САДАҚАЛАРЫҢЫЗ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?
Пандемияға дейін атқарылған құрылыс жобалары
1 ҚАРАША, 2020
Жыл сайын жүз мыңдаған адам шомылдыру рәсімінен өтіп жатқандықтан, ғибадат орындарына деген сұраныс артуда. Сол себепті дүниежүзіндегі жергілікті жобалау және құрылыс бөлімдері 2020 қызмет жылында 2700-ден астам ғибадат орындарын соғуды және жөндеуден өткізуді жоспарлады.a
Өкінішке қарай, COVID-19 пандемиясы бұл жоспарларымызға кедергі жасады. Бауырластарды қорғау үшін және үкімет қойған шектеулерге мойынсұну үшін, Басқарушы кеңестің Баспа комитеті дүниежүзілік құрылыс жобаларын уақытша тоқтатуды шешті. Десе де 2019 жылы қыркүйек айынан пандемия басталғанға дейін бауырластар 1700-ден аса ғибадат орындарын соғып немесе жөндеп үлгерді. Бұған қоса, филиалдарда 100-ден аса ірі құрылыс жобалары атқарылды. Қазір сол құрылыс жобаларының екеуіне тоқталып, бауырластар оның қандай пайдасын көріп жүргенін білейік.
Камерун филиалы. Дуаладағы бұрынғы филиал өте кішкентай еді, әрі көп жөндеу жұмыстарын қажет етті. Ойлана келе, Баспа комитеті сол ғимаратты жөндеуге өте көп шығын кететінін түсінді. Олар басқа жерге жаңа филиал соғуды немесе бір ғимаратты сатып алып, оны жөндеуді де қарастырды. Бірақ бұл екі вариант та болмайтын болды.
Сол уақыттары бауырластар Дуаланың солтүстігінде орналасқан Конгресс сарайының жанына үкімет жол салайын деп жатқанын естіді. Бұл ол жерде жақсы жолмен қоса жылу, электр қуаты, су құбыры сияқты барлық коммуналдық қызметтер жақсарады деген сөз еді. Бұл филиалға дәл қажет нәрселер болатын. Сондықтан Басқарушы кеңес Конгресс сарайының аумағына жаңа филиал соғуға рұқсат берді.
Бауырластар жаңа Камерун филиалының құрылысына атсалысып жатыр
Құрылыс алаңында бауырластар мен жалдамалы жұмысшылар бірге істегеннің арқасында уақыт пен қаражат үнемделді. Осылайша құрылысқа жоспарланған қаражаттан анағұрлым аз ақша кетіп, 2 миллионнан аса АҚШ доллары үнемделді. Бетел отбасы COVID-19 пандемиясы басталмай тұрып сол жаңа ғимаратқа көшіп алды.
Камерун филиалының құрылысы COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін соғылып бітті
Камерундағы бетелдіктерге жаңа филиалдағы жағдай қатты ұнады. Олар бұл филиалды Ехобадан келген сый деп біледі. Бір ерлі-зайыпты былай дейді: “Біз мынадай сыйлықтан кейін тауды да қопаруға дайынбыз!”
Бауырластар жаңа кеңседе жұмыс істеп отыр (пандемияға дейін)
Тохолабал қашықтағы аударма кеңсесі, Мексика. Көп жылдар бойы тохолабал аударма тобы Мехико қаласында орналасқан Орталық Америка филиалында жұмыс істеді. Бірақ тохолабал тілінде сөйлейтін адамдар негізінен Альтамирано және Лас-Маргаритас деген жерде тұратын. Ал бұл филиалдан 1000 шақырымдай жер еді. Сондықтан аудармашыларға тохолабал тілінде қандай өзгерістер болып жатқанын бақылап отыру қиын болатын. Сондай-ақ филиал тохолабал аударма бөліміне және аудио-студияға көмектесетін бауырластарды табуға қиналатын.
Бауырластар қашықтағы аударма кеңсесінің құрылысына көмектесіп жүр
Сол үшін Басқарушы кеңестің Жазушылар комитеті аударма тобын тохолабал тілінде сөйлейтін аймаққа көшіруді шешті. Сондықтан филиал бір ғимаратты сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал бұл ғимаратты басынан бастап соғудан немесе жалға алудан анағұрлым арзан шықты.
Бір аудармашы былай дейді: “Филиалда жұмыс істеген 10 жылдың ішінде мен бірде-бір тохолабал тілінде сөйлейтін отбасын кездестірмедім. Қазір біздің кеңсеміз тохолабал тілінде сөйлейтін аймақта орналасқан. Енді мен күнде тохолабал тілінде сөйлейтін адамдарды кездестіремін. Менің сөз қорым да көбейді, жұмысымның сапасы да жақсарды.
Тохолабал аударма кеңсесі (жөндеуге дейін және жөндеуден кейін)
2021 қызмет жылындағы жобалар
Егер жағдай келсе, 2021 қызмет жылында 75 қашықтан істейтін аударма кеңселерін және теократиялық мектеп ғимараттарын соғу жоспарлануда. Сонымен қатар сегіз ірі құрылыс жобалары жалғасын таппақ. Оның ішінде Нью-Йорктегі Рамапо құрылыс жобасы және Аргентина мен Италиядағы филиалдар бар. Бұған қоса, 1000-нан аса жаңа Патшалық сарайын соғу керек, 6000-нан астам Патшалық сарайы жарамсыз болып тұр, оларды жаңарту керек. Ал 4000-нан астамы жөндеуді қажет етіп тұр.
Біздің құрылыс жобаларымыз қалай қаржыландырылады? Бұл сұраққа Орталық Америка филиал комитетінің мүшесі Ласаро Гонсалес бауырлас жауап берді. Ол тохолабал аударма кеңсесін мысалға келтіріп, былай деді: “Біздің филиалымызға қарасты аймақтың қаржы мүмкіндіктері шектеулі. Егер дүниежүзіндегі бауырластар қаржылай қолдамағанда, жергілікті бауырластарымызға аударма кеңсесін соғып бере алмас едік. Шартараптағы бауырластардың садақаларының арқасында аудармашыларымызды ана тілінде сөйлейтін аймаққа көшірдік. Дүниежүзіндегі бауырластардың жомарттықпен берген садақалары үшін алғысымыз шексіз!” Сіздердің дүниежүзілік іске жасаған садақаларыңыздың арқасында құрылыс жобаларымыз алға жылжуда. Көбілеріңіз donate.jw.org сайты арқылы садақа беріп жүрсіздер.
a Жергілікті жобалау және құрылыс бөлімдері өз филиалдарының қарамағында Патшалық сарайларының құрылысын жоспарлап, оларды жүзеге асырады. Бас басқармадағы дүниежүзілік жобалау және құрылыс бөлімі қай құрылыс ісі бірінші жасалу керектігін және қалай жасалу керектігін шешеді