Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 2-тар., 5-б.
  • Адам мен Хауаның жұмақтан қуылуы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адам мен Хауаның жұмақтан қуылуы
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • Жұмақтағы өмір қандай еді?
    Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз
  • Бізден күшті тұлғалар
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Адам ата мен Хауа ана Құдайдың тілін алмады
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Қиын өмірдің басталуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 2-тар., 5-б.
Тыйым салынған жемісті ұстаған Хауа

2-ТАРАУ

Адам мен Хауаның жұмақтан қуылуы

Адам мен Хауа бүлікші періштенің сөзіне иланып, Құдайдың билігінен бас тартты. Нәтижесінде бүкіл адамзат күнә мен өлімді мұра етті.

АДАМДАРДЫ жаратпас бұрын, Құдай мың сан періштелерді жаратты. Осы рухани жаратылыстардың бірі, кейіннен Шайтан Ібіліс атанған бүлікші періште, тыйым салынған ағаштың жемісін жеуге Хауаны азғырмақ болды.

Шайтан Хауаға жылан арқылы сөйлеп, Құдай олардан бір жақсы нәрсені жасырып отыр дегенге меңзеді. Ол Хауаға күйеуі екеуі тыйым салынған жемісті жесе, өлмейтіндерін айтты. Осылайша Құдайды өтірікші етіп көрсетті. Шайтанның сөздері мойынсұнбаушылық айрықша білім мен еркіндікке жол ашады дегенге саяды. Алайда мұның барлығы өтірік болатын. Өтірік атаулы осыдан бастау алған еді. Шайтан, түптеп келгенде, Құдайдың бүкіләлемдік билігін дауға салды. Ол Құдайдың билік ету құқына және билігін әділдікпен әрі қол астындағыларына игілік әкелетіндей етіп жүргізетініне шек келтірді.

Хауа Шайтанға сенді. Енді оған жеміс тартымды болып көріне бастады. Содан, ол жемісті алып жеді. Кейін күйеуіне де берді, ол да жеді. Осылайша екеуі де күнә жасады. Осы бір болмашы болып көрінген әрекетімен Адам мен Хауа, шын мәнінде, Құдайға қарсы шықты. Құдайдың заңын біле тұра бұзуымен олар өздеріне кемелді өмір мен барлық басқа игіліктерді берген Жаратушының билігінен бас тартты.

Ұрпақ “басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың” (Жаратылыс 3:15).

Құдай бүлікшілерге үкім шығарды. Ол уәде етілген Ұрпақ, яғни Құтқарушы келіп, жылан арқылы сөйлеген Шайтанды жоятынын айтты. Құдай Адам мен Хауаны бірден жоймады, осылайша олардың болашақ ұрпақтарына мейірімділік танытты. Құдай жіберген Құтқарушы Едемдегі бүліктің салдарын жойып, Адам мен Хауаның ұрпақтарына үміт сыйламақ еді. Ехоба Құдайдың бұл Құтқарушыға қатысты ниеті қалай жүзеге асатыны және оның кім болатыны Киелі кітапта бірте-бірте ашылды.

Құдай Адам мен Хауаны жұмақтан қуып жіберді. Енді оларға нандарын маңдай терін төгіп жүріп табуға тура келді. Хауа бала көтеріп, тұңғыштары Қабылды дүниеге әкелді. Олардың Әбіл, Сет және тағы басқа ұл-қыздары болды. Сеттің үрім-бұтағынан Нұх пайғамбар шықты.

Жаратылыс кітабының 3—5 тарауларына және Аян 12:9 негізделген.

  • Өтірік қалай бастау алды?

  • Адам мен Хауа жұмақтан қалай айырылды?

  • Адам мен Хауаға үкім шығарғанда, Құдай олардың ұрпақтарына қандай үміт берді?

КЕМЕЛСІЗДІК ПЕН ӨЛІМ

Құдай Адам мен Хауаны кемелді етіп жаратып, оларға мәңгі өмір сүру мүмкіндігін берді. Алайда олар Құдайға қарсы шығып, күнә жасады. Осылайша Адам мен Хауа кемелділіктен айырылып, өмірдің қайнар көзі Ехобамен қарым-қатынастарын жоғалтты. Нәтижесінде, өздері және бүкіл ұрпақтары күнә мен өлімнің құрсауына түсті (Римдіктерге 5:12).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу