121-ән
Бір-бірімізді жігерлендіре берейік!
1. Жиналыста бір-бірімізді
Көңіл бөліп сергітеміз.
Қайрап бауырластарымызды,
Сенім шыңына жетеміз.
Заман ызғарынан бүгінгі
Қауым қорғап-қалқалайды.
Онда сүйіспеншілік лебі
Талмай есіп, сарқылмайды.
2. Жылы сөздер неткен жағымды,
Мұқтаж шақта дәл айтылған!
Естіп жүрміз жұбатар сөздер
Адал, сенімді достардан.
Бақыт емес пе еңбектену
Үмітіміз бір халықпен?
Жүгін көтерісіп әлсіздің,
Қараймыз мейрімді көзбен.
3. Ехобаның күні таяды,
Сенім көзі бұған айғақ.
Үзбей келсек кездесулерге
Болмас тура жолдан таймақ.
Құдай халқының қатарында
Мәңгі жүруді қалаймыз.
Мінсіз болып соңына дейін,
Жігер беруден талмаймыз.
(Лұқа 22:32; Ел. іс. 14:21, 22; Ғал. 6:2; Сал. 1-х. 5:14 қараңыз.)