Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 3-тар., 6-б.
  • Адамдардың топан судан аман қалуы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамдардың топан судан аман қалуы
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • “Онымен бірге жеті адам аман қалды”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ол “Құдаймен тығыз байланыста жүрген”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Дүниежүзілік Топан су. Құдайды кім тыңдады?
    Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз
  • Ол “Құдай жолымен жүрді”
    Сенімін серік еткендер
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 3-тар., 6-б.
Жаңбыр жауып, көбейген топан судың бетіндегі кеме

3-ТАРАУ

Адамдардың Топан судан аман қалуы

Құдай зұлым адамдарды жойып, Нұх пайғамбар мен оның отбасын аман алып қалды.

ЖЕР БЕТІНДЕ адамдар көбейген сайын, зұлымдық та кең етек жая бастады. Сол кездегі жалғыз әділ адам Енох Құдайдың зұлым адамдарды жоятынын ескертумен болды. Бірақ зұлымдық одан бетер көбейіп, тіпті ушыға түсті. Кейбір періштелер Ехобаға қарсы шықты: олар өздеріне тиесілі орындарын тастап, жерге түсті де, адам кейпіне еніп, қыздарға үйлене бастады. Олардан бұзақы алыптар туды. Нәтижесінде, дүниеде зорлық-зомбылық пен қантөгіс одан сайын көбейді. Жердегі жаратылыстарының осыншалықты бұзылғаны Құдайдың жанына қатты батты.

Енох өлген соң жер бетінде тағы бір әділ адам өмір сүрді. Ол Нұх пайғамбар еді. Оның бүкіл отбасы Құдайға ұнамды болуға тырысты. Құдай зұлым дүниені жойып, Нұх пайғамбарды және жануарларды аман алып қалуды шешті. Ол Нұхқа қорап тәрізді үлкен кеме соғуды тапсырды. Пайғамбардың отбасы және түрлі жануарлар осы кеменің ішіне кіріп, дүниежүзілік Топан судан аман қалу тиіс-тін. Нұх Құдайдың тілін алды. Ол 50—60 жылдай кеме соқты және әділдікті уағыздады (Петірдің 2-хаты 2:5). Нұх жерді Топан су басатынын айтумен болды, алайда адамдар оны тыңдамады. Уақыты келгенде Нұх пен оның отбасы жануарларды кемеге кіргізіп, өздері де кірді, сосын, Құдай есікті жапты. Бірнеше күннен соң жауын жауа бастады.

Қырық күн, қырық түн бойы жаңбыр шелектеп құйып, бүкіл жер бетін су басты. Зұлымдардың бәрі суға батып өлді. Бірнеше айдан кейін су тартыла бастады да, кеме таудың төбесіне тоқтады. Жалпы алғанда, Нұх отбасымен бірге кеменің ішінде толық бір жыл болды. Кемеден шыққан соң, ол Ехобаға арнап құрбандық шалды. Құдай бұдан былай жер бетіндегі тіршілік атаулыны Топан су жіберіп жоймауды уәде етті. Сонда осының белгісі ретінде көкте кемпірқосақ пайда болды.

Топан судан кейін Құдай адамдарға жаңа нұсқаулар берді. Енді оларға жануарлардың етін жеуге рұқсат етілді. Бірақ алдымен олардың қанын ағызу керек еді. Сондай-ақ Құдай Нұхтың ұрпақтарына жер бетіне тарап кетуді бұйырды. Алайда олардың кейбірі Нымродтың қол астына бірігіп, Бабыл қаласында зәулім мұнара соға бастады. Осылайша Құдайдың бұйрығына қарсы шықты. Алайда Құдай олардың тілдерін шатастырып жібергендіктен, жоспарлары жүзеге аспай қалды. Бірін-бірі түсіне алмаған олар жер-жерге бытырап кетті.

Жаратылыс 6—11 тарауларға және Яһуда 14, 15-тармақтарға негізделген.

  • Жер бетінде зұлымдық қалай көбейді?

  • Нұх пайғамбар әділ адам екенін қалай көрсетті?

  •  Топан судан кейін Құдай қанға қатысты қандай нұсқау берді?

ҚҰДАЙ АЛДЫНДА АДАЛ ЖҮРГЕНДЕР

Адам мен Хауаның ұрпақтарының көбісі Ехобаның билігінен бас тартқанымен, оған мойынсұнғандар да болды. Олардың алғашқысы Әбіл болатын. Сондай-ақ Жазбаларда Енох пен Нұхтың “Құдай алдында жүргені”, яғни оған ұнамды өмір сүргені, айтылған (Жаратылыс 5:22; 6:9 Тт). Киелі кітапта көбінесе Құдайдың билігіне мойынсұнған адамдар жайлы баяндалады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу