Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 3 6—7 бет.
  • Тірі тіршіліктің айтары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тірі тіршіліктің айтары
  • Ояныңдар! 2021
  • Ұқсас мәлімет
  • Қарапайым ағзалар шынымен қарапайым ба?
    Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ
  • Тіршілік қайдан бастау алды?
    Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ
  • Құдайдың бар екендігінің дәлелдері
    Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
Ояныңдар! 2021
g21 № 3 6—7 бет.
Ашытқы жасушасының көлденең қимасы

Ашытқы жасушасының құрылымы өте күрделі. Әр жасушаның ядросында жасушаға бұйрық беріп тұратын ДНҚ бар. Сондай-ақ әр жасушаның химиялық заттарды ыдыратып, қоректік затқа айналдыратын кішкентай “механизмі” бар. Бұл процесс тірі ағзаның тіршілігі үшін аса қажет.

Тірі тіршіліктің айтары

Айналамыздағы тірі нәрсенің бәрі қозғалады, өседі және көбейеді. Ғаламшарымызға қайталанбас көрік беріп тұрған да — осы. Бүгінде адамдар тірі ағзалар жайында бұрынғыға қарағанда көп біледі. Өмірдің бастауы жайлы тірі табиғат не дейді? Келесі жайттарды қарастырайық.

Тірі ағзалардың күрделілігі олардың ойластырылып жасалғанын дәлелдейді. Тірі ағзалар жасуша деп аталатын кішкентай бөліктерден құралады. Жасушалар кішкентай зауыттар сияқты. Тірі ағзалар тіршілігін жалғастырып, көбею үшін олар мыңдаған аса күрделі жұмыс атқарады. Тіпті қарапайым тірі ағзаның өзінде осындай күрделі жұмыс жүріп жатады. Мысалы, бір ғана жасушадан тұратын нан ашытқысын алайық. Адам жасушасының қасында ол әлдеқайда қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ шындығында ол өте күрделі. Әр жасушаның ядросында жасушаға бұйрық беріп тұратын ДНҚ бар. Сондай-ақ әр жасушаның химиялық заттарды ыдыратып, қоректік затқа айналдыратын кішкентай “механизмі” бар. Бұл процесс тірі ағзаның тіршілігі үшін аса қажет. Егер ашытқы жасушасына қоректік заттар түспесе, оның белсенділігін азайтатын күрделі химиялық процестер жүре бастайды. Сөйтіп, ашытқы жасушасы ұйқыға кеткендей болады, бірақ тірі қалады. Ұзақ уақыт тұрса да, нан пісірер кезде ол қайтадан “оянады”.

Ғалымдар ашытқының жасушасын талай жылдар бойы зерттеп, адам жасушасын түсінгісі келіп жүр. Бірақ олар әлі түбіне жете алмай отыр. Чалмерс атындағы Технологиялық университетінің профессоры Росс Кинг былай деп назын білдірді: “Адамдікін қоя берші, тіпті қарапайым ашытқы жасушасын зерттеу үшін ғылыми тәжірибе жүргізетін биологтар жоқтың қасы”.

Ғалымдардың шақша басын шарадай қылып отырған осы қарапайым ашытқы өздігінен пайда болды ма? Әлде оны солай етіп біреу ойластырып қойды ма?

Тірінің бәрі тіріден шығады. ДНҚ нуклеотидтер деп аталатын молекулалардан құралады. Адамның әрбір жасушасында 3,2 миллиард нуклеотид бар. Олар қосылып арнайы код түзеді. Сол код жасушаға бұйрық беріп, ферменттер мен ақуыздарды қалай шығару керектігін айтып отырады.

Ғалымдардың айтуынша, осы нуклеотидтердің тіпті ең қарапайым тізбегін алсақ, олардың кездейсоқ дұрыс код түзуі 10 150 жағдайдың ішінде 1-ақ рет болуы мүмкін (10 150 = 1-ден кейін 150 нөлі бар). Ал бұл әсте мүмкін емес.

Ғалымдар қанша тәжірибе жасаса да, ешқашан тірі емес нәрседен тірі нәрсе шығара алмаған.

Адам өмірі айрықша. Адамдар кеудесінде жаны бар басқа тіршілік иелеріне мүлдем ұқсамайды. Өйткені біздер ғана өмірдің бар қызығын көре аламыз. Шығармашылық қабілеттер, аралас-құралас болу және сан түрлі сезімдерге бөлену адам баласына ғана тән. Біз небір дәм мен иісті сезе аламыз, түрлі дыбыстарды естіп, түстерді ажыратамыз, ал көру қабілетіміздің өзі неткен ғажап! Ертеңімізді жоспарлап, өмірдің мәнісін іздейтін де жалғыз біз ғана.

Адам тек жан сақтап, ұрпақ жалғастыру үшін ғана пайда болса, біздің осыншалықты керемет болуымыз қажет пе? Әлде әрбір күннен қуаныш алсын деп, қамқор Жаратушымыз бізге өмірді сыйға берді ме?

Ашытқы жасушасын зерттеу үшін құрастырылған робот

Бұл роботтың есімі — Адам. Көлемі — шағын жүк көлігіндей. Оның тоңазытқышы, камералары және 4 компьютері бар. Бұл ақылды робот өз бетінше ашытқы жасушасымен біраз күрделі тәжірибелер жүргізген.

Ашытқы жасушасын зерттеу үшін ойлап шығарылған Адам деген роботтың қасында бір ғалым тұр.

Осы темір робот өзінен-өзі пайда болды десе, сенер ме едіңіз? Қайдам, сене қоймассыз. Ал ең қарапайым тірі жасушаның құрылымы осы роботтан әлдеқайда күрделі. Роботты ойластырған біреу болса, онда тірі жасушаны да ойластырған біреу болу керек қой?!

Табиғаттағы таңғажайыптар жайлы білгіңіз келсе, jw.org сайтындағы “Жаратылыс ғажайыптары” деген топтамадан мақалалар мен видеоларды көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу