25-ән
Шәкірт жолының дәлелі
1. Заң берілді парыз ретінде
Тура жолмен жүргендерге.
Бұл — Патша заңы көктен келген,
Сүюді бізге үйреткен.
Иемізге сүю тән болған,
Біз үшін өз жанын қиған.
Шын шәкірті боп ерейік біз де
Оның сүю үлгісіне.
2. Сарқылмайды сүю бұлағы,
Жиып күллі сусағанды.
Сүю — парыз өтейтін күнде,
Шын пейілмен өзгелерге.
Дәл осылай сүйе білетін
Көп қой достар дем беретін.
Татулықтың бесігін тербетіп,
Біз де өзгені сүйелік.
(Рим. 13:8; Қор. 1-х. 13:8; Жақ. 2:8; Жох. 1-х. 4:10, 11 қараңыз.)