7-ӘН
Ехоба — біздің панамыз
1. Уа, Құдайым, сен қалқансың берік,
Көкіректі тұр қуаныш керіп.
Жар саламыз хабарыңды күнде,
Жұрт не десе де, тоқтамай мүлде.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ехоба, біздің нық қорғанымыз,
Сені қашанда мадақтаймыз.
Құдіреті зор Ехоба Құдай,
Панамызсың бұзылмас қамалдай.
2. Сәуле шашып, нұсқадың ақ жолды,
Оған әбден көңіліміз толды.
Жазбалардан еркіңді біз ұғып,
Адал боламыз сен жақта тұрып.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ехоба, біздің нық қорғанымыз,
Сені қашанда мадақтаймыз.
Құдіреті зор Ехоба Құдай,
Панамызсың бұзылмас қамалдай.
3. Орындаймыз қуана еркіңді,
Шайтан соққы берсе де серпінді.
Мерт қыла алса да ол, уа, Құдайым,
Берік тұрамыз соңына дейін.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ехоба, біздің нық қорғанымыз,
Сені қашанда мадақтаймыз.
Құдіреті зор Ехоба Құдай,
Панамызсың бұзылмас қамалдай.
(Сам. 2-ж. 22:3; Зәб. 18:2; Ишая 43:12 қараңыз.)