76-ән
Ехоба — тыныштықтың Құдайы
1. Бір өзің ұдайы
Тыныштықтың Құдайы.
Қайнарысың, уа, Ехоба,
Сүюдің сен шынайы!
Есте әр кеңесің.
Біз үшін құн бергенсің.
Бәрімізді көктен келер
Тыныштығың тербесін.
2. Бірлік жоқ заманда
Қалды ғой жұрт арманда.
Ал халқың жүр мәз-мейрам боп,
Татулық құшағында.
Ұғып бар еркіңді,
Екі етпей сөздеріңді
Орындаймыз, бере көрші
Молынан бірлігіңді.
3. Рухың дем береді,
Ал Сөзің нұр төгеді.
Тас қараңғы бұл заманда
Жол көрсетіп келеді.
Берші мол тыныштық,
Сергітер ол — таңғы шық.
Жүрек пенен ой-санамыз
Қалсын дейміз орнығып.
(Зәб. 4:8; Філіп. 4:6, 7; Сал. 1-х. 5:23 қараңыз.)