58-ән
Бағышталу дұғасы
1. Арнайын жүрегімді,
Қабыл ал тілеуімді.
Санамды да арнайын,
Үйретші сөздеріңді.
2. Қол-аяғым қашанда
Бағынсын заңдарыңа.
Даусым да өз еншіңде
Мадақ ән шырқағанда.
3. Бағыштап өмірімді
Бір саған түгел енді,
Көктегі Әкем, сенен
Үзбеймін күдерімді.
(Зәб. 40:8; Жох. 8:29; Қор. 2-х. 10:5 қараңыз.)