Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwhf 3-мақала
  • Махаббат алауы сөнбесін

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Махаббат алауы сөнбесін
  • Отбасыңыз берекелі болсын
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мұны білген жөн
  • Сіз не істей аласыз?
  • Бір-біріңе аяулы сезімдеріңді білдіріңдер
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неке бақытты болу үшін: Нәзік сезімдер таныту
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Бауырластарыңызды туған бауырдай жақсы көріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
Отбасыңыз берекелі болсын
ijwhf 3-мақала
Күйеуі әйелін құшақтап жатыр

ОТБАСЫҢЫЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН

Махаббат алауы сөнбесін

Кейбір ерлі-зайыптылардың жылдар өткен сайын бір-біріне сезім білдіруі сирей түседі. Осындай жағдай сіздің де некеңізде орын алып жатса, бұған бейжай қарау керек пе?

  • Мұны білген жөн

  • Сіз не істей аласыз?

Мұны білген жөн

Махаббат — берік некенің арқауы. Ас-су тәнге қуат беріп, саулығын нығайтатыны сияқты, махаббат сезімін үнемі білдіріп отыру некені нығайтып, баянды етеді. Ондаған жылдар өтсе де, ерлі-зайыптылар бір-біріне терең сүйіспеншілігін білдіріп, бір-бірін аялап, қамқорлап отыруы тиіс.

Шынайы махаббат өзімшіл емес. Мұндай махаббат иесі қасындағы адамының бақытын ойлайды. Ол сезімдерін тулай қалған сәтте ғана білдірмейді. Шын сүйетін адам өз жарына нәзік сезімдерді қай кезде көрсету қажет екенін түсінеді, әрі сол қажеттілігін қанағаттандыруға талпынады.

Ерлерге қарағанда әйел заты махаббатқа көбірек мұқтаж. Күйеуі өзінің қосағын қатты жақсы көріп, бірақ оған деген сезімін тек күннің басында не аяғында, я болмаса жыныстық қатынастың алдында ғана білдіретін болса, әйелі оның шын сүйетініне шүбәланып қалуы мүмкін. Сол себептен махаббат сезімін күн сайын жиі-жиі білдіріп отырған дұрыс.

Сіз не істей аласыз?

Махаббатыңызды сөзбен білдіріңіз. “Мен сені жақсы көремін”, “Сен мен үшін қымбатсың” деген қарапайым сөздердің өзі жан жарыңыздың жүрегін елжіретіп жіберуі мүмкін.

Киелі кітап қағидасы: “Адамның жүрегі неге толы болса, аузы соны айтар” (Матай 12:34).

Кеңес. Жылы сөздерді ауызбен айтып қана қоймай, жазып та жүріңіз. Мысалы, хаттар не хабарламалар арқылы.

Махаббатыңызды іспен көрсетіңіз. Құшақтау, сүю не жай ғана қолынан ұстау “Мен сені жақсы көремін” деген сөздеріңіздің шын жүректен шығып жүргенін көрсетеді. Жылы жанармен қарау, сипап қою, ара-тұра сыйлық жасау арқылы да махаббатыңызды білдірсеңіз болады. Әйеліңіздің сөмкелерін көтерісіңіз, есік ашып беріңіз, ыдыс-аяқ жуу, кір жуу, тамақ пісіру сияқты істерде де қолғабыс етіңіз. Көп әйелдер үшін мұның бәрі — жай ғана көмек емес, махаббаттың көрінісі!

Киелі кітап қағидасы: “Бір-бірімізді сөз жүзінде не ауызбен ғана емес, іс жүзінде әрі шын жүректен сүйейік” (Жоханның 1-хаты 3:18).

Кеңес. Кездесіп жүрген кезде жарыңызды қалай аялаған болсаңыз, қазір де дәл солай етіңіз.

Жарыңызға уақыт бөліңіз. Оңаша қалып, жұбайыңызға уақыт бөлгеніңіз некелеріңізді берік етеді. Осылай етсеңіз, жарыңызбен бірге болу сізге ұнайтынын көрсетесіз. Әрине, балаларыңыз болса немесе шешу керек мәселелер көп болса, бір-біріңізге жеке көңіл бөлу қиын болатын шығар. Ондай жағдайда қандай да бір қарапайым нәрселерді тек жарыңызбен ғана істеуді, мысалы бірге серуендеп тұруды, жоспарлап көріңіз.

Киелі кітап қағидасы: “Ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіңдер” (Філіпіліктерге 1:10).

Кеңес. Жұмыстары бастан асып жатқан кейбір ерлі-зайыптылар жүйелі түрде бір кешті не бір демалысты бір-біріне арнап, бірге уақыт өткізуді шешіп жатады.

Күйеуі әйелімен дәмханада кешкі ас ішіп отыр

Жұбайыңыздың нені қалайтынын біліп алыңыз. Әр адамның махаббатқа деген қажеттілігі әртүрлі. Жұбайыңызбен сөйлесіп, сезімдеріңізді қалай білдіргеніңізді қалайтынын және тағы қандай қалаулары бар екенін сұрап көріңіз. Сосын соларды орындауға барынша тырысыңыз. Махаббат берік некенің арқауы екенін ұмытпаңыз.

Киелі кітап қағидасы: “Сүйіспеншілік... өзімшіл емес” (Қорынттықтарға 1-хат 13:4, 5).

Кеңес. Жұбайыңыздан көп нәрсе талап ете бермей, былай деп ойланып көріңіз: “Жұбайым маған махаббатын көбірек білдіру үшін өз тарапымнан не істей аламын?”

Дуглас пен Дебра

“Уақыт өте мен өзімнің қажеттіліктерім мен қалауларыма қадалып қалмауды үйрендім. Оның орнына, күйеуімнің отбасымыз үшін істеп келгендерін көбірек бағалайтынымды көрсететін болдым. Байқағаным, мен сезімдерімді оған қаншалықты көбірек білдірсем, ол да маған соншалықты көбірек білдіреді екен” (Дебра, күйеуі Дуглас).

Арон мен Флавия

“Күйеуім екеуміз бір-біріміздің қалауымыз жайлы ойлауға тырысамыз. Мысалы, көмектескені үшін күйеуіме ризашылық білдірсем, ол сондай риза болып қалады. Осыдан өзін бағалайтынымды көреді. Ал ол менің хал-жағдайымды сұраса, мәз болып қаламын. Осыдан оның мені бағалайтынын көремін” (Флавия, күйеуі Арон).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу