106-ән
Ехобаның досы болу
(Зәбүр 15)
1. Айтшы, уа, Құдайым,
Кім сенің шын досың?
Кең шатырыңа кіріп сенің,
Кім қонағың болсын?
Нәр алып Сөзіңнен,
Адал боп қалғандар,
Мекеніңде мәңгі жасамақ
Сенімі нық жандар.
2. Айтшы, уа, Құдайым,
Кім сенің шын досың?
Кімнің есімі жүрегіңде,
Кімге сен ризасың?
Бойсұнып Сөзіңе,
Даңқтаған атыңды,
Шындыққа сай өмір сүргендер
Өзіңе ұнамды.
3. Бар уайымды арттық
Бір саған, Құдайым.
Арадағы адал достықты
Шыңдаймыз ұдайы.
Дос болған өзіңмен
Алғысын еш тыймас.
Досың болған жанның бақыты
Бұл әлемге сыймас.
(Зәб. 139:1; Пет. 1-х. 5:6, 7 қараңыз.)