8-ӘН
Ехоба — біздің қорғанымыз
Баспа басылымы
(Зәбүр 91)
1. Ехоба — қалқанымыз,
Жаудан қорған болар.
Саясын паналаған
Сонда тыным табар.
Біз үшін өзі күреспек,
Көрмейміз еш зиян демек.
Ехоба тас қамалдай,
Іргесі тұрар шайқалмай.
2. Сан мыңдап құдайсыздар
Құлар дәл жаныңда.
Пана ғой Құдайымыз
Сендей адал жанға.
Қатер төнсе де ұдайы,
Қорқу мен діріл болмайды.
Өйткені қанатымен
Иеміз бізді қорғайды.
3. Жасырын тұзақтардан
Сақтап жолда жатқан.
Қорғайды жебелерден,
Түнгі қорқыныштан.
Ехобамен қадам басып,
Қорықпаймыз белес асып.
Қорған боп Құдайымыз,
Әрқашан аман жанымыз.
(Зәб. 97:10; 121:3, 5; Ишая 52:12 қараңыз.)