Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwhf 10-мақала
  • Электронды құрылғыға ессіз үңілмеңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Электронды құрылғыға ессіз үңілмеңіз
  • Отбасыңыз берекелі болсын
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мұны білген жөн
  • Не істеуге болады?
  • Электронды техниканың некеге әсері
    Ояныңдар! 2021
  • Бұл санда
    Ояныңдар! 2021
  • ‘Некеге құрметпен қараңдар’
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Кіріспе
    Ояныңдар! 2021
Көбірек мәлімет
Отбасыңыз берекелі болсын
ijwhf 10-мақала
Тамақтанып отырған ер мен әйелдің екеуі де смартфонға үңіліп отыр.

ОТБАСЫҢЫЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН | НЕКЕ

Электронды құрылғыға ессіз үңілмеңіз

Электронды құрылғыларды қалай пайдаланғаныңыз некеңіздің іргесін я бекемдеуі, я сөгуі мүмкін. Сіздің отбасыңыз жайында не деуге болады?

  • Мұны білген жөн

  • Не істеуге болады?

  • Ерлі-зайыптылардың ой-пікірі

  • Пайдалы кеңес

Мұны білген жөн

  • Электронды құрылғыларды парасаттылықпен пайдалана білсе, некеге тигізер пайдасы зор. Мысалы, кейбір ерлі-зайыптылар оларды бір-бірінен жырақта жүргенде байланысу үшін қолданады.

    Әйеліне жақсы көретінін білдіріп хабарлама жазып тұрған күйеу.

    “Мен сені сүйем”, “сені сағындым” деген бір-екі ауызсөз хабарламаның өзі ерлі-зайыптыны бір-біріне жақындата түседі” (Жонатан).

  • Ал электронды құрылғылар даналықпен қолданылмаса, шаңырақты шайқалтуы мүмкін. Мәселен, кейбіреулердің ұялы телефон, планшеттен бас көтермейтіні сонша — жұбайына жеткілікті уақыт пен көңіл бөлуден қалады.

    “Телефонға үңілем деп, күйеуімнің менімен көбірек сөйлескісі келген сәттерін жіберіп алған кездерім болмады емес, болды” (Юлисса).

  • Біреулер “мен бір уақытта электронды құрылғыны да пайдалана аламын, жарыммен де жақсылап әңгімелесе аламын” деп жатады. Әлеуметтанушы Шерри Тёрклдің айтуынша, бұлай “бір уақытта бірнеше істі істеу — жай аңыз”. Әрине, бұндай қабілет кереметтей көрінгенмен, шындығында, әлгі әлеуметтанушының сөзіне сай, “біз бір мезгілде бірнеше істі қатар істеуге тырысқан сайын, олардың сапасы нашарлай түседі” екенa.

    “Күйеуім менімен әңгімелесіп отырып, электронды құрылғымен басқа да істерді істейтін болса, әңгімеден қанағат алмаймын. Ондайда оған мен емес, электронды құрылғысы болса болды екен ғой деген ойда қаламын” (Сара).

Ойтүйін: Электронды құрылғылар некеңізді я нығайтады, я шайқалтады.

Не істеуге болады?

Маңызды нәрсені анықтаңыз. Құдай Сөзінде: “Ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіңдер”,— делінген (Філіпіліктерге 1:10). Былай деп ойланып көріңіз: “Жұбайым екеуміздің бір-бірімізге көңіл мен уақыт бөлетін кезімізді электронды құрылғыларға жұмсап жатқан жоқпыз ба?”

“Мейрамханада тамақтанып отырған ер мен әйелдің ұялы телефондарына шұқшиып отырғанын көргенде қарның ашады. Біз электронды құрылғының құлы болып, ең маңызды нәрсені, яғни бір-бірімізбен арақатынасымызды ұмыт қалдырғымыз келмейді” (Мэтью).

Шектеу қойыңыз. “Қалай әрекет ететіндеріңе мұқият ден қойыңдар, ақылсыз емес, дана болып, уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар”,— делінген Киелі жазбаларда (Ефестіктерге 5:15, 16). Өзіңізге мына сұрақты қойып көріңіз: “Келген хабарламаның бәрін келген бойда жанталасып оқи бермей, шұғыл еместерін кейіндеу оқып, жауап беруге арнайы уақыт бөлем бе?”

“Мен телефонымды дыбыссыз режимге қойып, кейін ыңғайлылау уақытта жауап берудің тиімді екенін көрдім. Әдетте шұғыл жауап беруді талап ететін қоңырау, хабарлама, электрондық хат кемде-кем болады” (Жонатан).

