Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 1 4-б.
  • Стрестің себепшілері

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Стрестің себепшілері
  • Ояныңдар! 2020
  • Ұқсас мәлімет
  • Стресс деген не?
    Ояныңдар! 2020
  • Стресте жүрсіз бе?
    Ояныңдар! 2020
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2020
  • Стреспен күрес
    Ояныңдар! 2020
Ояныңдар! 2020
g20 № 1 4-б.

СТРЕСТІ ЖЕҢЕ БІЛІҢІЗ

Стрестің себепшілері

“Көп адам стрестерінің барған сайын көбейіп жатқанын байқаған. Бұған себеп — қазіргі өмірдің тұрақсыздығы мен белгісіздігі”,— дейді әйгілі Майо клиникасы (АҚШ). Күйзеліске ұшырататын өзгерістер мен белгісіздікке мына факторлар себепші болып жатады:

  • ажырасу

  • жақын адамның қазасы

  • ауыр дерт

  • жазатайым оқиғалар

  • қылмыс

  • қарбалас өмір

  • табиғи немесе адам қолымен жасалған апаттар

  • мектептегі не жұмыстағы қысым

  • жұмыс пен қаржының уайымы

ЖҰМЫСТАН АЙЫРЫЛУ

Америкадағы психологтар қауымдастығының айтуынша, “жұмыстан айырылудың ауыр тиетіні сонша — адамның денсаулығы нашарлап, некесіне сызат түсуі, сарыуайымға салынуы, депрессияға ұшырауы, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін. Не керек, бұл адам өмірінің әрбір саласына кері әсерін тигізеді”.

БАЛАЛАРДЫҢ СТРЕСКЕ ҰШЫРАУЫ

Балаларды да стреске ұшырататын жағдайлар аз емес. Кейбірі мектептегі бұзақылардан жапа шексе, кейбірі үйінде жылулық көрмейді. Тәндік, жыныстық, эмоциялық зорлық (бұған балағаттау, қорлау, сынап-мінеу, кінәлау, қорқыту жатады) көріп жүргендері де бар. Көбісі емтихандары мен бағаларын уайымдайды. Ал кейбір балалар ажырасудың кесірінен отбасыларының ойран болғанын көріп жүр. Стресс алған балалар қорқынышты түстер көреді, оқып-үйрену қабілеті төмендейді, депрессияға ұшырайды, тұйықтала түседі. Басқалары болса эмоцияларын игере алмай қалады. Стрестен жапа шеккен балаға шұғыл түрде көмек көрсету қажет.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу