Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • fg 7-саб. 1—5 сұр.
  • Құдай Патшалығы деген не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Патшалығы деген не?
  • Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Құдайдың Патшалығы деген не?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Ол Құдай Патшалығы туралы уағыз айтты
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Құдайдан келген қуанышты хабар
fg 7-саб. 1—5 сұр.

7-САБАҚ

Құдай Патшалығы деген не?

1. Құдай Патшалығы деген не?

1) Көктегі Құдай Патшалығы; 2) Иса алапесті сауықтыруда

Неге Исаны ең жақсы Патша деуге болады? (МАРҚА 1:40—42).

Құдай Патшалығы — жердегі барлық үкіметтердің орнын басатын көктегі үкімет. Құдай осы үкімет арқылы өзінің еркін көкте де, жерде де жүзеге асырады. Жуырда Құдай Патшалығы адамдардың көңілінен шығатын ең жақсы билік құрмақ. Ол жер бетіндегі барлық адамдардың басын біріктіреді. Құдай Патшалығы туралы осы хабар шынымен де қуанышты емес пе? (Даниял 2:44; Матай 6:9, 10; 24:14 оқыңыз).

Кез келген үкіметтің басшысы болатыны сияқты, көктегі үкіметтің де билеушісі бар. Ехоба Құдай өз Патшалығының Билеушісі етіп рухани ұлы Иса Мәсіхті тағайындады. (Аян 11:15 оқыңыз).

“Құдай Патшалығы деген не?” деген бейнероликті көріңіз.

2. Неге Иса ең жақсы Патша?

Иса ең жақсы Патша, өйткені ол мейірімді және әділ нормаларды берік ұстанады (Матай 11:28—30). Сондай-ақ ол көктен бүкіл жер бетіне билік жүргізетіндіктен, оның адамдарға көмектесуге құдіреті жетеді. Ол қайта тірілгеннен кейін, көкке көтерілген болатын. Содан Патша тағына отырғанша, Құдайдың оң жағында күтіп отырды (Еврейлерге 10:12, 13). Ақырында, Құдай оған Патшалық билігін берді. (Даниял 7:13, 14 оқыңыз).

3. Исамен бірге кімдер билік етеді?

Иса “қасиетті халық” деп аталатын топпен бірге көкте билік жүргізеді (Даниял 7:27). Жерде болған кезінде Иса шәкірттерінің арасынан кішігірім топты жинап, оларды елшілер деп атады. Осы адал елшілер қасиеттілерге жататындардың ең алғашқылары болып таңдалды. Ехоба Құдай адал ер адамдар мен әйелдер арасынан қасиеттілерді осы күнге дейін таңдап келеді. Олар да Иса сияқты рухани денемен тіріліп, көкте өмір сүретін болады. (Жохан 14:1—3; Қорынттықтарға 1-хат 15:42—44 оқыңыз).

Көкке қанша адам барады? Иса оларды “кішкене отар” деп атаған (Лұқа 12:32). Олардың саны 144 000-ды құрамақ. Олар Исамен бірге жер бетіне билік жүргізетін болады. (Аян 14:1 оқыңыз).

4. Иса билік етуін бастағанда қандай оқиғалар орын алды?

Киелі кітапты зерттеу сабағы

Құдай Патшалығы 1914 жылдан бастап билік ете бастадыa. Патша ретінде Иса ең алдымен Шайтан мен оның жын-перілерін көктен жерге лақтырды. Содан Шайтан ашуға мініп, бар қаһарын жер бетіндегілерге төкті (Аян 12:7—10, 12). Сол уақыттан бері адам баласы қайғы-қасіреттен көз ашпады. Соғыс, аштық, індеттер, жер сілкінісі мен заңсыздық жерді жайлады. Мұның бәрі Патшалықтың жер бетіне толық билік жүргізетін уақытының таяғанын көрсететін “белгі” болып табылады. (Лұқа 21:7, 10, 11, 31 оқыңыз).

5. Құдай Патшалығы нендей істерді атқарып жатыр?

Құдай Патшалығы дүниежүзі бойынша жүргізіліп жатқан уағыздау ісі арқылы қазірдің өзінде барша халықтан шыққан ұлы жамағаттың басын біріктіруде. Осы жамағатты құрайтын сан миллиондаған момын адам Исаның билігіне мойынсұнуды шешті. Құдай Патшалығы осы зұлым дүниені жойғанда, оларды аман алып қалады. Олай болса, Құдай Патшалығының игілігін көргісі келетіндердің барлығы Исаның билігіне мойынсұнуды үйренгендері дұрыс. (Аян 7:9, 14, 16, 17 оқыңыз).

Құдай Патшалығының азаматтары жер бетінде орнаған жұмақта

Иса 1000 жылдық билігі кезінде Құдайдың адамзатқа қатысты о бастағы ниетін жүзеге асырады. Сонда бүкіл жер беті жұмаққа айналады. Ақырында, Иса Патшалық билігін қайтадан Құдайдың өзіне тапсырады (Қорынттықтарға 1-хат 15:24—26). Құдай Патшалығы туралы осы қуанышты хабарды өзгелерге айтқыңыз келер ме еді? (Зәбүр 37:10, 11, 29 оқыңыз).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымының 8 және 9-тарауларын қараңыз.

a Киелі кітаптағы қандай пайғамбарлықтардың 1914 жылға нұсқайтынын білу үшін “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымының 217—220 беттерін қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу