53-ән
Бірлесе қызмет етейік
1. Үйретіп бірлік заңына,
Баулыды өз отарына.
Сөзінде тұрып Иеміз,
Бірлік берді шексіз.
Шаттыққа бөлейді
Татулық бізді.
Халқына тапсырып ісін,
Дарытты Ехоба күшін.
Бағынып басшылығына,
Жұмылайық онда.
2. Бірлікті дұғада сұрап,
Өзгеге қуаныш сыйлап,
Кең жайып пейілімізді,
Болайық мейірімді.
Ынтымақ құшағы
Балқытар бойды.
Шын сүйсек әр бауырласты,
Құдай татулық сыйлайды.
Жүгініп оған ендеше,
Жүрелік бірлесе.
(Миха 2:12; Соф. 3:9; Қор. 1-х. 1:10 қараңыз.)