Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 2-тар., 10-б.—11-б., 1-абз.
  • Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Алғашқы еркек пен әйел
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Кәрілік пен өлімнің түп себебі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Жойылатын соңғы жау — өлім
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса пайғамбардың өлімі мен қайта тірілуі. Мұның сіз үшін қандай мәні бар?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 2-тар., 10-б.—11-б., 1-абз.
Адам ата мен Хауа ана Едем бағында жүр

2-ТАРАУ

Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты

Ехоба бақ отырғызып, оны Едем деп атады. Едем бағында гүлдер, ағаштар мен жан-жануарлар көп болды. Сосын Құдай топырақтан Адам атаны жасап, мұрнына үрледі. Сонда не болғанын білесің бе? Ол тірі адам болып шыға келді! Ехоба оған жан-жануарларға қарауды және әрқайсысына ат қоюды тапсырды.

Ехоба Адам атаға маңызды бір бұйрық берді. Ол: “Барлық ағаштардың жемісін жей бер, бірақ мына ағаштың жемісін жеме. Егер оның жемісін жесең, өлесің”,— деді.

Кейінірек, Ехоба: “Мен Адамға көмекші жаратып беремін”,— деді де, Адам атаны қатты ұйықтатып тастады. Сосын оның бір қабырғасын алып, әйел жаратып берді. Әйелге Хауа деген ат қойды. Сөйтіп, Адам ата мен Хауа ана алғашқы отбасы болды. Адам атаға әйелі ұнады ма? Иә, ол қатты қуанып, былай деді: “Ехоба менің қабырғамнан кімді жаратып бергенін қарашы! Өзім сияқты біреудің болғаны қандай жақсы!”

Ехоба Адам ата мен Хауа анаға балалы болып, жер бетін толтырыңдар деді. Құдай олардың бірге еңбек етіп, жер бетін Едем бағы сияқты керемет жұмаққа айналдырғанын қалады. Бірақ олай болмады. Мұның себебін келесі тараудан білеміз.

“Жаратушы о баста адам баласын бірін еркек, бірін әйел етіп жаратты” (Матай 19:4).

Сұрақтар: Ехоба Адам атаға қандай жұмыс берді? Құдай жеме деген ағаштың жемісін жесе, Адам ата мен Хауа анаға не болмақ еді?

Мұсаның 1-жазбасы 1:27—31; 2:7—9, 15—23; Зәбүр 115:16; Матай 19:4—6

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу