133-ән
Құтқарылу үшін Құдайды іздейік
1. Барлық ұлттар бірге
Қарсы шығар Мәсіхке.
Айтар Ехоба үкімін
Әділ сотта бәріне.
Жаулар тізе бүгер,
Мәсіх жеңіске жетер.
Келіп Құдайдың Патшалығы,
Жерге билік жүргізер.
Қайырмасы:
Күні жақын Ехобаның
Ұлы халқын құтқаратын.
Адалдық сақтап,
Билігін ақтап,
Іздеуден оны талмайық.
Құрмет пен күш-құдіретке
Ол әбден лайық.
2. Барша жандар бүгін
Естіп бұл хабар үнін,
Бірі ден қойса, кейбірі
Жауып алар есігін.
Шайлықпасын жүрек,
Кетсе сынақтар үдеп.
Ехоба дем беріп қолдайды,
Адал қызметшім ғой деп.
Қайырмасы:
Күні жақын Ехобаның
Ұлы халқын құтқаратын.
Адалдық сақтап,
Билігін ақтап,
Іздеуден оны талмайық.
Құрмет пен күш-құдіретке
Ол әбден лайық.
(Сам. 1-ж. 2:9; Зәб. 2:2, 3, 9; Нақ. с. 2:8; Мат. 6:33 қараңыз.)