Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w00 1.6. 3—4 бет.
  • Сиқырлық туралы не білесіңдер?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сиқырлық туралы не білесіңдер?
  • 2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Сиқырлық жөнінде білуіміз керек нәрсе
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сиқырлық зұлымдыққа жатады
    Сен Құдаймен дос бола аласың!
  • Өлім деген не?
    Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!
2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w00 1.6. 3—4 бет.

Сиқырлық туралы не білесіңдер?

СИҚЫРЛЫҚ! Осы сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Көпшілігі сиқырлықты ертегі мен ескішілікке жатқызады да, оған аса көңіл қоя бермейді. Олар сиқырлықты адамдардың қиялындағы нәрсе ғана деп есептейді, сондай-ақ жас нәрестелер мен ересек адамдарды ұрлап әкетіп, қанын соратын жеті қабат жер астында тұратын жалмауыз кемпірмен ғана байланыстырады.

Ал басқалар үшін сиқырлық әзілге жатқызатын нәрсе емес. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, дүние жүзінің тұрғындарының жартысынан көбі мыстандар мен сиқыршылардың расында да бар екеніне және адамдардың өміріне әсер ете алатындығына сенеді екен. Миллиондаған адамдар сиқырлықты аса қорқынышты бәле, одан аулақ болу керек деп есептейді. Мысалы, африкалықтардың діндері туралы кітапта былай делінген: «Сиқырлықтың, қара магия мен дуагерліктің әсері бар екендігіне, сондай-ақ олардың қауіпті екендігіне деген сенім африкалықтардың әдет-ғұрыптарына терең тамыр тартқан... Африкада мыстандар мен сиқыршыларды иттің етінен жек көреді. Қазіргі уақыттың өзінде оларды ұрып өлтіретін кездер болып тұрады».

Сөйтсе де, бүгінгі күні сиқырлық бет перде жамылып, Батыста мәртебесі асып, жаңа бейнеге еніп отыр. Кітаптардың, теледидар мен киноның арқасында сиқырлықтан үрейлену анағұрлым бәсеңсіп қалды. Көңіл көтеру бағдарламаларының шолушысы Дэйвид Дэйвис былай деп ескерген болатын: «Кенеттен мыстандар анағұрлым жасырақ әрі сүйкімдірек бола қалды. Голливуд жағдайдың барысын жылдам байқайды... Мыстанның жаңа әрі анағұрлым сүйкімді бейнесі көрермендердің көпшілігінің жүректерін жаулап алды, олардың қатарында әйелдер мен жас балалар да бар». Не нәрсені болмасын, Голливуд табыстың тиімді жолына қалай айналдыруға болатынын біледі.

АҚШ-та сиқырлық рухани бағыттағы ең жылдам етек алып келе жатқан қозғалыс деген тұжырым жасайды кейбіреулер. Барлық өркениетті елдерде феминистік қозғалыстың ықпалына түскен, сондай-ақ ресми діннен түңілген адамдардың саны барған сайын көбейе түсуде. Олар сиқырлықтың әр алуан түрлерінің арқасында өз болмысын танытқысы келеді. Ал сиқырлықтың түрлерінің тым көбейіп кеткені соншалықты, қазір адамдар «сиқыршы» немесе «мыстан» деген сөздердің мағынасын тіпті мойындаудан да қалды. Бірақ кәсіби сиқыршылар, бір сөздіктің анықтауы бойынша, «мәсіхшілдікке дейін Батыс Еуропада пайда болып, XX ғасырда қайта жанданған бұтқа табынушылардың табиғи күштерге сенетін» Викка ағымымен байланыста. Сондықтан, бүгінгі күні адамдардың көпшілігі өздерін бұтқа табынушылардың яки қазіргі кезде бұтқа табынып жүргендердің қатарына қосады.

Ғасырлар бойы сиқыршыларды жек көріп келген, оларды қудалаған, азаптаған, тіпті өлтірген де. Сондықтан бүгінгі күні сиқырлықпен айналысатындардың өз бейнесін көркейте түскісі келетіндігіне таңырқаудың қажеті жоқ. Бір зерттеу барысында он шақты мыстанға олардың адамдарға ең алдымен не айтқысы келетіндігі жөнінде сауал қойылған болатын. Зерттеуші Марго Адлер олардың берген жауаптарын былай деп қорытындылады: «Біз бәлеге ұшыратпаймыз. Әзәзілге де табынбаймыз. Біздің ешкімге кесіріміз тимейді. Біз ешкімді азғырмаймыз да, ешкімге қауіп те төндірмейміз. Біз өзге жұрт сияқты, кәдімгі адамбыз. Біздің отбасымыз, жұмысымыз, аңсаған армандарымыз бен үміттеріміз бар. Біз секта емеспіз, бізде үрей тудырар ештеңе жоқ... Бізден қорықпасаңдар да болады... сіздер ойлағандай емес, бізбен сіздің арамызда ортақ нәрсе көп».

Сиқыршылар мен мыстандардың осы бір жаңа бейнесі барған сайын көп адамның санасынан орын алуда. Алайда бұл біздің сиқыршылық жөнінде ойлап, мазаланбай-ақ қоюымызға себеп бола ма? Келесі мақалада осы сұрақ талқыланады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу