12-бөлімнің кіріспесі
Иса адамдарға көктегі Патшалық туралы уағыздаған. Сондай-ақ былай деп дұға етуді үйреткен: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі тұтылсын! Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” Балаңыз болса, оған бұл дұғаның біз үшін қандай мәні бар екенін түсіндіріңіз. Шайтан адалдығынан тайдыруға тырысқанда, Иса еш берілмеді. Ол елшілерді таңдап, Патшалықтың мүшелері ретінде арнайы тапсырмалар берді. Иса шынайы ғибадатты қолдауда алдына жан салмады. Адамдарға көмектескісі келгендіктен, ол ауруларды айықтырды, аштарды тамақтандырды, тіпті өлгендерді тірілтті. Исаның осы кереметтері Патшалық орнаған кезде оның не істейтінін көрсетеді.