29-ән
Мінсіздік жолымен жүру
(Зәбүр 26)
1. Төрелік ет маған, уа, Құдайым,
Тексерші тек саған мен сенім артамын.
Мінсізбін бе, көрші мені сынап,
Жүрек пен санамды бір жаңғыртып тазарт.
Қайырмасы:
Ал мен болсам жамандыққа бармай,
Жүремін мәңгілік мінсіздіктен таймай.
2. Отырмаймын жалған сөйлейтінмен,
Жаным жеркенеді арам ниеттіден.
Зұлымдармен бірге мені жойма,
Залым адамдармен бір қатарға қойма.
Қайырмасы:
Ал мен болсам жамандыққа бармай,
Жүремін мәңгілік мінсіздіктен таймай.
3. Жүрсем деймін үйіңде күн сайын,
Мерейін асырып таза ғибадаттың.
Жүз айналып құрбандық үстелін,
Көпке естіртейін ризалық дұғасын.
Қайырмасы:
Ал мен болсам жамандыққа бармай,
Жүремін мәңгілік мінсіздіктен таймай.
(Зәб. 25:2 қараңыз.)