәлім алғандар’ бір-бірін сүйеді (Ишая 54:13). “Бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер”,— деп айтқан Пауылдың сөздеріне сәйкес, олардың сүйіспеншіліктері істерінен білінеді (Ғалаттықтарға 5:13; 1 Жохан 3:18). Мысалы, олар ауырып жатқан бауырластарының көңілін сұрап, жабығып жүргендерге жігер беруімен және рухани әлсіздерге қолдау көрсетуімен сүйіспеншілік танытады (1 Салониқалықтарға 5:14). Біздің шынайы мәсіхшілерге тән сүйіспеншілігіміз рухани жұмағымыздың кеңеюіне мүмкіндік туғызады.

9 Эквадордағы 544 қауымның бірі — Анкон қауымындағы бауырластар сүйіспеншіліктерін іс жүзінде көрсетті. Экономикалық дағдарыстың салдарынан олар жұмыссыз, қаражатсыз қалғандықтан, жариялаушылар түнгі аулаудан үйлеріне қайтатын жергілікті балықшыларға тамақ сатып, ақша табуды шешеді. Балаларымен қоса барлығы бірге әрекет еткен олар жұмыстарын түнгі бірде бастайды да, балықшылар қайта оралатын түнгі сағат төртте тамақтары дайын болады. Тапқан ақшаны бауырластар әрқайсысының мұқтаждықтарына қарай өзара бөлісіп алады. Осылай бір-біріне көмектесуімен олар мәсіхшілерге тән шынайы сүйіспеншілік танытты.

10, 11. Өзімізге таныс емес бауырластарға қалай сүйіспеншілік таныта аламыз?

10 Бірақ біз өзіміз танитын мәсіхшілерді ғана сүймейміз. Елші Петір: “Рухани бауырластарыңды сүйіңдер”,— деген еді (1 Петір 2:17). Біз бауырластарымыздың барлығын да сүйеміз, өйткені олардың барлығы да Ехоба Құдайға мінажат етеді. Дағдарыс уақыты осындай сүйіспеншілікті көрсететін мүмкіндік болуы мүмкін. Мысалы, 2000 қызмет жылының барысында қатты су тасқындары Мозамбикте қиын жағдай тудырды және Анголадағы азамат соғысы көп адамдарды қайыршылық күйге жеткізді. Мозамбиктегі 31 725 бауырластарымыз бен Анголадағы 41 222 бауырластарымыздың көпшілігі осы жағдайлардан азап шекті. Сондықтан, көрші Оңтүстік Африкадағы Куәгерлер олардың жағдайын жеңілдету үшін көптеген ең қажет деген заттар жіберді. Мұқтаж бауырластарына өздерінің ‘молшылықтарын’ құрбан етуге дайын болғандығы олардың сүйіспеншілігін паш етті (2 Қорынттықтарға 8:8, 13—15, 24).

11 Сондай-ақ, экономикасы төмен елдерде Патшалық Сарайлары мен Конгресс залдарын соғу үшін бауырластарымыздың жасаған құрбандықтарынан да сүйіспеншілікті көруге болады. Мысал ретінде Соломон аралдарын алуға болады. Ел ішін жайлаған тәртіпсіздіктерге қарамастан өткен жылы Соломон аралдарындағы жариялаушылардың саны 6 пайызға өсіп, 1 697 адамға жетті. Онда Конгресс залын соғуды жоспарлады. Көптеген тұрғындар ол жерді тастап кеткенімен, залды соғуға көмектесу үшін өз еркімен Австралиядан келгендер болды. Ақыр аяғында өз еркімен келгендер кері қайтулары керек болды, бірақ олар жергілікті бауырластарды залдың іргетасын қалауға үйретіп кетті. Сарайдың темір қаңқалары Австралиядан кемемен әкелінді. Ал, осы мінажат етуге арналған керемет ғимарат біткен кезде,— жергілікті ғимараттар бітпей қалып жатқан уақытта — бұл, Ехобаның есімін мадақтап, бауырластардың сүйіспеншілігінің керемет куәлігі болады.

Құдайға ұқсап, адамзатты сүйеміз

12. Мәсіхші емес адамдарға деген көзқарасымызда Ехобаға қалай еліктей аламыз?

12 Біз тек отбасы мүшелері мен бауырластарымызды ғана сүйеміз бе? Жоқ, егер ‘Құдайдан үлгі алатын’ болсақ, олай етпейміз. Иса: “Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей [“сенім білдірген әркім, жойылмай”, ЖД], мәңгілік өмірге ие болады”,— деген еді (Ефестіктерге 5:1; Жохан 3:16). Ехобаға ұқсап біз барлық адамдарға, соның ішінде мәсіхші емес адамдарға да, сүйіспеншілік көрсетеміз (Лұқа 6:35, 36; Ғалаттықтарға 6:10). Мұндай сүйіспеншілігіміз алдымен оларға Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздап, Құдайдың олардың игілігі үшін сүйіспеншілікпен жасап жатқан ұлы істері жайлы айтуымыздан көрінеді. Осының нәтижесінде құлақ асқан әркім құтқарыла алады (Марқа 13:10; 1 Тімотеге 4:16).

13, 14. Бауырластарымыздың ауыртпалықтарға қарамастан Куәгер емес адамдарға сүйіспеншілік танытқандығына байланысты оқиғаларды айтып беріңдер.

13 Непалда арнайы ізашар болып қызмет атқарып жүрген төрт бауырласымыздың мысалын қарастырайықшы. Елдің оңтүстік-батысындағы қалаға жіберілген олар соңғы бес жыл аралығында қалада және қаланың маңайындағы ауылдарда шыдамдылықпен уағыз айтып, сүйіспеншілік танытуда. Өздеріне берілген аумақты толық қамту үшін олар жиі 40 градустан жоғары ыстықта велосипедпен шарлайды. Сол ауылдардың бірінде кітап оқу тобы ұйымдастырылғанда олар өздерінің сүйіспеншілігі мен ‘игілікті істерінен таймағандарының’ керемет нәтижесін көрді (Римдіктерге 2:7). 2000 жылдың наурыз айында аудандық бақылаушының баяндамасын тыңдауға 32 адам жиналды. Непалда өткен жылы жариялаушылар саны 430-ға жетіп, 9 пайызға өсті. Бұл елдегі бауырластардың сүйіспеншілікке толы талпынысына Ехоба батасын беріп отырғаны анық.

14 Уақытша тағайындалған арнайы ізашарлар Колумбияда үндістердің вайю тайпасына уағыз айтуға барады. Уағыз айту үшін оларға жаңа тілді үйрену керек болды, дегенмен олар сүйіспеншілікпен істеген әрекеттерінің жемісін көрді: қатты нөсерге қарамай баяндаманы тыңдауға 27 адам келді. Осы ізашарлар көрсеткен сүйіспеншілікке негізделген ынта-жігердің арқасында Колумбияда жариялаушылардың саны 5 пайызға өсіп, 107 613 адамға жетті. Данияда жасы келген бауырласымыз өзгелермен бірге ізгі хабарды таратуға қатысқысы келеді, бірақ ол мүгедек еді. Сөйтсе де, ол еңсесі түспей, шындыққа көңіл қойған адамдармен хат жазу арқылы байланысады. Қазір ол кісі 42 адаммен хат алысып тұрады және 11 адаммен Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізеді. Ол кісі — Даниядағы өткен жылы есеп берген 14 885 жариялаушының бірі. Бұл — жоғарғы көрсеткіш.

Жауларыңды сүйіңдер

15, 16. а) Иса сүйіспеншілігіміздің аясының қаншалықты кең болуы керектігін айтты? ә) Ехоба Куәгерлері туралы жалған мәлімет берген адаммен жауапкершілік жүктелген бауырластар қалай сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасады?

15 Иса Таурат заңын үйретуші ғұламаға самариялықты “маңайындағы адам” деп қабылдауы керек екенін айтты. Таудағы уағызында ол тіпті былай деді: “Сендер “Маңайыңдағы кісіні жақсы көріп, жауыңды жек көр!” дегенді де естідіңдер. Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Тәңір Иеге сиынып мінажат етіңдер! Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар” (Матай 5:43—45). Тіпті біреу бізге қарсы шыққан кезде де, біз ‘оны жақсылықпен жеңіп шығуға’ тырысамыз (Римдіктерге 12:19—21). Мүмкіндік болса, біз онымен иелігіміздегі ең қымбат нәрсеміз — шындықпен бөлісеміз.

16 Украинада “Кременчуг хабаршысы” газетіндегі бір мақалада Ехоба Куәгерлерін “қауіпті секта” деп атады. Бұл өте күрделі нәрсе еді, өйткені Еуропада кейбіреулер Ехобаның Куәгерлерінің ісіне шек қойылуы керек немесе мүлдем тыйым салынуы керек дегенге халықты сендіру үшін осылай әрекет етіп жүр. Сол себепті бас редакторға мақаланы түзету туралы өтініш жасалды. Ол келісті, бірақ бастапқы мақала деректерге негізделген деген мәлімдеме жазды. Сондықтан жауапкершілік жүктелген бауырластар оған одан да көбірек мағлұматтар алып келді. Ақыр аяғында редактор бастапқы мақаланың қате екенін түсініп, баспасөзде оның жалған екенін жариялады. Онымен ашық және мейірімділікпен сөйлескеннің арқасында мәселені сүйіспеншілікпен шешу мүмкін болды және нәтижесі де жақсы болып аяқталды.

Сүйіспеншілікті дамытудың жолдары

17. Өзгелерге сүйіспеншілік танытудың барлық уақытта бірдей оңай емес екенін не көрсетеді?

17 Нәресте туылған кезде ата-анасы бірден оны жақсы көріп кетеді. Ересектермен сүйіспеншілік қарым-қатынаста болу әрқашан осы сияқты өзінен өзі бола бермейді. Киелі кітаптың бір-біріңді сүйіңдер деп қайта-қайта қайталауы сол себепті болса керек. Мұндай сүйіспеншілікті дамытуымыз керек (1 Петір 1:22; 4:8; 1 Жохан 3:11). Иса Бауырластарымызды “жеті қайтара жетпіс ретке дейін” кешіруіміз керек екенін айтқанда, біздің сүйіспеншілігіміздің сыналатынын білген (Матай 18:21, 22). Пауыл да бізді “өзара кешірімді” және “өзара төзімді” болуға шақырды (Ефестіктерге 4:32; Қолостықтарға 3:12, 13). Бізге “сүйіспеншіліктің жолын қуыңдар” деп айтылғаны таңғалдырмайды (1 Қорынттықтарға 14:1). Сүйіспеншіліктің жолын қалай қусақ екен?

18. Өзгелерге деген сүйіспеншілікті дамытуымызға не көмектеседі?

18 Біріншіден, Ехоба Құдайға деген сүйіспеншілігімізді естен шығармағанымыз дұрыс. Бұл сүйіспеншілік — “маңайымыздағы адамды” сүюге талпындыратын күш. Неліктен олай? Өйткені сүйіспеншілікпен әрекет еткен кезімізде біз көктегі Әкеміздің еркін орындаймыз, осылай Құдайдың ұлылығы көрініп, мадақталмақ (Жохан 15:8—10; Філіпіліктерге 1:9—11). Екіншіден, біз әр нәрсеге Ехобаның көзқарасымен қарауға тырысуымыз керек. Әр кез күнә жасаған сайын біз Ехобаға қарсы күнә жасаймыз; бірақ ол бізді үнемі кешіріп, бізге деген сүйіспеншілігін сақтайды (Забур 85:5; 102:2, 3; 1 Жохан 1:9; 4:18). Егер Ехобаның көзімен қарауға үйренетін болсақ, өзгелерді сүюге және олардың бізге қарсы жасаған күнәларын кешіруге бейім боламыз (Матфея 6:12). Үшіншіден, басқалар бізге қалай істесін десек, өзіміз де оларға солай істеуіміз керек (Матай 7:12). Кемелсіз болғандықтан, біз көбінесе кешірімге мұқтажбыз. Мысалы, өзгелердің көңіліне келетін бір нәрсе айтып қойған болсақ, олардың түсінетініне және барлығымыз да кейде сөйлегенде қате жіберетініміз, олардың естерінде екендігіне үміт артамыз (Жақып 3:2). Егер өзгелердің бізге сүйіспеншілік танытқанын қаласақ, біз де оларға сүйіспеншілік танытуымыз қажет.

