26-ән
Құдаймен бірге жүргейсің
(Миха 6:8)
1. Құдаймен жүргейсің бірге
Қарапайым болып.
Мейіріміңмен таныл көпке,
Мінсіз жолда тұрып.
Жақын тұтып шындық сөзін,
Алданба адамға.
Жас баладай жетелесін,
Сенім арт Құдайға.
2. Құдаймен жүргейсің бірге,
Сақтап пәк тазалық.
Толыса берсең күніге,
Аларсың ризалық.
Күллі шынайы да таза,
Әділ де ұнамды
Нәрселер туралы ойлан,
Әрі бол табанды.
3. Құдаймен жүргейсің бірге,
Адал боп ұдайы.
Сонда бойыңды билемек
Қанағат шынайы.
Құдаймен бірге жүргейсің,
Оны мақтап жұртқа.
Патшалық ісі бөлейді
Ең зор қуанышқа.
(Мұс. 1-ж. 5:24; 6:9; Філіп. 4:8; Тім. 1-х. 6:6—8 қараңыз.)