5-ән
Мәсіхті үлгі тұтайық
1. Сүйіспеншілігі неткен игі еді,
Аяулы Ұлын берген Құдайдың.
Мәсіх тәні содан біз үшін нәр болған
Ашты есігін мәңгі өмірдің.
2. Иса сиынуды бізге үлгі етті,
Құдай есімін даңқтап алдымен.
Патшалығың келсін, еркің орнай берсін,
Үзбей наныңды берші деуімен.
3. Адал қойларының жеңілдетіп жүгін,
Шындық сөздерін Иса үйретті.
Айтып мадақ әнін ексек шындық дәнін,
Шаттық кернейді шексіз жүректі.
(Мат. 6:9—11; Жох. 3:16; 6:31—51; Ефес. 5:2 қараңыз.)