Мүмкін болса, жұмысты жұмыста қалдырыңыз. Киелі кітапта: “Әр нәрсенің өз уақыты бар”,— делінген (Уағыздаушы 3:1). Келесі сұрақтар жайлы ойланып көріңіз: “Жұмысым смартфон арқылы отбасы өміріме араласып жатқан жоқ па? Егер осылай болса, бұл некеме қалай әсер етіп жатыр? Өмірлік серігім бұған не дейді?”

“Электронды құрылғылардың арқасында қазір жұмысты кез келген уақытта, кез келген жерде істеуге болады. Жұмыспен байланысты мәселелерді шешпек боп телефонымды үнемі тексере бермеуім үшін маған ерекше күш салу керек болды” (Мэтью).

Жарыңызбен бірге талқылаңыз. Құдай Сөзінде: “Әркім өзінің емес, өзгенің игілігін ойласын”,— деп жазылған (Қорынттықтарға 1-хат 10:24). Жұбайыңызбен бірге отырып, электронды құрылғыларды қалай пайдаланатындарыңызды, қажет болса, қандай өзгерістер жасауға болатынын талқылаңыздар. Бұл орайда осы мақаладағы “Пайдалы кеңестерге” жүгінсеңіздер болады.

“Зайыбым екеуміз бір-бірімізбен өте шыншылмыз. Сондықтан біреуіміз ұялы телефонды я планшетті тым көп қолданып жатсақ, мұны ашық айтамыз. Бұның арты насырға шабуы мүмкін екенін білгендіктен, бір-біріміздің пікірімізге мұқият ден қоямыз” (Даниэлла).

Ойтүйін: Электронды құрылғы сізге қожайын емес, қызметші болсын.

Ерлі-зайыптылардың ой-пікірі

Триста мен Джорджел.

“Күніміз қалай өткенін әңгіме ететін кешкі уақытта екі көзімізді телефоннан алмай отырсақ, кешіміздің берекесі кетеді. Өмірде онсызда уақытыңды алатын тірліктер көп, сондықтан жарымызға бөлетін алтын уақытымызды электронды құрылғыларға сарп еткеніміз жөн болмас еді” (Триста, күйеуі Джорджел).

Жонатан мен Кэтлин.

“Өмірлік серігіңіз — барынша көңіл бөлгеніңізге лайық жан. Тексеру керек хабарламалар, электронды хаттар, қандай да бір жаңалықтар қашанда болады. Бірақ көп жағдайда олар күте тұра алады. Сіз көлік жүргізіп бара жатқанда хабарлама жазу қауіпті екенін білгендіктен бұлай істемейсіз ғой. Ендеше, неге электронды құрылғыны да некеге зияны тимейтіндей етіп қолданбасқа?!” (Жонатан, әйелі Кэтлин).

Пайдалы кеңес

Алдымен, төмендегі сұрақтарды әрқайсысыңыз жеке-жеке қарастырыңыз. Сосын, жауаптарыңызды бірге талқылаңыздар.

  • Электронды құрылғыны пайдаланғаныңыз некеңізді (егер бар болса) қай жағынан жақсартты?

  • Жарыңыздың электронды құрылғыны қалай қолданғаны отбасыңызда қандай да бір қиындықтар тудырды ма? Тудырса, қандай?

  • Жарыңыз сіздің электронды құрылғыны қалай пайдаланғаныңыз некеде қиындықтар тудырып жатыр деп айтар ма еді? Айтса, қандай қиындықтар?

  • Сіздің үнемі байланыста болып, хабарлама алып, оған жауап беріп тұруыңызға қандай да бір себептер бар ма? Бар болса, бұл некеңізге нұқсан келтірмеу үшін не істесеңіз болады?

  • Электронды құрылғыны пайдалануға қатысты өзіңіз де, жұбайыңыз да қандай өзгерістер жасағыңыз келер еді?

Қайталау: Электронды құрылғыға ессіз үңілмеңіз

Маңызды нәрсені анықтаңыз. Ең маңыздысы — некеңіз екенін ұмытпаңыз.

Шектеу қойыңыз. Келген хабарламаны келген бойда жанталасып оқи бермей, бұған арнайы уақыт бөле аласыз ба?”

Мүмкін болса, жұмысты жұмыста қалдырыңыз. Кез келген уақытта байланыста бола аламын дегеніңіз міндетті түрде солай істеуіңіз керек дегенді білдіре ме?

Жарыңызбен бірге талқылаңыз. Электронды құрылғыны қалай пайдаланғандарыңыз қарым-қатынастарыңызға әсер ете ме? Қажет болса, қандай өзгерістер жасай аласыздар?

a “Reclaiming Conversation—The Power of Talk in a Digital Age” кітабынан.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу