122-ән
Сансыз көп бауырластар
1. Бауырластар сан жетпейтін
Көңілді хош еткен,
Бәрі — адал Куәгер
Нық сеніммен жүрген.
Бауырластар сансыз көп
Өсуде күн санап,
Әрбір ұлттан жиналған халық
Жүр Құдайды даңқтап.
2. Бауырластар сан жетпейтін
Жақын-алыс маңда
Қуанышты хабарды
Жүр айтып сан мыңға.
Кеміп бойдан әл-қуат
Шаршайды кей сәтте.
Күш дарытып қолдайды Иса,
Жандарын сергіте.
3. Бауырластар сан жетпейтін
Құдай қамқорында,
Күн-түні еңбектенген
Оның ауласында.
Құдаймен қызметтесіп
Бауырластар сансыз,
Патшалық хабарын жеткізген
Көңілмен риясыз.
(Ишая 52:7; Мат. 11:29; Аян 7:15 қараңыз.)