19. Сүйіспеншілікті дамыту үшін қалай киелі рухтың көмегіне жүгінуімізге болады?

19 Төртіншіден, біз киелі рухтың көмегіне жүгіне аламыз, өйткені сүйіспеншілік — киелі рухтың жемістерінің бірі (Ғалаттықтарға 5:22, 23). Достық, туыстық, сондай-ақ махаббат сезімдері көбінесе өздігінен болады. Бірақ Ехобаға тән, біріктіретін күш болып табылатын сүйіспеншілікті дамыту үшін Ехобаның рухының көмегіне мұқтажбыз. Біз Құдайдың рухының жетелеуімен жазылған Киелі кітапты оқу арқылы киелі рухтың көмегін іздей аламыз. Мысалы, Исаның өмірін зерттейтін болсақ, оның адамдармен қалай қарым-қатынас жасағанын көріп, оған еліктеп, сондай қасиеттер дамыта аламыз (Жохан 13:34, 35; 15:12). Сондай-ақ, әсіресе сүйіспеншілікпен әрекет ету қиын жағдайға тап болғанда, біз Ехобадан киелі рухты сұрай аламыз (Лұқа 11:13). Ең соңғысы — біз мәсіхшілер қауымымен тығыз байланыста болуымыз керек. Сүйіспеншілік танытатын бауырластарымызбен бірге болғанымыз бізге сүйіспеншілік дамытуға көмектеседі (Нақыл сөздер 13:20).

20, 21. 2000 қызмет жылының барысында Ехоба Куәгерлері сүйіспеншіліктің керемет үлгісін қалай танытты?

20 Өткен жылы бүкіл дүние жүзі бойынша жариялаушылар саны жоғарғы көрсеткішке жетті: 6 035 564 жариялаушы. Ехоба Куәгерлері ізгі хабарды тарату мақсатымен адамдармен сөйлесу үшін 1 171 270 425 сағат уақыт жұмсады. Ыстыққа, жауын-шашынға және суыққа қарамай бұл істі төзімділікпен атқаруларына олардың сүйіспеншіліктері көмектесті. Оларды мектептес және бірге жұмыс істейтін адамдарға немесе көшеде және өзге де жағдайларда кездескен, мүлдем таныс емес адамдарға уағыз айтуға талпындырған да осы сүйіспеншілік. Куәгерлер барған адамдардың көбісі хабарға немқұрайды қарады, біразы қарсылық та көрсетті. Бірақ, қызығушылық білдіргендері де болды. Сол себепті Куәгерлер 433 454 049 рет адамдарға қайта оралып барып, 4 766 631 жерде Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізді.

21 Осының барлығы Ехоба Куәгерлерінің өздерінің Құдайларына және маңайындағы адамдарға деген сүйіспеншіліктерінің қандай керемет көрінісі десеңші! Бұл сүйіспеншілік ешқашан суымайды. 2001 жылы адамзатқа бұдан да көп куәлік берілетініне сенімдіміз. Ехоба ‘бәрін де сүйіспеншілікпен істеп’ жатқан өзінің шын берілген және бар ынтасымен мінажат етіп жүрген халқына әрі қарай да батасын төккей! (1 Қорынттықтарға 16:14).

Түсіндіріп бере аласыңдар ма?

• Жақынымызға сүйіспеншілік танытқан кезде кімге еліктейміз?

• Кімдерді сүюіміз керек?

• Мәсіхшілердің сүйіспеншілік танытқан оқиғаларын атаңдар.

• Мәсіхшілерге тән сүйіспеншілікті қалай дамыта аламыз?

[28—31 беттердегі кесте]

ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІНІҢ 2000 ҚЫЗМЕТ ЖЫЛЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕСЕБІ

(Басылымда қараңдар)

[25-беттегі суреттер]

Мәсіхшілерге тән сүйіспеншілік отбасы мүшелерінің бірлігін сақтайды

[32-беттегі суреттер]

Сүйіспеншілік үмітімізді өзгелермен бөлісуімізге талпындырады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу