Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • hdu 19-мақала
  • Сенімді жалындататын жаңалықтар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сенімді жалындататын жаңалықтар
  • Садақаларыңыз қайда жұмсалады?
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Жаңалықтар дайындау барысы
  • Оқырмандардың жылы лебіздері
  • Қуғынға ұшыраған бауырластар үшін дұға етуді ұмытпайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
  • Зерттеу әдістері
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Сүйіспеншіліктеріңіз үшін Ехобаға алғыс білдіреміз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Ақыл-кеңес іздесеңіз, JW.ORG сайтына жүгініңіз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
Көбірек мәлімет
Садақаларыңыз қайда жұмсалады?
hdu 19-мақала
Планшетіне қарап отырған ер бауырлас.

САДАҚАЛАРЫҢЫЗ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

Сенімді жалындататын жаңалықтар

1 ЖЕЛТОҚСАН, 2021

Ехоба куәгерлері бауырластары үшін қам жейді (Петірдің 1-хаты 2:17). Көбіміз Кенияда тұратын Таннис есімді бауырласымыздың сөзіне қосыламыз. “Мен төрткіл дүниедегі бауырластарымның жағдайын біліп жүргенді ұнатамын”,— дейді ол. Бірақ Таннис пен басқа да миллиондаған Куәгерлер дүниежүзіндегі бауырластарының жағдайын қайдан біліп отырады? Олар мұны jw.org сайтымыздағы “Жаңалықтар” санатынан біледі. Бұл санат 2013 жылдан бері бар.

Бұл санаттан Ехоба куәгерлері жайлы сенімді мәліметтер табуға болады. Мәселен, қандай да бір елде Киелі кітаптың жарық көргенін, апаттан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгенін, құрылыс жобалары немесе басқа да маңызды іс-шаралар туралы біле аламыз. Сондай-ақ онда сенімі үшін түрмеде отырған бауырластар жайлы мағлұмат бар. Бұдан бөлек, бұл санатта уағыз науқандары мен Еске алу кеші кезінде болған жігер беретін оқиғалар да шығып тұрады. Ал мұндай ақпаратты кім жинайды? Олар қалай дайындалады?

Жаңалықтар дайындау барысы

Біздің сайтымыздағы жаңалықтарды қоғамдық ақпарат бөлімі (ҚАБ) дайындайды. Бұл бөлім дүниежүзілік бас басқармада орналасқан әрі Басқарушы кеңестің Үйлестірушілер комитетіне қарайды. ҚАБ-та жүзден астам бауырлас қызмет етеді, олардың көбісі қашықтан көмектесетін ерікті қызметшілер. Бұл бауырластардың арасында жазушылар, зерттеушілер, дизайнерлер, фотографтар, аудармашылар бар. Басқалары болса билік өкілдерімен, ғалымдармен, ұстаздармен және БАҚ өкілдерімен байланысушы тұлға ретінде қызмет етеді. ҚАБ-қа әлемнің жер-жеріндегі филиалдардан 80-нен астам қоғамдық ақпарат бөлімшелері көмектеседі.

Жаңалық дайындау үшін ҚАБ қоғамдық ақпарат бөлімшелерімен тығыз қызметтеседі. Егер бауырластар қандай да бір оқиғаны көпшілікке мәлім еткен жөн деп шешсе, олар алдымен осы мәселе жайында ізденіс жасап, сенімді ақпарат жинайды. Мысалы, біраз адамдармен сұхбаттасады, мамандармен тілдеседі. Бүкіл деректерді жинақтаған соң, олар осы жаңалық туралы мақаланы жазады, сосын түзетулерін енгізіп, тексерістен өткізіп, фотосуреттерді енгізеді де, Үйлестірушілер комитетіне жөнелтіп, мақұлдауын күтеді.

Оқырмандардың жылы лебіздері

Бауырластар “Жаңалықтар” санатына қандай лебіздерін білдіріп жатыр? Филиппинде тұратын Шерил былай дейді: “Әр таңымды Ехобаның ұйымы мен халқы жайлы жаңалықтарды оқудан бастаймын. Бұл менің сүйікті ісіме айналды”.

Көп оқырман jw.org сайтындағы “Жаңалықтар” санаты мен БАҚ-тағы жаңалықтардың үлкен айырмашылығын байқаған екен. Қазақстандық Татьяна бауырласымыз былай дейді: “Біздің сайттағы жаңалықтардың ұнайтыны, оларға жүз пайыз сенуге болады. Өйткені олар еш боямасыз, нақты деректерге негізделген”. Ал Мексикада тұратын Альма бауырлас болса: “Ақпарат құралдарынан еститін жаңалықтар адамды түңілдіріп жібереді. Ал “Жаңалықтар” санаты бойыма жігер құйып, қанат бітіреді”,— дейді.

“Жаңалықтар” санаты шынайы деректерге негізделуімен қатар, сенімімізді де қатайтады. Бұны кениялық Бернард бауырластың сөздері растайды, ол былай дейді: “Жаңалықтарды оқығанның арқасында, бауырластарым жердің қай бұрышында тұрса да, бәріміз бір отбасы екенімізді сезінемін. Мен олардың есімдері мен жағдайларын нақты айтып, дұға етемін”. Дәл осы елде тұратын Биброн есімді әйел бауырлас: “Киелі кітаптың тағы бір тілде шыққаны жайлы жаңалықтар көзіме оттай басылады! Осындай мақалаларды оқығанда, Ехобаның ешкімді бөліп-жармайтынына көзім жете түседі”,— деді.

Ер бауырлас дұға етіп отыр. Дөңгелек суреттердің ішінде гуманитарлық көмек алып жатқан әйел бауырлас, табиғи апаттан қирап қалған үй, қамауда отырған ер бауырлас пен өрт суреттелген.

Жаңалықтардың арқасында жан-жақтағы бауырластардың қиындықтары жайлы нақты дұға ете аламыз

Тіпті қуғындалып жатқан бауырластарымыздың оқиғалары да жігерімізді қайрайды. “Олардың батылдығы жайлы ойланып-толғансам, сенімім әжептәуір өсіп қалады. Олар ненің арқасында қиындықтарға төзіп жүргенін үнемі байқауға тырысамын. Бір байқағаным, берік те мығым болып қалу үшін, бауырластарға дұға ету, Киелі кітапты оқу және тіпті ән айту секілді қарапайым істер ауадай қажет екен”,— дейді кениялық Жаклин.

Коста-Рикада тұратын Беатрис есімді бауырласымыз табиғи апаттар кезінде көрсетілген көмек туралы жаңалықтарды жақсы көретінін айтады. “Жаңалықтардың арқасында біздің ұйым көмекке зәру бауырластарға тез арада, тиімді жолмен және сүйіспеншілікпен жәрдем беретінін білдім. Осылайша шынында да Ехобаның ұйымында жүргеніме сенімім бекиді”,— деді ол.

Дүниежүзілік бауырластығымыз жайлы ең соңғы жаңалықтардың шығып тұратыны неткен ғанибет! Бұл сіздердің дүниежүзілік іске берген садақаларыңыздың арқасында ғана мүмкін болып отыр. Садақаның көп бөлігі donate.jw.org сайты арқылы келіп түсуде. Осы орайда жомарттықтарыңызға үлкен алғыс білдіреміз!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу