2-бөлімнің кіріспесі
Неге Ехоба топан су жіберіп, ежелгі дүниені жойып жіберді? Бұған ерте заманда басталған жақсылық пен жамандықтың арасындағы күрес себеп болды. Әбіл мен Нұх сияқты аз ғана адам жақсы болғысы келді. Ал Адам ата мен Хауа ана және олардың ұлдары Қабыл сияқты адамдар жаман болуды таңдады. Адамдардың басым көпшілігі өте жаман болып кеткендіктен, Ехоба ежелгі дүниені жойып жіберді. Бұл бөлімнен мынаны білеміз: Ехоба біздің нені таңдайтынымызды көріп тұрады, әрі ол жамандықтың жақсылықты жеңуіне жол бермейді.