Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 3 8—9 бет.
  • Ғалымдар нені айта алмайды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ғалымдар нені айта алмайды?
  • Ояныңдар! 2021
  • Ұқсас мәлімет
  • Эмбриолог ғалымның өз сенімі жайлы әңгімесі
    Ояныңдар! 2016
  • Ғылымның адам өміріндегі рөлі
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жаратушы сіздің өміріңізді мағыналы ете алады
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тіршілік қалай пайда болды?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2021
g21 № 3 8—9 бет.
Мұғалім мен оқушылардың арасында талқылау болып жатыр.

Ғалымдар нені айта алмайды?

Ғалымдар ғаламның қыр-сырын түгел ашып тастағандай көрінеді. Сөйтсе де олар көптеген маңызды сұрақтардың жауабын айта алмай отыр.

Ғалам мен өмірдің қалай пайда болғанын ғалымдар анықтай алды ма? Бір сөзбен айтсақ, жоқ. Кейбіреулердің айтуынша, ғаламның қалай пайда болғанын астрономияның космология деген саласы түсіндіріп бере алады. Алайда Дартмут колледжінің астрономия профессоры және агностик Марсело Глейзер былай дейді: “Біз осы уақытқа дейін ғаламның қалай пайда болғаны жайлы ештеңе түсіндірген емеспіз”.

Ал “Ғылыми жаңалықтар” деген журналда өмірдің пайда болғаны жайында былай дейді: “Жердегі өмір шын мәнінде қалай пайда болғанын кесіп айту мүмкін емес сияқты. Жердің алғашқы күндерінен сыр шертетін көне тастар мен қазбалардың көбісі баяғыда жоқ болып кеткен”. Осы айтылғандарға қарап, ғалымдар “Ғалам мен өмір қалай пайда болды?” деген сұраққа әлі де жауап бере алмай жатқанын көріп отырмыз.

Бірақ сізде мынадай сұрақ туындайтын шығар: “Жердегі өмір өздігінен емес, арнайы ойластырылып жасалған болса, кім оның жасаушысы?” Мынадай сұрақтарыңыз да бар шығар: “Асқан дана әрі мейірімді Жаратушы бар болса, неге ол өзі жаратқан адамдардың қайғысын көрмейді? Неге діннің түрі соншама көп? Неге дін жолындағы адамдар соншалықты көп жамандық жасайды?”

Біз бұл сұрақтардың жауабын ғылымнан таба алмаймыз. Бірақ бұл олардың мүлдем жауабы жоқ дегенді білдірмейді. Көп адам көңілге қонымды жауаптарды Киелі кітаптан тапқан.

Кейбір ғалымдар Киелі кітапты тиянақты зерттегеннің арқасында Жаратушыға сене бастаған. Олардың көзін не жеткізгенін түсіну үшін, jw.org сайтына кіріп, “Тіршіліктің пайда болуына қатысты көзқарастар” айдарындағы видеоларды көріңіз.

Жаратушыға сенген ғалымдар

Георгий Николаевич Койдан, химик

—Мен жұмыста көбінесе әртүрлі химиялық заттарды біріктіріп, молекула жасаумен айналысамын. Ол тура шахмат сияқты, сен бірнеше қадамыңды алдын ала ойластырып алуың керек. Бір қадамын істемей қалсаң, молекула пайда болмайды. Менің жұмысым қиын, әрине. Бірақ күрделі химиялық молекула пайда болу үшін жасушаның ішінде жүретін мыңдаған химиялық реакциялар жайлы ойласам, менің істеп жатқаным оның жанында түк емес. Бұл мені әлдеқайда ұлы химиктің, яғни Жаратушының бар екеніне нық сендіреді.

Мен Киелі кітапты зерттей бастағанда, оның ешбір кітапқа ұқсамайтынын түсіндім. Ол 2000 жылдай бұрын жазылып бітсе де, кеңестері әлі күнге дейін құндылығын жоғалтпаған. Мысалы, олар отбасыңмен, әріптестеріңмен, басқа да адамдармен келіспеушілікті шешуге көмектеседі. Мен бұндай кеңестерді адам ақылынан биік тұрған Ақыл Иесі ғана бере алады деген қорытындыға келдім.

Янь Дэ Сюй, эмбриолог

—Ұрық дамып жатқанда, белгілі бір жасушалар жүйкеге, бұлшық ет, сүйек, қан жасушалары мен басқа тіндерге айналу үшін, ал ақырында толыққанды адам қалыптасып шығу үшін барлық жасушалар өзара қызметтесу керек. Осы жасушалардың қалай ұрыққа айналатынына ақылымыз жетпей отыр. Осыдан бір түйгенім — өмірге бастау берген ақыл-ойы теңдесіз біреу бар.

Киелі кітаптың Зәбүр 139:15, 16-тармақтарын жазған адам ұрықтың ана құрсағында қалай дамып-жетілетінін айтқан. Меніңше, сол айтылғандар ғалымдардың соңғы бірнеше он жылда ашқан жаңалықтарына өте сай келеді. Бұндай дәлме-дәл сипаттаманы ежелдегі жазушыға Жаратушы ашпағанда, кім ашқан?

“Росио Пикадо Эрреро. Химия мұғалімі өз сенімі жайлы сөз етеді” деген видеоны көріңіз. jw.org сайтына кіріп, видеоның атауын теріп іздесеңіз болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу