75-ән
Қуануға себеп көп
1. Көп қой келелі себептері
Жүрек кернеген шаттықтың.
Қосылды біздің арамызға
Асылдары әр халықтың.
Құдай Сөзінен нәр алатын
Шаттық тамыры тереңде.
Оқып білгенде шындықтарын,
Қаламыз бекіп сенімде.
Қуаныш оты жүректегі
Лаулап жанады сөнбестен.
Ехоба берген төзімділік
Сын сағатта берік еткен.
Қайырмасы:
Ехоба Құдай бір өзі —
Шаттық қайнары, түп көзі.
Ойлары терең, істері ерен,
Жоқ қой күшінің теңдесі.
2. Сыйлап зор шаттық, қуантады
Төл туындысы Құдайдың:
Әсем, кіршіксіз табиғаты
Алар көз жауын талайдың.
Күллі халыққа Патшалықты
Паш етеміз мақтанышпен.
Оның көл-көсір баталарын
Айтамыз зор қуанышпен.
Түнекті қуған күн нұрындай
Қалды таяп кез шуақты.
Орнап жаңа жер менен аспан,
Күндер таусылмас бақытты.
Қайырмасы:
Ехоба Құдай бір өзі —
Шаттық қайнары, түп көзі.
Ойлары терең, істері ерен,
Жоқ қой күшінің теңдесі.
(Мұс. 5-ж. 16:15; Ишая 12:6; Жох. 15:11 қараңыз.)