1-БӨЛІМ • ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 1:1—6:7
“Сендер тәлімдеріңді бүкіл Иерусалимге тараттыңдар”
Б. з. 33 жылы Елуінші күн мейрамында Исаның шәкірттеріне киелі рух төгілгеннен кейін, олар Құдай Патшалығы жайлы куәлік беруге білек түре кірісті. Бұл бөлімде мәсіхшілер қауымының қалай құрылғанын, Иерусалимде қалай қарқынды куәлік берілгенін және елшілердің таудай қарсылықтарға қалай қайсарлықпен төтеп бергенін білеміз.